Жастық макулалы бүлінуінің құрғақ нысаны бар емделушілерді консервативтік емдеу тиімділігін бағалау

doi: 10.17116/oftalma2015131281-88

М.А. КОВАЛЕВСКАЯ1, С.О. МИЛЮТКИНА1, 2

1 Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Н.Н. Бурденко атындағы Воронеж мемлекеттік медициналық академиясы» ЖЖБ МББМ офтальмология кафедрасы, Студенческая к-сі, 10, Воронеж, Ресей Федерациясы, 394002; «№7 Воронеж мемлекеттік емханасы» ВО БДМ, Писателя Маршака к-сі, 1, Воронеж, Ресей Федерациясы, 394000

Мақсаты — Амслер (3D-CTAG) 3D-компьютерлік тестісінің мәліметтері бойынша жастық макулалы бүлінуінің құрғақ нысанына шалдыққан науқастардың кертартпа емдеу тиімділігіне талдау жүргізу. Материал мен әдістер. Зерттеуде ЖМД құрғақ нысанына шалдыққан 90 емделуші (180 көз) (әрбеуінде 30 адамы бар үш топ) күніне 2 рет 1 таблеткадан Витрум Вижн Форте (1-ші топ), күніне 2 рет 1 таблеткадан Витрум Вижн Форте және күніне 2 рет 1 капсуладан Витрум Кардио Омега-3 (2-ші топ) және тауринді (стандартты емдеу) күніне 2 рет 1 таблеткадан (0,25 г) (3-ші топ, бақылау) препараттарын қабылдады. Емдеуден соң және кейін барлық емделушілерге қосымша тест жүргізді (3D-CTAG). Көру өрісінің ақаулар саны (АС) және көру өрісін жоғалту көлемінің көру белесіне қатынасы (ЖККБ) өлшемшарт болды. Нәтижелер. 3 ай терапиядан кейін АС 1-ші топта 0,33±0,02 бастап 0,22±0,01 дейін (p<0,01), 2-ші топта 0,33±0,02 бастап 0,2±0,01 дейін (p<0,01), ЖККБ — 1-ші топта 693 000-нан (град2∙%) 0,32±0,02 бастап 0,15±0,01% дейін (p<0,01) және 2-ші топта 693 000-нан (град2∙%) 0,32±0,03 бастап 0,15±0,01% дейін (p<0,01) азайды. Бақылау тобында АС 0,32±0,02 бастап 0,37±0,02 дейін, ЖККБ 693 000-нан (град2∙%) 0,35±0,24 бастап 0,49±0,03% дейін артты, p<0,01. Қорытынды. Витрум Вижн Форте және Витрум Кардио Омега-3 үйлесімінің көз торының макулалы аймағының атқарымды күйіне оң әсері Витрум Вижн Форте монотерапиясымен салыстырмалы. Ең үлкен әсер аздаған зағиптығы бар емделушілерде алынды: ЖККБ 693 000-нан (град2∙%) <1,5%.

Басты сөздер: жастық макулалы дегенерация, 3D-CTAG, Витрум Вижн Форте, Витрум Кардио Омега-3.

Efficacy of conservative treatment in patients with dry form of age-related macular degeneration

M.A. KOVALEVSKAYA1, S.O. MILYUTKINA1, 2

1Voronezh State Medical Academy named after N.N. Burdenko, 10 Studencheskaya St., Voronezh, Russian Federation, 394000; 2Voronezh

State Polyclinic No. 7, 1 Pisatelya Marshaka St., Voronezh, Russian Federation, 394000

