Балаларға арналған витаминдер.

Бала иммунитеті: жаттықтыру керек пе немесе сақтау қажет пе?

Сәби өздігінен өмір сүруге енді ғана алғашқы қадам жасады және балабақшаға бара бастады, алайда уақытының көп бөлігін үйде – ауырумен өткізеді. Мектеп оқушысы да тұмаудан бас көтермейді. Қалалық балалардың көптеген ата-аналары үшін балалардың тұмауға жиі ұшырайтыны әдеттегі іс болып қалды, бұған қоса, сырқаттар созылмалы сипатқа ие. Балалар тұмаудың бірінші толқынынан соңына дейін сауығып үлгермей, 1-2 аптадан соң жөтел мен мұрынбоқ түріндегі жаңа белгілер басталады. Осындай кішкентай емделушілер педиатр кабинетінің жиі келермендері атанып, ал ата-аналар сырқаттық парақшаны алып, жұмысты босатуға мәжбүр болады.. 

Алайда, ешкім де өз баласын үйден шықпай, планшет үстінде қолтық астындағы қызуөлшегішпен жүдеген күйінде көргісі келмейді. Баланың иммунитетін қалай нығайту қажет? Балабақша мен мектепке бейімделу табысты өтіп, ата-аналар мен балаларға ауырсыну мен түңілу сезімдерін әкелмеуі үшін не істеу қажет? 

Негізгі себептердің бірі баланың иммундық жүйесінің туа біткен қабілетінің өмірінің табиғи шарттарының құбылмалылығына бейімделуге әлсіздігі болып табылады. Яғни, ата-аналар өмір сүрудің тым ыңғайлы, тіпті «жылыжай» шарттарын құруы бала иммунитетінің әлсізденуіне әкеп соғатындығын түсінулері қажет. Мысалға алсақ, үйдегі тым жылы температура, баланы жылы киімге орау, тек жылы су, бұлыңғыр және желді ауа-райында серуендерден қашқақтау. Бұның бәрі сіз баланы инкубаторда өсіргенмен бірдей болады.

Сонымен қатар, баланы емдеу әдістеріне көз жазбай көңіл бөлу қажет, өйткені, жиі ауыратын балалар ата-анадарының дәрілік эксперименттеріне арналған алаң болып қалады. «Иммунитет үдеткіштері» деп аталатын күшті антибиотиктер қолданыла бастайды. Дегенмен, олар өз кезегінде қорғаныс тосқауылын, ағзаның өткерген жұқпаға жауабын басады және қайталануына мүмкіндік бере отыра, жалпы жұқпаға қарсы келуін төмендетеді. Сондықтан да оларды қатаң түрде дәрігердің кеңесі бойынша қолдану қажет.

Сөзсіз, баланың психоэмоциялық күйіне де көңіл аудару керек. Ол толыққанды демалуға үлгередіме, үйірмелермен және қосымша секциялармен тым жүктелген жоқ па? Жолда қанша уақытын өткереді? Үй атмосферасында барлығы дұрыс па? Себебі, жиі күйзелістер мен дене жүктемелері де ағзаға әсер етіп, иммунитеттегі іркіліс себептері болып қалады.  

Иммунитет әлсіздігінің тағы бір себебі рационда дәрумендердің жетіспеуі болуы мүмкін. Қазіргі таңда балалар ата-аналарының қолы бос болмауына және тәттілер мен өзге зиянды өнімдерді шығаратын компаниялардың маркетингтік айласына байланысты, аса дұрыс тамақтанбайды. Мысалы, бала ұн өнімдерін, тәттілерді сүйсіне жейді, бірақ та көкөністерден, сүт өнімдерінен бас тартады. Ағзадағы дәрумен-минералдық баланс бұзылады.

Жақсы иммунитет рецепті

Енді біз баланың әлсіз жерлерінің себебін түсіндік, бізге вирус пен тұмауға қарсы шабуылды қимылды жасау оңай болады.

Біріншіден, бала үшін жылыжай шарттарын жасауға және шамадан тыс қамқорлық танытуыңызды тоқтатыңыз. Бала уақытының көбін далада серуенде, қоршаған әлемді танып-білу және көрші балалармен ойнау үстінде өткізсін. Осылайша сіз оған тек физикалық жағынан емес, сондай-ақ, әлеуметті түрде бейімделуіне көмектесіз. 

