Тәуекелі жоғары жүктілік кезінде антиоксиданттардың рөлі

И.В.Бахарева

 Мәскеу, Ресей Денсаулық министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университеті МББМ ЖЖБ

Түйіндеме

Мақалада оксидативті күйзеліс пен оның жүктілік асқынуларының: мерзімінен бұрын босанудың, ұрықты қабықшаның мерзімінен бұрын жарылуының, преэклампсияның, бала жолдасы жеткіліксіздігінің, нәрестенің өсу кідірісі синдромының, нәрестенің туа біткен даму кемістіктерінің пайда болуындағы рөлі баяндалған. Акушерлік патологияның және ұрық пен сәбидегі асқынулардың алдын алуда антиоксиданттардың рөліне ерекше назар аударылған. Ананың, ұрық пен сәбидің қауіпсіз және тиімді антиоксидантты қорғанысы үшін үйлестірілген дәрумен-минералдық кешендердегі дәрумен мен басқа да микронутриенттер әсерінің синергизмін ескере отыра, антиоксиданттарды прегравидарлық дайындық кезеңінде, жүктілік пен лактация кезінде пайдалану қажет.

Негізгі сөздер: оксидативті күйзеліс, жүктілік, мерзімінен бұрын босану, преэклампсия, антиоксиданттар, антиоксидантты терапия.

Summary

The role of antioxidants in high risk pregnancy

I.V.Bakhareva

The article describes the current understanding of the oxidative stress and its influence on the development of pregnancy complications: premature labor, preterm premature rupture of the membranes, preeclampsia, placental insufficiency, intrauterine growth restriction, congenital malformations. Particular attention is paid to the role of antioxidants in prophylaxis of pregnancy disorders and of a number of diseases in neonates. Vitamins and micronutrients supplementation may help restore balance to the oxidative pathways. The development of safe and efficient antioxidant strategies to prevent o minimize oxidative damage before and during pregnancy and during lactation are required.

Key words: oxidative stress, pregnancy, premature labor, preeclampsia, antioxidants, anti-oxidative therapy.

Автор туралы мәлімет

Ирина Викторовна Бахарева мед. ғылымдар дры, Н.И.Пирогов атындағы РҰЗМУ МББМ ЖЖБ емдеу факультетінің №1 акушерия және гинекология каф. проф. E-mail: iribakhareva@yandex.ru

Қазіргі уақытта жүктіліктің көптеген асқынуларының және нәрестелік кезеңінің патогенезінде ағзада антиоксидантты қорғаныс жүйесінің прооксиданттары мен құрамдастары арасындағы теңгерімнің бұзылуымен білінетін, жалпы патологиялық әсер – оксидативті (тотықтырғыш) күйзеліске жетекші рөл бөлінеді [3, 5, 8, 27, 36]. Жүктілік оксидативті күйзеліспен күресу үшін антиоксиданттарға қосымша қажеттілікпен ілеседі [2, 8, 28], бұл ретте оксидативті күйзелістің еркін радикалдарының және басқа молекулалардың әрекеті ана мен өсіп келе жатқан нәрестенің антиоксидантты буферлік қабілеттілігінен асуы мүмкін, бұл жасушалардың зақымдануымен және апоптозбен ілеседі. Бұл механизм жүктіліктің мерзімінен бұрын босану, ұрықты қабықшаның мерзімінен бұрын жарылуы, преэклампсия, бала жолдасының жеткіліксіздігі, нәрестенің өсу кідірісінің синдромы (НӨКС), нәрестенің туа біткен даму кемістіктері, теміртапшылықты анемия секілді асқынуларына әкеп соғады [2, 11, 27, 28]. Оксидативті күйзеліс нәрестелік кезеңнің бірқатар асқынуларының пайда болуының этиопатогенетикалық факторларының бірі болып табылады (бронх-өкпелік дисплазия, шала туғандардың ретинопатиясы, некрозды энтероколит, қарынша ішіне қан құйылу, перивентрикулярлы лейкомаляция), себебі, жаңадан туған, әсіресе, шала туған сәбилерде еркін радикалдардың әрекетіне антиоксидантты қорғаныстың жеткілікті түрде дамыған механизмдер жоқ [2, 6, 16, 21, 34].