Aim — to evaluate the efficacy of conservative treatment in dry AMD patients by means of 3D computer-automated threshold Amsler grid testing (3D-CTAG; Fink & Sadun, 2004). Material and methods. The study included 90 patients (180 eyes) with dry AMD divided into three groups. Group 1 (n=30) was prescribed Vitrum Vision forte, 1 tablet b.i.d., group 2 (n=30) — Vitrum Vision forte, 1 tablet b.i.d. and Vitrum Cardio Omega-3, 1 capsule b.i.d. Group 3 (n=30), the controls, received Taurine 250 mg, 1 tablet b.i.d. Besides standard ophthalmic examination, all patients underwent 3D-CTAG before and after the treatment. The number of defects per eye (ND) and volume lost relative to the hill-of-vision (VLRH) were chosen as evaluation criteria. Results. After 3 months of treatment ND decreased from 0.33±0.02 to 0.22±0.01 in group 1 (p<0.01) and from 0.33±0.02 to 0.2±0.01 in group 2 (p<0.01); VLRH decreased from 0.32±0.02% to 0.15±0.01% out of 693,000 [deg2%] in group 1 (p<0.01) and from 0.32±0.03% to 0.15±0.01% out of 693,000 [deg2%] in group 2 (p<0.01). In the controls both indices increased: ND from 0.32±0.02 to 0.37±0.02 and VLRH from 0.35±0.24% to 0.49±0.03% out of 693,000 [deg2%] (p<0.01). Conclusion. The positive effect of Vitrum Vision forte in combination with Vitrum Cardio Omega-3 on macular function is comparable to that of monotherapy with Vitrum Vision forte. The maximum effect was achieved in patients with small scotomas (VLRH <1.5% out of 693,000 [deg2%]).

Keywords: age-related macular degeneration, 3D Computer-Automated Threshold Amsler Grid Test (3D-CTAG), Vitrum Vision forte, Vitrum Cardio Omega-3.

Жастық макулалы дегенерациясы (ЖМД) мәселесінің өзектілігі егде жастағы тұлғалар санының артуымен және патология жиілігімен анықталады: Ресейде ЖМД сырқаттанушылығы 1000 тұрғынға шаққанда, 15 жағдайды құрады [1], АҚШ-нда ЖМД-ға шалдыққан 2,07 млн науқас бар [2]. Емдеу әдісін таңдау үшін сырқат кезеңін анықтау маңызды. Қазіргі таңда ЖМД бірыңғай жіктемесі жоқ, алайда

© М.А. Ковалевская, С.О. Милюткина, 2015

авторлардың барлығы ЖМД құрғақ және ылғалды нысанын бөледі [3—6]. ЖМД көп факторлы сырқаттарға жатады [5, 7, 8], олардың патогенезінде фоторецепторлар мембраналарының көп қанықпаған майлы қышқылдарының (КҚМҚ) оксидативті зақымдануы маңызды рөлге ие

Хат-хабар үшін: Софья Олеговна Милюткина — Н.Н. Бурденко ат. ВММА офтальмология каф. асп., емхананың офтальмолог дәрігері

  1. ail: M-Sonya@yandex.ru

 [9—11]. Көз торының еркін радикалдардан табиғи қорғалуын лютеин мен зеаксантин қамтамасыз етеді. Жүргізілген клиникалық сынаулар (AREDS в 1992—2001 гг. [5], LUNA [12],

AREDS 2 [13]) ЖМД туындау және күшеюінде каротиноидтар – лютеин (10—12 мг), зеаксантин (1—2 мг), С және Е дәрумендері, мырыш (10—20 мг) және селен (40 мг) оксиді әрекеттерінің тиімділігін растайды. Алайда, Омега-3 КҚМҚ қосымша пайдалану ЖМД соңғы сатысының туындау қаупін азайтқан жоқ [13]. NAT 2 мәліметтері бойынша Омега-3 КҚМҚ бай қоспалар — докозагексаен қышқылының 840 мг (ДГҚ), эйко- запентаен қышқылының 270 мг (ЭПҚ) — ЖМД туындау қаупінің 68%-ға төмендеуіне көмектесті [14].