Жұқпаның өршу кезеңінде педиатрлар егер де температура 38 градустан жоғарыласа (құрысу шамасының қаупі бар жағдайларды ескермегенде) қызуды төмендететін препараттарды ұсынатынын есіңізде сақтаңыз. Өйткені, қызу көтерілу мүмкіндігінен айырылған ағза вирустармен және бактериялармен солғын режимде күреседі.

Әрине, рационалды күн тәртібі мен тамақтанудың алуандығы туралы қам жеу маңызырақ. Жиі тұмаулар кезінде бала тағамдағы құрамымен өтелмейтін, ағзасындағы көптеген дәрумендер мен минералды заттарды жұмсайды. Осы себеп бойынша жиі ауыратын балалардың сауықтануындағы маңызды қадам дәруменмен емдеу болып табылады, оны өткізген кезде балаларға арналған дәрумен-минералдық кешендерді пайдалану жөн деп саналады.

Дәрумендік препараттарды таңдау кезінде дәрігеріңіздің пікіріне құлақ салыңыз. Таңдалған кешен балаңыздың жасына сәйкес келуі қажет. Сондай-ақ, құрамына назар аударыңыз – ол максималды түрде теңдестіріліп, барлық маңызды дәрумендерді, макро- және микроэлеменеттерді қамтуы тиіс. Сіз таңдаған кешенде зиянды «Е»-лер – синтетикалық бояғыштардың, консерванттардың, тұрақтандырғыштардың жоқтығы мінсіз болар еді – өйткені, дәл осылар аллергияға және басқа жанама әсерлерге себепші болады. Және әрине, брендтің медициналық дәлелдермен бекітілген, нарықтағы оң имиджінің болуы мінсіз.

Барлық осы талаптарға Витрум® Кидс Плюс (3-7 жас аралығындағы балаларға арналған) және Витрум® Юниор Плюс (7- 14 жас аралығындағы балаларға арналған) дәрумен-минералдық кешендері сәйкес келеді. Витрум® Кидс Плюс және Витрум® Юниор Плюстағы дәрумен мен минералдардың дозалануы балалардың жас қажеттіліктерін ескерумен таңдалған. Витрум® Кидс Плюс иммунды жүйені нығайтып, баланың балабақшаға тезірек бейімделуіне көмектеседі. Витрум® Юниор Кидс мектеп оқушыларының шынығуына көмектеседі, зейін қою мен есті жоғарылатады, жүктемелер мен жаттығулар кезінде төзімділікті күшейтеді. 

Витрум® Плюс балалар кешендерінің құрамында зиянды бояғыштар, тәттілендіргіштер және консерванттар жоқ. Аллергиясы мен қант диабеті бар балаларды қоса есептегенде, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникалық зерттеулермен расталған. Витрум® Кидс Плюс және Витрум® Юниор Плюс АҚШ-та сапаны жапониялық бақылаумен жасалады. Балалар мен жеткіншектерге арналған Витрум® Плюс дәрумендер кешені шайнайтын таблеткалар түрінде шығарылады, олардың дәмі ұнамды және сүйікті балаларымыздың жалпы дамуы үшін пайдалы.

Витрум® Кидс Плюсті қолдану жөніндегі нұсқаулар: 3-7 жас аралығындағы балаларға күніне шайналатын 1 таблеткадан, тағамға қосып қабылдау қажет. Қабылдау ұзақтығы 2-3 апта. Қажет болса, бір айдан кейін қабылдауды қайталауға болады.. Қарсы көрсетімдері: өнімнің құрамбөліктерін жеке көтере алмау, көмірсу алмасуының бұзылуы. Қолдану алдында педиатр- дәрігермен кеңесу қажет. Қалқанша бездің аурулары бар балаларға эндокринолог-дәрігермен кеңесу қажет.
Витрум® Юниор Плюсті қолдану жөніндегі нұсқаулар: 7-14 жас аралығындағы балаларға күніне шайналатын 1 таблеткадан, тағамға қосып қабылдау қажет. Қабылдау ұзақтығы 2-3 апта. Қажет болса, бір айдан кейін қабылдауды қайталауға болады. Қарсы көрсетімдері: өнімнің құрамбөліктерін жеке көтере алмау, көмірсу алмасуының бұзылуы. Қолдану алдында педиатр- дәрігермен кеңесу қажет. Қалқанша бездің аурулары бар балаларға эндокринолог-дәрігермен кеңесу қажет.