Жүкті әйелдерге арналған дәрумендер

Жүкті болу, бала көтеру және бала туу – бұл әрбір ананың үлкен еңбегі мен ерлігі. Және бұл баласы жоқ жұптар статистикасы және ЭКҰ орталықтарының айрықша танымалдылығының айналасында жай ғана сөздер емес. Бүгін әйелдің дені сау баланы көтеруі мен тууына нашар экология, зиянды әдеттер, кемел жас, күйзелістер мен дұрыс тамақтанбау секілді көптеген сыртқы қоздырғыштар әсер етеді.. 

Соңғысына назар аударған жөн, өйткені, бала нәресте қалпында да дені сау ағзада өсіп, дамуы қажет. Егер де Сіз жүкті болған соң, дұрыс тамақтануды бастаймын деп ойласаңыз,бұл ағат пікір. Өз-өзіңді жүктілік пен бала тууға алдын ала дайындау қажет. Және сізге жүктілікті жоспарлаған дәрумендер көмектеседі.

Ең алдымен өзіңіздің тамақтану рационыңызды зерделей бастаңыз. Ол дәрігерлердің кеңестеріне қаншалықты сәйкес келеді? Сіз дәрумендердің тәуліктік нормасын қолданасыз ба? Сіз балаға оның эмбрионнан толыққанды адамға дейін үйлесімді қалыптасуына барлық қажеттіні бере аласыз ба?

Жүктілік кезінде бір нутриенттің жетіспеуі мүшелерінің дұрыс дамымауына дейін балаға қатты зиян келтіруге қабілетті екендігі немесе ерте мерзімдерде нәрестенің қабылданбауына әкеп соғуы мүмкін екендігі құпия емес. Дәрумендердің жетіспеушілігінен болатын қорқынышты емес, алайда, сонымен бірге ең жағымсыз себептер қатты токсикоз бен әйелдің тұрақсыз эмоциялық күйі түрінде байқалуы мүмкін. 

Нені сөз етіп тұрғанымызды түсіну үшін сізге ең қажетті дәрумендердің қысқа тізімін келтіріп, олардың неменеге әсер ететінін айтып берейік:

– Фолий қышқылы. Неліктен бұл элемент барлық жүкті әйелдерге көрсетілген? Оның жетіспеуі кезінде нәрестедегі жүйке түтікшесінің кемістігі секілді проблемалар туындап, түсік тастау қаупі артады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жүкті әйелдер үшін күніне 400 мкг фолий қышқылын қабылдауды табанды түрде ұсынады.

– Жүкті әйелдерге арналған йод. Ол қалқанша безінің жұмысына жауап береді. Қалқанша безі нәрестеде жүктіліктің 4-5 аптасында қалыптаса бастайды, ал 12 аптада тиреоидты гормондарды жасап шығаруға қабілетті болады. Құрсақішілік өмір кезінде тиреоидты гормондар баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына әсер етеді және олардың жеткілікті екендігіне қарай, бас миының жұмысы және нәтижесінде болашақ сәбидің ақыл-парасаты байланысты болады. Йодтың жетіспеушілігі қисынды қорытындыда сәбидегі психомоторлық және ақыл кемістіктеріне секілді қауіпті салдарға әкеп соғады. Осы сырқаттардың алдын алу үшін ДДҰ жүкті және бала емізетін балаларға 150 мкг йодты күн сайын қабылдауын ұсынады.

– Жүкті әйелдерге арналған темір. Аналардағы теміртапшылықты анемияның алдын алу үшін темірдің тәуліктік дозалануы 30-60 мг болуы тиіс. 

– Жүкті әйелдерге арналған А дәрумені. Сәбидің жақсы көруі және ана мен баланың мықты иммунитеті үшін қажет. А майда еритін дәруменнің артық дозалануы кезінде артық дозалану мен жүктілік кезіндегі асқынулар қаупі болуына орай, осы дәруменнің бір бөлігі бета-каротин секілді одан да оңай сіңірілетін суда еритін нысандағы кешенде болуы оңтайлы.