Витрум Вижн Форте көз торының дистрофиясын емдеу және алдын алуға арналған дәрілік зат болып табылады [15—17]. Препараттың 1 таблеткасының құрамында 6 мг лютеин, 0,5 мг зеаксантин, 25 мкг селен, 60 мг қаражидек сығындысы, 5 мг мырыш (мырыш оксиді), А (бетакаротен) — 1,5 мг, B2 (ри- бофлавин) —1,2 мг, C (аскорбин қышқылы) —

60 мг, E дәрумендері бар (альфа-токоферол ацетаты) — 10 мг, рутозид (рутин)— 25 мг. Витрум Кардио Омега-3 препараты — бұл таптырмайтын Омега-3 КҚМҚ кешені: ЭПҚ (300 мг) және Е дәрумені бар (D-α- токоферол, 2 мг) ДГҚ (200 мг). Витрум Кардио Омега-3 жоғары қауіпсіздікке ие және науқастар оны жақсы көтереді [18].

Алдында жүргізілген зерттеулерде ЖМД құрғақ нысаны кезіндегі функционалды өзгерістер визометрия [5, 12—17], компьютерлік статикалық периметрия [5, 14—17] және электроретинография [15, 17] нәтижелері бойынша бағаланды. Амслера (3D-Computer Threshold Amsler Grid Test, 3D-CTAG) 3D-компьютерлік шекті тестісінің мәліметі бойынша көрудің орталық өрісі ақаулары құрылымының және контрастық сезімталдығы бұзылуының қызықтылығы аз емес [19—21].

Зерттеу мақсаты — 3D-CTAG негізінде ЖМД құрғақ нысанына шалдыққан емделушілерді кертартпа емдеу тиімділігіне талдау жүргізу.

Материал мен әдістер

Біздің зерттеуімізде ЖМД құрғақ нысанына шалдыққан 90 емделуші (180 көз) (әрбеуінде 30 адамы бар үш топ) күніне 2 рет 1 таблеткадан Витрум Вижн Форте (1-ші топ), күніне 2 рет 1 таблеткадан Витрум Вижн Форте және күніне 2 рет 1 капсуладан Витрум Кардио Омега-3 (2-ші топ) және тауринді (стандартты емдеу) күніне 2 рет 1 таблеткадан (0,25 г) (3-ші топ, бақылау) препараттарын қабылдады. 1-ші топқа 26 (86,67%) әйел және 4 (13,33%) ер адам, 2-ші топқа — 25 (83,33%) әйел және 5 (16,67%) адам, 3-ші топқа — 25 (83,33%) әйел және 5 (16,67%) ер адам кірді. 1-ші топтағы емделушілердің орташа жасы 68,9±6,91 жылды, 2-ші топтағы — 66,37±8,87 жылды, 3-ші топтағы— 68,5±6,29 жылды құрады.

ЖМД құрғақ нысаны, 75 жасқа дейінгі жас, 0,1-ден жоғары көздің көргіштігі қосу  өлшемшарттары ретінде, көздің оптикалық ортасы мөлдірлігінің клиникалық маңызды бұзушылықтары, көз бен оның өсінділерінің қабынба аурулары, глаукома және офтальмогипертензия, соңғы 3 ай ішіндегі хирургиялық және и лазерлік офтальмологиялық оталар жою өлшемшарттары ретінде таңдалды.

Байқау және емдеу уақыты 3 айды құрады. Барлық емделушілерге аметропияның оңтайлы түзетілуі бар визометрияны, биомикроскопияны, тонометрияны, периметрияны, тікелей және тікелей емес офтальмоскопияны және қосымша түрде — Амслер және 3D-CTAG классикалық тестісін қамтитын стандартты офтальмологиялық тексеру жүргізілді. Соңғысын орындау үшін 60° бұрыштық айыруы бар iPad 3 (9,8′) планшеті қолданылды («Apple, Inc.», АҚШ). Зерттеу қараңғы бөлмеде өтті. Емделуші жақындыққа арналған қажетті түзетілуімен, экраннан 30 см қашықтықта орналасты. Зерттелмейтін көз жапқышпен жабылды. Нөлдік контрастық деңгей калибрлеу көмегімен анықталды: емделуші ұсынылған кірес белгілерінің арасынан аса бозғылтын таңдады. Кейін бағдарлама  Амслер торын көрсетті (ақ аядағы қара тор). Емделуші саусағымен немесе арнайы қаламсаппен тікелей сенсорлық экранда орталық аймақтағы ақауларды белгіледі. Осындай шара сұр межеліктің түрлі деңгейлерінде (контрастық сезімталдық деңгейлерінде) қайталанды. Нәтижелер компьютерлік бағдарламамен автоматты түрде көрсетіліп отырды.