Оттегі (ОБН) мен азоттың (АБН) белсенді нысандары протеиндердің, липидтер мен ДНҚ-ң жасушаға уытты зақымдауларын тудыруы мүмкін, ал осы жанама әсерлердің теңгерімі үшін ферментативтік және ферментативтік емес антиоксиданттар қажет (суретті қараңыз). ОБН да, сондай-ақ, АБН да жұпталмаған электроны бар және сондықтан да төтенше тұрақсыз [3, 5,   8, 28]. Еркін радикалдар электронның флавин элементтермен тасымалдануына, биомембраналардың липидтер құрамының жаңаруына, митохондрияларда, митогенезде тотықтырғыш фосфорлауға, жүйке импульсінің өткізілуіне және басқасына қатысады. Еркін радикалдардың шамадан тыс мөлшері нуклеин қышқылдарын, липидтерді, протеиндер мен көмірсутегіні тотықтыру әдісімен қантамырлар мен мүшенің көптеген жүйелерінің эндотелий жасушаларын зақымдайды, бұл осы жасушалардағы ДНҚ табиғисыздануына әкеп соғады [3, 5, 8, 28]. Жүктілік кезінде еркін радикалдар бала жолдасының қалыпты өсуін бұзуы мүмкін, бұл жүктіліктің тоқтатылуына, өлі тууға, хромосомалық ауытқуларға әкеп соғады [23, 27, 37, 46, 50].

  Аса зор қызығушылыққа және биологиялық маңыздылыққа ие еркін радикалдар АБН-на жатады [3, 5, 8, 34, 37]. Физиологиялық жағдайларда жасуша тұтынатын барлық оттектің шамамен 95%-ы митохондрияларда тотықтырғыш фосфорлану үдерісі кезінде суға дейін митохондрияларда қалпына келуге жұмсалады. Оттектің қалған 5%-ы алуан ферментативтік реакциялар нәтижесінде липидті радикалдардың (қосымша радикалдар) түзілуімен, майлардың асқынтотығу үдерісін (МАҮ) іске қоса алатын АБН-на (алғашқы радикалдар) өзгереді. АБН дегеніміз – бұл тек супероксид-анион және гидроксилды ғана емес, сондай-ақ, молекулалы оттектің туындысы, тотықтырғыш радикалдарды қамтитын жинақтаушы ұғым (суретті қараңыз). АБН өнімі түрлі механизмдер бойынша өтеді: электрондардың митохондриядағы қалыпты тасымалдануы және майлы қышқылдар, простагландиндердің метаболизмі, ишемия-реперфузия, гипоксия, гипероксия, нейтрофилдер мен макрофагтардың белсенділігі (қабыну), эндотелий жасушаларының гипоксантин-ксантин оксидазды жүйесі (аденозинтрифосфат деградациясы) мен басқалары. [3, 8, 34]. Жүктілік кезіндегі АБН простагландин каскадын (простагландиндердің майлы, ең алдымен, арахидон қышқылынан синтезі) іске қосуы мүмкін, бұл босану қызметінің мерзімінен бұрын басталуына, жатыр мойынының ашылуына, бала 

жолдасындағы қан ағысының бұзылуына әкеп соғады, бұл мерзімінен бұрын босануға, преэклампсияға, бала жолдасының жеткіліксіздігі мен НӨКС-на әкеледі [11, 27, 37].

Күйзеліс механизмдері

Жүктілік кезіндегі оксидативті күйзеліс түрлі механизмдердің салдары болуы мүмкін:

  1. көмірсутектерді, нәруыздарды тотықтыру кезінде, сондай-ақ, триглицеридтердегі, фосфолипидтердегі және холестерин эфирлеріндегі майлы қышқылдардың аутотығуы нәтижесінде түзілетін реактивті оксиданттардың жоғарылатылған түзілуі;
  2. глутатион, глутатионпероксидаза, каталаза, супероксиддисмутаза, Е, С дәрумендері, α-жөке қышқылы және басқа антиоксиданттармен (таурин, каротин, несеп қышқылы, коэнзим Q10 және басқасы) келтірілген, ағзада антиоксидантты жүйе белсенділігінің төмендеуі;
  3. митохондриялы тотығу ферменттерінің, простагландин және лейкотриен алмасуының бұзылыстары;
  4. глутатион мен кейбір металл иондарының концентрациясының немесе алмасуының бұзылыстары;
  5. гендер көп пішінділігінің (P-450 – CYP1A1 цитохромының А1А гені), глутатион-S-трансферазасы (GSTM1) мен θ1 глутатион-S-трансферазасының (GSTT1) μ1 гендері) уытсыздандыру үдерісінің қарқындылығына әсері [23].

