Жасөспірім жастағы пародонт ауруларын кешенді емдеуде иммунокорректорларды қолдану

Вестник АГИУВ №2, 2012

И.И.Виноградова, А.А. Абжаканова, Ж.Т. Исабеков

Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты

УДК 616.31;617.52-089

Пародонт аурулары стоматологияда диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын үнемі енгізуге қарамастан, стандартты емес тиімді шешімдерді іздестіру, өзінің өзектілігін жоғалтпайтын маңызды медициналық-әлеуметтік проблема болып табылады. Біздің елімізде жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша, пародонт ауруларының таралуы 70-86% құрайды, қабыну сипатындағы үдерістер басым екенініне назар аудару керек.

Пародонттың қабыну-деструктивті зақымдануын дамытудың заманауи тұжырымдамасы үш маңызды компоненттен тұрады: бактериялық патоген, сезімтал организм және қалыпты микрофлораның ақаулары. Биопленканың бактериялық флорасы пародонт ұлпаларында қабыну реакциясын тудыратын маңызды фактор болып табылатыны анық, бірақ оның белсенділігі иммунитет тапшылығы және ауыз қуысы биоценозының бұзылуы кезінде орын алады. Сондықтан, кешенді емдеуге биологиялық белсенді микронутриенттер – витаминдер, макро-микроэлементтер, иммуномодуляциялаушы әсері бар дәрілік өсімдіктердің экстрактілерін енгізу орынды болып табылады.

Зерттелетін жас санаты үшін арнайы әзірленген және халықаралық фармацевтикалық нарықта өзін жақсы көрсеткен витамин-минералды кешендердің бірі “Vitrum Junior” / Unipharm Inc., USA/, А, С, Е дәрумендері кешені, сондай – ақ В тобының витаминдері және 11 микроэлементтер, қалқанша безінің функциясын реттейтін йод, мырыш сияқты маңызды компоненттерді қоса алғанда – ДНҚ мен РНҚ синтезіне ықпал ететін және тіндердің, темірдің, кальций мен магний регенерациясын күшейтетін күшті антиоксидант, әсіресе жыныстық жетілу кезеңінде қажетті, қалыпты өсуі мен ағзаның дамуы үшін қажетті биотин – Н витамині және басқалар.

Зерттеудің мақсаты

«Vitrum Junior» дәруменді – минералды кешенінің пародонт ауруларын емдеуде терапиялық әсерінің тиімділігін зерттеу болып табылады

Зерттеу материалдары мен әдістері осы емделуде 13 жастан 16 жасқа дейінгі 37 пациент болған, диагнозы: созылмалы катаральды гингивит (19), созылмалы гипертрофиялық гингивит (14), жеңіл дәрежедегі созылмалы пародонтит (4).

50% жағдайда фондық патологияның болуы, негізінен асқазан-ішек жолдарының аурулары байқалды.

Атап айтқанда, 11 емделушіде созылмалы гастрит және гастродуоденит, 2 – созылмалы холецистит, 3 жағдайда – тыныс алу мүшелерінің аурулары – созылмалы тонзиллит (2) және созылмалы бронхит (1), тұрмыстық химия заттарына аллергия емдеуде жатқан 2 жасөспірімде байқалды.

Жасөспірімдерде пародонт ауруларын емдеуде «Vitrum Junior» витамин-минералды кешенін зерттеу препаратты кешенді терапияға қосқан кезде оң клиникалық және зертханалық нәтижелерді көрсетті.

The investigation of vitamin-mineral complex «Vitrum Junior» for the treatment of periodontal pathologу by teenagers demonstrated a positive clinical and laboratorу results bу inclusion of this medicine in a complex treatment.

Аталған жумыстын максаты минералды-витаминді жиынын «Vitrum Junior» тиімділігін анықтау, қасында жастарың пародонт аурулары. Зерттеу қорытындысында оң клиникалық эсері көрсетті.

Пациенттерге келесі критерийлер бойынша тексеру жүргізілді: Грин-Вермиллион бойынша гигиена индексі, РМА, Шиллера-Писарев сынамасы, пародонтальды қалталардың тереңдігін анықтау, Кулаженко сынамасы, R-графия, қанның жалпы талдауы, организмнің спецификалық емес резистенттігін бағалаудың иммунологиялық әдісі – эпителиалды жасушалармен микроорганизмдердің адсорбция реакциясы (МАР).

Тексеру кезінде қабыну (33) және қабыну-деструктивтік процестің (4) болуы анықталды.

Барлық емделушілерге ауыз қуысын антисептикалық өңдеуден және Sol.Chlorhexуdini bigluconati 0,06% пародонтальды қалталарынан,бастапқы кезеңде «Пародиум» гелінің аппликациясы, кейіннен шырғанақ майы мен А және Е витаминдерінің майлы ерітінділерін қосудан тұратын дәстүрлі базалық ем тағайындалған.

Кешенді емдеу бағдарламасында көрсеткіштер бойынша: иектің үсті мен астындағы тіс бөлінулерін алып тастау, тіс жегісін және оның асқынуларын емдеу, ортодонтикалық емдеу, сондай-ақ гигиеналық оқыту және тәрбиелеу, диетаны түзету, тар мамандардың кеңестері жүргізілді.

20 адамнан тұратын тәжірибелі топ дәстүрлі емге қосымша «Vitrum Junior» витамин – минералды кешенін тәулігіне 1 шайнайтын таблеткадан екі ай бойы, пародонт тіндерінің жағдайына әсерін зерттеу мақсатында алды.