3D-CTAG өлшемшарттарының арасында — ақаулар саны, нөлдік контрастық деңгей, көру өрісін жоғалту көлемінің (КӨЖК) абсолютті көлемі, (град2∙%); жоғалту көлемінің көру белесіне қатынасы (ЖККБ), 693 000-нан бастап (град2∙%) %; қорытынды жоғалған аудан, % (ең жоғары контрастық деңгейде зағиптық ауданының зағиптықтың іс жүзіндегі тереңдігіне көбейтілген төменгі деңгейдегі зағиптық ауданына қатынасымен анықталды).

Нәтижелер

3 айдан кейін жүргізілген кертартпа емнің аясында көз көргіштігінің жақсаруын 1-ші топтағы  (96,67%), сондай-ақ, 2-ші топтағы (93,33%) 28 емделуші байқады, көз алдындағы қалқымалы шіркейлер» 2-ші топтағы  2 (6,67%) емделушіде жоғалды, көз алдында дақтардың барын сезіну 1-ші топтағы, сондай-ақ, 2-ші топтағы 4 емделушіден 2-нде (13,33%) азайды, бақылау тобында шағымдар баяғыдай қалды және 4 (13,33%) науқас көрудің төмендегенін байқады.

Сыртартқыда қосалқы сырқаттар арасында гипертониялық сырқат басым болды: 1-ші топта 28 (93,33%) емделушіде, 2-ші топта — 26-нда (86,67%), 3-ші топта — 27 (90%) емделушіде. Гипертониялық сырқат мыналармен үйлестірілді:

  • 1, 2 және 3-ші топтарда жүректің ишемиялық ауруы бар емделушінің сәйкесінше 7-нде (23,33%), 8 (26,67%) мен 9-нда (30%); 
  • 1, 2 және 3-ші топтарда созымалы панкреатиты бар емделушінің сәйкесінше 3-нде (10%), 4 (13,33%) мен 3-нде (10%);
  • 1-ші және 2-ші топтағы тыныс демікпесі бар 1 емделушіден (3,33%);
  • 1-ші және 2-ші топтағы қант диабеті бар 1 емделушіден (3,33%). Емделушілердің барлығынан 4-нде (13,33%) қосалқы патология болған жоқ.

Жүргізілген емдеудің 3 айынан соң 1-ші (0,54±0,01 бастап 0,58±0,01 дейін, p<0,01) және 2-ші топтағы емделушілерде (0,51±0,01 бастап 0,58±0,01 дейін, p<0,01)  шынайы жоғарылады және бақылау тобында төмендеді (с 0,46±0,01 до 0,45±0,01, p>0,05). Амслер тестін орындаған кезде емделушілер әр топтағы 4 көзде (6,67%) көз алдында қара дақтың барын, 1-ші топта  6 (10%) көзде, 2-ші топта 7 (11,67%) көзде және 3-ші топта 7 (11,67%) көзде сызықтардың бұрмалануын байқады. 3 айдан соң 1-ші топта 4 (6,67%) көзде және 2-ші топта 5 (1,08%) көзде сызықтардың бұрмалануы азайды, көз алдында дағы бар емделушілерде серпін болған жоқ.