Онымен қоса, жүктіліктің бірқатар асқынулары кезінде байқалатын ишемия, тіндер гипоксиясы түрлі мүшелер мен тіндерде реактивті оксиданттардың аса жоғары түзілуіне септігін тигізетін қосымша факторлар болып табылады.

Простагландиндар мен оларды түзушілер – тромбоксан мен простациклиндердің ізашарлары МАҮ өнімдері болып табылады. Жасуша жарғақшаларында әрдайым өтетін пероксидация үдерістері олардың липидті құрамының жаңартылуына және ағзаның барлық дерлік ферментті жүйелері жатқызылатын, барлық липидке тәуелді жарғақшаларды байланыстыратын ферменттерінің сәйкес белсенділігін сақтауға көмектеседі. МАҮ осылайша ағзаның құрылымдық гомеостазын қолдауға арналған қажетті қатысушы болып табылады [3, 4, 8, 28].

Тромбоциттер агрегациясына және тромбтың түзілуіне көмектесе отыра, простациклинді тежейтін малон диальдегиді МАҮ соңғы өнімі болып табылады. Тамыр эндотелийлерінің микросомаларындағы простациклинсинтетазасының ерекше тежегіші ретінде липидтердің тотығы 15-гидроксиарахидон қышқылы қызмет етеді. Простациклин синтезі төмендеген сайын бір уақытта тромбоциттердің эндотелий жасушаларына жабысуына көмектесетін тромбоксандар синтезі арта түседі, бұл микроайналым арнасын және атероматоздық үдерісті бұзады. Асқынтотығуға күретамыр қабырғасының липидтері және фосфолипидтері ұшырайды, онда олар бөтен секілді макрофагтармен және басқа иммунокомпетентті жасушаларымен айырылып танылады, бұл гуморалдық иммунитет үдерістерін және ерекше аутоантиденелердің өңделуіне бастама болады [3, 4, 8].

Преэклампсиямен ауырлатылған жүктілік кезінде бала жолдасы мен қанда липидтердің асқынтотығының түзілуі, әсіресе, микроталшықтардың плазмалық жарғағында малон альдегиді концентрациясының және арахидон қышқылы құрамының бір уақытта жоғарылауы оксидативті күйзелістің маркерлері болып табылады [36, 46]. Тотықтырғыш күйзелістің ерекше маркері – изопростанның концентрациясы прэклампсиясы бар емделушілердің бала жолдасында жоғарылатылған [45]. Бала жолдасында және децидуалдық қабықта нәруыздардың карбонды топтарының, нәруыздардың АБН-жанама тотығу өнімдерінің құрамы осындай қалыпты жүктілік кезіндегімен салыстырғанда, преэклампсия кезінде антиоксидантты көлем төмен [46, 50]. Марганецті (Mn) және мысты/мырышты (Cu/Zn), супероксиддисмутазаны, каталазаны, глутатионды, глутатионпероксидазаны, глутатион-S-трансферазаны, тиол/дисульфидоксид-редуктазаны, сондай-ақ, С және Е дәрумендерін қоса есептегенде, барлық танымал ферментативті және ферментативті емес антиоксиданттар бала жолдасында бар [2, 8, 28, 50].

Тотықтырғыш радикалдар жоғары уытты гидрототықтарды (ROOH) және жаңа еркін радикалды түзе отыра, майлы қышқылдардың молкулаларымен қарым-қатынасқа түседі. Бұл үдеріс кейін қайтадан тотықтырғыш тізбектерді қалыптастыратын еркін радикалдар концентрациясының артуымен, көшкін тәрізді өтеді. Бұл әсерлер тек антиоксиданттармен әрекеттестікте үзіледі. МАҮ жылдамдығы мен антиоксидантты жүйесі (Е, С, В дәрумендері, супероксиддисмутаза, каталаза, глутатионтрансфераза, глутатионперокси- даза, глутатионредуктаза және басқасы) белсенділігінің арасындағы тепе-теңдік қалпында сақталады, бұл гомеостаздың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады [8, 23, 27].

Антиоксидантты терапия

Оксидативті күйзелістің теориялық негізі күмән тудырмайды, дегенмен де, клиникалық тәжірибеде антиоксидантты терапияның маңыздылығы жиі түрде күдікке ұшырайды, бұл негізінен антиоксиданттардың терапия тиімділігіне әсерінің нақты өлшемшарттарының жоқтығына байланысты.