Нәтижелер және оларды талқылау

Емдеу динамикасында тәжірибелік топта мынадай нәтижелер байқалды: ем басталғаннан кейін 2-3 күнде емделушілерде бастапқы тексеру кезінде байқалатын гиперемия құбылыстары мен қызыл иектің ісінуі азайды, кейін процесті тұрақтандыра отырып, тіс ұшының түзілуі және зондтау кезінде қан кету қысқарды, бұл қызыл иек тамырлары мен маргиналды иектің тығыздауында, пародонтальды қалталардан экссудацияның біртіндеп жоғалуында, клиникалық, функционалдық және зертханалық көрсеткіштердің қалыпқа келу үрдістері байқалды. 

Тәжірибелік топта емдеу іс-шаралары бақылау тобына қарағанда 6-7 күн болды, онда тұрақты клиникалық нәтижеге жету үшін 8-9 күн қажет болды. Емдеу курсы аяқталғаннан кейін барлық емделушілерге 2 айдан кейін алдын алу процедуралары, қайта тексеру және Клиникалық-зертханалық зерттеу ұсынылды. 

Журнал Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты 71

Витамин-минералды кешенді қабылдаған топта пародонт тіндерінің жай-күйінің тұрақты жақсаруы ғана емес, ағзаның жалпы жағдайы, психологиялық мәртебесі, көңіл-күйдің және назарының артуы тіркелді. Атап айтқанда, ОНІ-S гигиеналық индексі тәжірибелік топта 2,5 + 0,23 – тен 0,5+ 0,19 – ға дейін және бақылау тобында 2,3 + 0,45-тен 0,65 + 0,06-ға дейін өзгерді, бұл ауыз қуысының гигиеналық жай-күйін жақсы деңгейге дейін қалыпқа келтірудің оңтайлы критерийлері бойынша сәйкес келеді. РМА индексі орташа дәрежедегі гингивиттің бастапқы деректерін тәжірибелік – 34,25 + 2,11, сондай – ақ бақылау тобында-32,0 + 1,28, емнің аяқталуына оң динамикасымен тиісінше 4,4 + 0,38 және 6,35 + 0,22 дейін көрсетті.

Капиллярлардың тұрақтылығының жағдайы тәжірибелік топта гематоманың түзілу уақытының 23,5 + 1,2-ден 50,0 + 2,95-ке дейін және бақылау топтарында 21,0 + 2,18-ден 43,65 + 2,7-ке дейін ұлғаюымен Кулаженко сынамасын көрсетеді..

Қанның зертханалық талдауы лимфоцитоз деңгейінің тәжірибелік топта 27,0 + 2,35 дейін және бақылау тобында 32,55 + 2,0 төмендегенін көрсетті,бұл иммундық статустың нормалануын, ағзаның қорғаныш күштерін ынталандыруды көрсетеді. Микроорганизмдердің адсорбция реакциясы (МАР) тәжірибелік 71±1,28% – ға дейін спецификалық емес резистенттілік деңгейінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті, бұл ағзаның жақсы функционалдық жағдайына және бақылау тобында 49,7±0,45% – ға сәйкес келеді, қанағаттанарлық деңгейді сипаттайды (№ 1 – кесте).

Жалпы, витаминді-минералды кешенді алмаған бақылау тобында жүргізілген терапия динамикасында көрсетілген клиникалық және зертханалық нәтижелерді талдау қосымша амбулаториялық ем жүргізуді талап етті.

Осылайша, жүргізілген зерттеуді қорытындылай келе, «Vitrum Junior» өзінің теңдестірілген құрамының арқасында ағзаға биологиялық белсенді микронутриенттердің маңызды кешенін жеткізе отырып, иммунды ынталандыратын әсер көрсететін жоғары тиімді препарат болып табылады және науқастардың иммундық реактивтілігін түзетуге, созылмалы процесс жағдайында ремиссияны қолдауға және алдын алу іс – шараларына, әсіресе жасөспірімдер кезеңінде өзекті профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы терапия схемаларында қолдану үшін ұсынылады.

№1 – кесте. Пародонт патологиясы бар емделушілерде ағзаның тән емес резистенттілігінің жай-күйі

Науқастар ТобыНауқастар саныМАР(+) МАР(-)%

Емге дейінгі тәжірибелі топ

МАР ˃70% 25МАР 30-69% 45МАР ˂ 30% 30
Емдеуден кейін20МАР ˃70% 90МАР 30-69% 10МАР ˂30% –

Емге дейінгі бақылау тобы

МАР ˃70% 32МАР 30-69% 42МАР ˂30% 26
Емдеуден кейін17МАР ˃70% 45МАР 30-69% 50МАР ˂30% 5

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Курякина Н.Ф., Кутепова Н.А. Заболевания пародонта, Н.Новгород, 2003 – 250 с.
  2. Зазулевская Л.Я., «Практическая пародонтология» Алматы: Верена, 2006- 348с.
  3. Тутельян В.А. Питание и здоровье: биологически активные добавки к пище – ст. 2-го межд. симп. – М. 1996- с 164-166
  4. Гичев Ю.П., Гичев Ю.Ю. Руководство по микронутриелогии

– Москва, 2006 – 260 стр.

  1. Окнин В.Ю., «Проблема утомления, стресса и хронической усталости» РМЖ Т12 №5, 2004.