3D-CTAG мәліметі бойынша (кестені қараңыз) 1-ші баруда орталық ақаулар әрбір топтағы 16 (26,67%) көзде анықталды. 3 ай терапиядан соң, көру өрісінің ақаулар саны байқалды: 1-ші топта 0,33±0,02 бастап 0,22±0,01 дейін және 2-ші топта 0,33±0,02 бастап 0,15±0,01 дейін (p<0,01). Бақылау тобында ақаулар саны  0,32±0,02 бастап 0,37±0,02 (p>0,05) дейін артты. Контрастылықтың бұзылуы нөлдік контрастық деңгей (минимал айырмалы) мәнімен анықталды: 1-ші топта 2-ден бастап 63%-ға дейін, 2-ші топта 3-тен бастап 26%-ға дейін және 3-ші топта 4-тен бастап 46%-ға дейін. Бұл ретте нөлдік контрастық деңгей және көз көргіштігі мәнінің арасында теріс корреляциялық тәуелділік байқалды (r=–0,49). Кертартпа ем алып жатқан емделушілерде контрастық сезімталдықтың жоғарылауы байқалды: 1-ші топта 12±0,4 бастап 9±0,3% (p>0,05) дейін және 2-ші топта 12±0,2 бастап 10±0,2% дейін (p>0,05), бақылау тобында контрастылық байқалған жоқ. (Көзбен сұр межеліктің контрастылық пайызы аз болған сайын контрастық сезімталдық артады).

Зағиптық өлшемдерін зерттеген кезде терапияның 1 айынан соң КӨЖК 736±379 бастап 447±291 дейін (град 2∙%) және ЖККБ тек 2-ші топта 693 000-нан 0,32±0,03 бастап 0,19±0,01% дейін (град2∙%) шынайы азаюы анықталды (p<0,05). 3 айдан кейін ем алған емделушілердің барлығында 1-ші мәрте барғанға қарағанда, КӨЖК және ЖККБ шынайы болды: 1-ші топта — сәйкесінше 730±289 бастап 340±227 дейін (град2∙%) 693 000-нан 0,32±0,02 бастап 0,15±0,01% дейін (град2∙%), 2-ші топта — сәйкесінше 736±379 бастап 342±232 (град2∙%) дейін және 693 000-нан 0,32±0,03 бастап 0,15±0,01% дейін (град2∙%). Бақылау тобындағы емделушілерде зағиптық мөлшерінің шынайы артуы байқалды: КӨЖК — 644±303 бастап 937±434 дейін (град2∙%), ЖККБ 693 000-нан 0,35±0,24 бастап 0,49±0,03% дейін (град2∙%) (кестені қараңыз). Ақаулардың көбі барлық контрастық деңгейлерде анықталған жоқ, қорытынды жоғалған аудан едәуір түрленді (2,72 бастап 261% дейін).

Аздаған зағиптығы бар емделушілерде (ЖККБ <1,5% от 693 000-нан бастап (град2∙%) консервативтік терапия аса тиімді болды (1-сурет): 1-ші топта 5 (8,33%) көзде және 2-ші топта 6 (10%) көзде жоғалды. Үлкен зағиптық кезінде (ЖККБ >1,5% 693 000-нан бастап (град2∙%) 1-ші топтағы 4 (6,67%) көзде және 2-ші топтағы 2 (3,33%) көзде емдеу барысында көлемі өзгерген жоқ (2-сурет).

3D-CTAG көрсеткіштерінің серпіні 

3D-CTAG параметрі1-ші мәрте бару2-ші мәрте бару3-ші мәрте бару
1-ші топ (Витрум Вижн Форте)
Ақаулар саны, M±m0,33±0,020,25±0,01*0,22±0,01*
Нөлдік контрастық деңгей, %12±0,410±0,39±0,3
КӨЖК, (град2∙%), M±m730±289656±368340±227*
ЖККБ, % 693 000-нан бастап (град2∙%)0,32±0,020,27±0,020,15±0,01*
2-ші топ (Витрум Вижн Форте + Витрум Кардио Омега-3)
Ақаулар саны, M±m0,33±0,020,27±0,01*0,2±0,01*
Нөлдік контрастық деңгей, %12±0,212±0,210±0,2
КӨЖК, (град2∙%), M±m736±379447±291*342±232*
ЖККБ, % 693 000-нан бастап (град2∙%)0,32±0,030,19±0,01*0,15±0,01*
3-ші топ (бақылау)
Ақаулар саны, M±m0,32±0,020,33±0,010,37±0,02
Нөлдік контрастық деңгей, %15±0,315±0,415±0,3
КӨЖК, (град2∙%), M±m644±303740±352937±434*
ЖККБ, % 693 000-нан бастап (град2∙%)0,35±0,240,39±0,030,49±0,03*

Ескертпе. * — 1-ші мәрте барумен салыстырғандағы айырмашылықтар маңызды, p<0,01.