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде әйелдің прегвидарлы дайындық кезеңінде толыққанды тамақтануы ана мен баласына нәтижелерін жақсартады, акушерлік және неонатальдық асқыулар жиілігін төмендетеді, алайда, заманауи жағдайларда көптеген антиоксиданттардың азық-түлік өнімдерімен келіп түсуін қамтамасыз ету мүмкін емес, себебі, көкөністер мен жемістер диетасындағы тапшылық 40–60%-ды құрайды [23, 27]. Эссенциалды дәрумендер мен микронутриенттердің жеткілікті түрде келіп түспеуі ана, сонымен қатар, нәресте үшін ауыр салдардың пайда болуымен, биологиялық бәсекелестікке әкеп соғуы мүмкін. Заманауи антиоксидантты терапия жүктілік асқынуларының, көбінесе, қаупі жоғары және акушерлік асқынулар топтарында алдын алу үшін түрлі препараттармен келтірілген (α-токоферол, С дәруменінің, селен,  α-жөке қышқылы препараттары және басқалары [7, 23, 28].

Табиғи антиоксиданттар

Азық-түлік өнімдеріндегі табиғи антиоксиданттар дәрумендердің көпшілік тобымен (С, Е, А дәрумендері мен басқалары), сондай-ақ, флавоноидтармен, микроэлементтермен (коантиоксиданттармен) және басқа қосылыстармен келтірілген. Темір (Fe), Zn, Cu, се- лен (Se), кобальт (Co), хром (Cr), молибден (Mo) және йод (I) секілді микронутриенттер өмірлік маңызды (эссенциалды) болып табылады, олар болмаған немесе жетіспеген кезде ағзаның өсу және даму үдерістері бұзылады. Эссенциалды микронутриенттер арасында аса айқын антиоксидантты ерекшеліктерге Se ие; бірнеше аз дәрежеде бұл ерекшеліктер басқа микроэлементтерде, соның ішінде, Сu, Zn және Mn айқын [7, 28].

Селен

Se, I секілді, топырақта бар. Оның топырақта жетіспеушілігі йодтың жетіспеушілігімен сипатталатын өңірлердің барлығында дерлік анықталады. Se көптеген қажетті қосылыстардың – селенопротеиндердің: глутатионпероксидазаның, Р-селенопротеиннің, тио- редоксинредуктазаның құрамдасы болып табылады; сонымен қатар, Se қалқанша безі гормондарының синтезіне қатысады. Глутатионпероксидаза антиоксидантты әсерінің негізгі ферменттерінің бірі болып табылады. Жүкті әйелдердің қан плазмасындағы Se жоғары деңгейі  және глутатионпероксидаза белсенділігі нәрестелердің салмағымен арақатынас орнатады, Se жоғары деңгейі кезінде мерзімінен бұрын босанудың, преэклампсияның, НӨКС жиілігі шынайы төмендейді [28, 41].

Мыс

Cu – метаболизмдік реакцияларға, ангиогенезге, оттектің тасымалдануына және каталазаны, супероксиддисмутаза мен цитохромоксидазаны қоса есептегенде, антиоксидантты қорғанысқа қатысатын бірқатар ферменттерге арналған эссенциалды қосымша фактор. Жүктілік ішінде плазмадағы  Cu деңгейі едәуір артады, шамамен 96% Cu церулоплазмином – нәруызбен және антиоксидантты ерекшеліктермен байланыста болады. Жүктілік кезіндегі Cu айқын тапшылығы жүктіліктің соңына дейін жетпеуімен, бала жолдасы жеткілісіздігінің, преэклампсияның пайда болуымен ілеседі [23, 28].

Мырыш

Zn көмірсутекті және нәруыздық алмасуға, нуклеин қышқылдарының синтезіне, эмбриогенезге, ұрықтың бас миының дамуына қатысатын көптеген ферменттердің қосымша факторы болып табылады, сондай-ақ, Cu/Zn-супер- оксиддисмутазаның құрамына кіргендіктен, антиоксидантты қорғанысың маңызды құрамдасы болып қалады. Zn тапшылығы мерзімінен бұрын босану қызметінің пайда болуы, преэклампсия, НӨКС секілді жүктіліктің асқынуларымен арақатынас орнатады, бұл ретте нәрестедегі  Zn деңгейі анаға қарағанда, едәуір жоғары, тіпті  преэклампсия жағдайларында да, бұл нәрестенің Zn гомеостазын өздігінен қолдауға қабілеттілігінің барын растайды, соның ішінде, антиоксиданты қорғанысты қамтамасыз ету үшін [28].