– Жүкті әйелдерге арналған кальций және Д3 дәрумені. Сәбидің сүйек жүйесінің дұрыс қалыптасуы, рахиттан қорғану үшін қажет.

– Жүкті әйелдерге арналған мырыш. Мырыш жетіспеген кезде үлкен ықтималдылықпен жетілмеген және салмағы аз балалар туады, алуан мүшелер мен жүйелердің даму кемістіктері қалыптасады. Ал ананың терінің қалпына келуі және шаштың өсу үдерістері зардап шегеді, иммунитет төмендейді.

– Жүкті әйелдерге арналған В тобының дәрумендері. В тобының суда еритін дәрумендерінің үлкен тобы (В₁, B₂, B₅, B6, B₁₂дәрумендері) ана мен бала ағзасы арасындағы алмасу үдерістеріне әсер етеді, қоректік заттардың толыққанды сіңірілуіне және болашақ нәрестенің мүшелері мен жүйелерінің жұрыс дамуына көмектеседі.

– Жүкті әйелдерге арналған С және Е дәрумендері. Екі ағзаның вирустар мен бактериялардан иммунды қорғануына қажетті. Онымен қоса, мықты антиоксиданттар бола тұра, жүктілік кезінде преэклампсия, мерзімінен бұрын босану, нәрестенің дамуының кідірісі секілді асқынулар қаупін төмендетеді.

Сөз жоқ, жүкті әйелдер үшін әрбір дәруменді бөлек қабылдау – орындалмас міндет, сондықтан да құрамында жоғарыда аталған барлық нутриенттері бар және дозалануы мен дұрыс сіңірілуі үшін қосымша элементтерді ескеретін дәрумендер мен минералдардың бір кешенін табу қажет. Мысалға алсақ, йодпен жиынтықта йодтың синергистері болуы тиіс – бұл йодтың қалқанша безіне тасымалдануына және дұрыс сіңірілуіне көмектесетін заттар. Бұл селен, мырыш, темір, мыс, А және В топтарының дәрумендері. Екінші мысал – темірдің жоғары дозалары аналардағы іш қатудың үлкен себебі болуы мүмкін, сондықтан да темірдің оңтайлы құрамы бар кешенді таңдау өте маңызды.

Сондай-ақ, жүкті әйелдерге арналған дәрумендердің осы пайдалы кешенінде басқа барлығына қоса, бояғыштары, консерванттары мен өзге зиянды қоспалары болмауы керектігін түсінген маңызды. Жүкті әйелдің осы барлық параметрлеріне келетін мінсіз дәрумендерді табу – табу мүмкін болып көрінсе де, оңай емес. Нарықта осы шарттардың барлығын ескеретін, 25 жылдық тарихы бар, ВИТРУМ® ПРЕНАТАЛ ПЛЮС кешенін жасаған Витрум Плюс бренді бар. ВИТРУМ® ПРЕНАТАЛ ПЛЮСтің 1 таблеткасында жүктіліктің барлық кезеңдерінде, сондай-ақ, лактация кезеңінде ананың ең маңызды қоректік заттарға тәуліктік қажеттілігін өтейтін 13 дәрумен және 8 минерал бар. ВИТРУМ® ПРЕНАТАЛ ПЛЮС Америкада жапондық инспекторат сапасының сергек бақылауымен өндіріледі.

Рекомендации по применению: ВИТРУМ ПРЕНАТАЛ ПЛЮСТЫ қолдану жөніндегі нұсқаулар: жүкті және бала емізетін әйелдерге күніне 1 таблеткадан, тағамға қосып қабылдау қажет. Қарсы көрсетімдері: өнімнің құрамдас бөліктерін жеке көтере алмау. Қолдану алдында дәрігермен кеңесу қажет. Қалқанша бездің ауруларына шалдыққан әйелдерге эндокринолог-дәрігермен кеңесу қажет.

ББҚ. ДӘРІЛІК ЗАТ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСУ ҚАЖЕТ..