1-сурет. 3D-CTAG хаттамасында ЖМЖ құрғақ нысаны кезіндегі аздаған зағиптық (Х и Y өстері — сәйкесінше көлденең және тігінен көру өрісі, Z өсі — Амслер торының контрасты, %).

а — Амслер торының контрастық деңгейлерінде көру өрісінің жоғалған бөліктері; б — көру өрісінің шегінде контрастық сезімталдықтың көлемді рафикалық бейнеленуі.

Биомикроскопия кезінде 1-ші мәрте баруда мыналар анықталды: 1-ші және 3-ші топтарда емделушінің 7-нде (23,33%) және 2-ші топта емделушінің 6-нда (20%) 1 ұпаймен бағаланатын жастың ағуы, 1-ші топтағы емделушілерде және 2-ші және 3-ші топтағы емделушілерде емделушінің 3-нде (10%) 1 ұпаймен бағаланатын конъюнктива гиперемиясы.  3-ші мәрте барған кезде көрсеткіштердің

барлығы көздердің барлығында 0 ұпаймен бағаланды. Көзқарақтың бастапқы дағы емделушілердің 1-ші тобында  51 (85%) көзде және 2-ші топтағы 46 (76,67%) көзде; факосклероз — 1-ші топтағы 2 көзде (3,33%) және 2-ші мен 3-ші топтардағы  4 (6,67%) көзде; артифакия — 1-ші топтағы 1 (1,67%) көзде, 2-ші топтағы 3 (5%) көзде және 3-ші топтағы 4 (6,67%) көзде байқалды.

2-сурет. 3D-CTAG хаттамасында ЖМЖ құрғақ нысаны кезіндегі үлкен зағиптық (Х и Y өстері — сәйкесінше көлденең және тігінен көру өрісі, Z өсі — Амслер торының контрасты, %).

а — Амслер торының контрастық деңгейлерінде көру өрісінің жоғалған бөліктері; б — көру өрісінің шегінде контрастық сезімталдықтың көлемді графикалық бейнеленуі.

Офтальмоскопия нәтижелері бойынша науқастар тобының әрқайсысында 55 (91,67%) көзде ұсақ және орташа друзалар, пигменттік эпителийдің ошақты деструкциясы, үш топтың әрқайсысында 5 (8,33%) көзде ірі друзалар, орталық шұңқырға тимейтін, пигменттік эпителийдің аралас деструкциясы анықталды, яғни, зерттелетін топтар морфологиялық көрсеткіштері бойынша 

ұқсас болды. 3 ай бақылау ішінде 1-ші және 2-ші топтарда көз түбі жағдайының серпіні болған жоқ, бақылау тобында 4 (6,67%) көзде  орташа друзалардың бірігуі 3D-CTAG мәліметі бойынша бар зағиптықтың жаңаларының пайда болуымен және артуымен ілесті. Зерттеу барысында препаратқа жағымсыз әсерлер анықталған жоқ. Емделушілердің катамнезін зерттеген кезде антиоксиданттарды және КҚМҚ қабылдауды тоқтатпаған 12 науқаста 6 айдан соң жаңа зағиптықтың пайда болмау және зағиптық көлемі бұрынғы шегінде қалу фактісі өзіне назар аударады. Жарты жыл ішінде ем алмаған 8 емделушіде зағиптық көлемі артты, бұл ЖМД құрғақ нысаны бар науқастардың қосымша антиоксиданттарды әрдайым алу қажет екендігін болжауға мүмкіндік береді және ұзақ үзілістерге жол берілмейді (6 ай және одан ұзақ).

Қорытынды

Аталған зерттеудің алынған нәтижелері Ви- трум Вижн Форте және Витрум Кардио Омега-3-ті кешенді қабылдау  Витрум Вижн Форте терапиясына ұқсас, ЖМД құрғақ нысаны бар емделушілердегі көз торының макулалы аймағының қызметіне оң әсер ететіндігін растайды.

Бұл көз көргіштігінің тұрақтандырылуымен және бақылау тобындағы тексерілген емделушілермен салыстырғанда, 1-ші және 2-ші топтардағы науқастарда орталық зағиптық саны мен көлемінің азаюымен білінеді.

Кертартпа емдеу тиімділігінің сырқат кезеңіне тәуелділігі – аздаған зағиптығы бар емделушілерде 3D-CTAG көрсеткіштерінің айқын оң серпіні анықталды: ұсақ және орташа друзалар сәйкес келген ЖККБ <693 000-нан бастап 1,5% (град2∙%).

3D-CTAG орталық көру өрісінң астарлы талдауы мен контрастық сезімталдықтың өзгеруі есебінен Амслердің классикалық тестісі мен визометрияға қарағанда, макуланың атқарымды күйінің серпінін бағалаудың аса сезімтал әдісі болып табылатындығына сенуге болады.

Зағиптық көлемінің шынайы азаюы үйлестірілген терапияның 1 айынан соң байқалғандықтан, Витрум Вижн Форте мен Витрум Кардио Омега-3-ті кешенді қабылдауды жүрек-қантамыр асқынуларының жоғарғы қаупі бар емделушілерде ЖМД емдеу үшін ұсынған жөн.

Авторлардың қатысуы:

Зерттеу тұжырымдамасы мен әрленімі: С.М., «Unifarm, Inc.», М.К фирмасының медициналық кеңесшісі.

Материалдарды жинақтау және өңдеу: М.К., С.М. 

Деректерді статистикалық өңдеу: М.К., С.М. Мәтінді жазған: М.К., С.М. Түзеткен: М.К.

Мүдделер қақтығысы жоқ.

ӘДЕБИЕТ

  1. Астахов Ю.С., Лисочкина А.Б., Шадричев Ф.Е. Возрастная макуляр- ная дегенерация: клинические рекомендации. В кн.: Офтальмология. Под ред. Мошетовой Л.К., Нестерова А.П., Егорова Е.А. М.: ГЭО- ТАР-Медиа; 2006.
  2. National Eye Institute. Age-Related Macular Degeneration (AMD). Avail- able at: http://www.nei.nih.gov/eyedata/amd. Accessed March 27, 2015.
  3. Bird AC, Bressler NM, Bressler SB, Chisholm IH, Coscas G, Davis MD, de Jong PT, Klaver CC, Klein BE, Klein R, Mitchell P, Sarks JP, Sarks SH, Soubrane G, Taylor HR, Vingerling JR. The international ARM Epidemio- logical study group. Аn international classification and grading system for age-related maculopathy and age-related macular degeneration. Surv Ophthalmol. 1995;39(5):367-374.
  4. Кацнельсон Л.А., Лысенко В.С., Балишанская Т.И. Клинический ат- лас патологии глазного дна. 3-е изд. М.: ГЭОТАР-МЕД; 2004.
  5. A randomized, placebo-controlled, clinical trial of high-dose supplementa- tion with vitamins C and E, betacarotene, and zinc for age-related macular degeneration and vision loss: AREDS report no. 8. In: The age-related eye disease study research group. Arch Ophthalmol. 2001;119(10):1417-1436.
  6. Балашевич Л.И., Измайлов А.С., Улитина А.Ю. Модифицированная клиническая классификация возрастной макулярной дегенерации. Офтальмологические ведомости. 2011;4(4):41-47.
  7. San Giovanni JP, Chew EY, Agron E, Clemons TE, Ferris FL, Gensler G, Lindblad AS, Milton RC, Seddon JM, Klein R, Sperduto RD. Age-Related Eye Disease Study Research Group. The relationship of dietary omega-3 long-chain polyunsaturated fatty acid intake with incident age-related macular degeneration: AREDS report no. 23. Arch Ophthalmol.

2008;126(9):1274-1279.

  1. Егоров Е.А., Романенко И.А. Возрастная макулярная дегенерация. Вопросы патогенеза, диагностики и лечения. KOFT, Заболевания за- днего отрезка глаза. РМЖ. Клиническая офтальмология. 2009;1:42-44.
  2. Querques G, Forte R, Souied EH. Retina and Omega-3. J Nutr Metab. 2011;2011. ArticleID748361.

doi:10.1155/2011/748361.

  1. Киселева Т.Н. Полиненасыщенные жирные кислоты омега-3: роль в патогенезе заболеваний глаз и перспективы применения в офтальмо- логии. Вестник офтальмологии. 2010;6:58-62.
  2. Zarbin MA. Pathogenesis of Age-Related Macular Degeneration. In: Ban- dello F, Querques G., eds. Medical Retina. ESASO Course Series. Basel: Karger: 2012;1:125-133.

doi:10.1159/000336763.

  1. Trieschmann M, Beatty S, Nolan JM, Hense HW, Heimes B, Austermann U, Fobker M, Pauleikhoff D. Changes in macular pigment optical density and serum concentrations of its constituent carotenoids following supple- mental lutein and zeaxanthin: The LUNA study. Exp Eye Res. 2007;84(4):718-728.
  2. Lutein + zeaxanthin and omega-3 fatty acids for age-related macular de- generation: the Age-Related Eye Disease Study 2 (AREDS2) randomized clinical trial. JAMA. 2013;309(19):2005-2015.
  3. Merle B, Benlian P, Puch N, Bassols A, Delcourt C, Souied EH.; Nutri- tional AMD Treatment 2 Study Group Circulating omega-3 fatty acids and

neovascular age-related macular degeneration. Invest Ophthalmol Vis Sci.

2014;55(3):2010-2019.

doi:10.1167/iovs. 14-13916.

  1. Сарыгина О.И., Зайцева О.В. Анализ клинической эффективности препарата «Витрум Вижн» при синдроме «усталого глаза» и возраст- ной макулярной дегенерации. Вестник офтальмологии. 2005;121(5):43-46.
  2. Федорищева Л.Е., Александрова Н.Н., Сумарокова Е.С., Губарева Н.Н., Нугаева Н.Р., Земскова Т.М. Витрум Вижн Форте в лечении дистрофических поражений сетчатой оболочки: XII Всероссийск. школа офтальмол.: Сб. науч. тр. М.: Офтальмология; 2013:292-295.
  3. Егоров Е.А., Алексеев В.Н. Результаты исследования эффективности и безопасности препарата Витрум Вижн Форте у пациентов с воз- растной макулярной дегенерацией. РМЖ. Клиническая офтальмоло- гия. 2014;1:1-5.
  4. Кухарчук В.В., Сумароков А.Б., Каминный А.И., Бурячковская Л.И., Учитель И.А., Широкова Т.Е., Мазур Н.А. Клеточные и биохимиче- ские предпосылки применения Омега-3 ПНЖК для профилактики и лечения ИБС. РМЖ. Человек и лекарство. 2007;4:290-296.
  5. Fink W, Sadun A. 3D Computer-automated Threshold Amsler Grid Test. J Biomed Opt Jan. 2004;9(1):149-153.
  6. Nazemi PP, Fink W, Lim JI, Sadun AA. Scotomas of age-related macular degeneration detected and characterized by means of a novel three-dimen- sional computer-automated visual field test. Retina. 2005;25:446-453.
  7. Robison CD, Jivrajka RV, Bababeygy SR, Fink W, Sadun AA, Sebag J. Dis- tinguishing wet from dry age-related macular degeneration using three-di- mensional computer-automated threshold Amsler grid testing. Br J Oph- thalmol. 2011;95:1419-1423.

2015 жылғы 21 қаңтарда келіп түсті