Марганец

Mn сондай-ақ, антиоксидантты қорғаныс ферменттерінің, әсіресе, супероксид-аниондарын  уытсыздандыру арқылы бала жолдасын оксидативті күйзелістен қорғауға қатысатын, Mn-супероксиддисмутазаның қосымша факторы болып табылады [28]. Mn ең аз зерттелген микронутриенттердің біріне жатады, алайда, Mn тапшылығы кезінде НӨКС, жүктіліктің соңына дейін жетпеуі, преэклампсия жиілігі туралы мәліметтер бар [24, 28].

Аскорбин қышқылы

С дәрумені, немесе аскорбин қышқылы, – суда еритін дәрумен. Адам азғасында аскорбин қышқылы L-нысанында басым түрде келтірілген. Күйзелісті жағдайлар С дәруменінің дегидроаскорбин қышқылы түріндегі метаболиттер санын арттырады. С дәрумені (аскорбин қышқылы + дегидроаскорбин қышқылы) жұқпадан қорғанысты, иммунды қорғаныс механизмдерінің белсенділігін қоса есептегенде, көптеген үдерістерде, жаралардың жазылу үдерістерінде, сондай-ақ, күйзеліске қарсы қорғаныс гормондарының түзілуінде белсенді рөлге ие. Аскорбат норадреналин мен басқа катехоламиндардың синтезін катализдейтін, дофа- мин-β-гидроксилазаның қосымша факторы болып табылады. С дәрумені тіндік өсім, тамырлардың қалпына келуі мен жаңадан түзілуі үшін қажет, байланыстырушы тіннің синтезіне қажетті L-пролингидроксилазаға арналған қалпына келтіруші болып табылады [1, 3, 7, 17]. Ағзада  С дәруменінің қатысуымен α-токоферолдың токофероксилды радикалдан қалпына келуі жүреді. Аскорбат иондарының түріндегі С дәрумені – антиоксидантты қорғаныс жүйесінің белсенді элементтерінің бірі, липидтерді олардың пероксидті радикалдармен тотығуынан қорғайды. Аскорбаттың антиоксидантты әсері α-токоферол  мен глутатион секілді басқа антиоксиданттардың жеткілікті мөлшері кезінде білінеді  [17]. Глутатион дегидроаскорбин қышқылын тікелей және ферментативті емес тәсілмен аскорбин қышқылына дейін қалпына келтіреді. Бұл әсер қалпына келтіретін циклдер – глутатион/глутатиондисульфид және аскорбин/дегидроаскорбин қышқылы ретінде жиі сипатталатын, антиоксидантты жүйенің негізгі механизмдерінің бірі болып табылады. Бұл ретте шеткері тіндердің жасушалары экзогендік  дегидроаскорбин қышқылын сіңіреді және глутатионның қатысуымен оны цитоплазмада аскорбин қышқылына конверсиялайды. Глутатиондисульфидтің глутатионға қалпына келуі глутатионредуктазамен катализденеді және NADPH қосымша фактор ретінде қатысуын талап етеді. Глутатионның жетіспеушілігі тіндердегі аскорбин қышқылының құрамын төмендетеді және дегидроаскорбин қышқылының концентрациясын бір уақытта арттырады [7, 17, 28].

α-токоферол мен глутатион жетіспеген кезде аскорбат пен оның метаболиттерінің прооксидантты әсері басым болуы мүмкін, осындай әсер аскорбин қышқылының жоғары дозаларын пайдаланған кезде байқалады [7, 17, 21]. С дәруменінің прооксидантты әсерінен азық-түлік өнімдерінің немесе жүкті әйелдерге арналған үйлестірілген дәрумен-минералдық кешендерінің (ҮМК) құрамындағы С дәруменін ауыз арқылы қабылдауды тағайындаған кезде осындай жағдайларда аулақ болуға болады.

Токоферол

Е дәрумені (токоферол) – майда еритін дәрумен, қатты әсер ететін табиғи антиоксиданттарға жатады, бұл ретте МАҮ тежелуіне Е дәруменінің тек қалпына келтірілген (фенолды) нысандары қатысады, ал токоферолдың антиоксидантты ерекшеліктерін қалпына келтіруші аскорбин қышқылы болып табылады [9, 15, 24]. Е дәрумені тығыздығы төмен табиғи липопротеидтердің гликозделуінің соңғы өнімдерінің түзілуін ескертеді, бүтіндігі мен функционалды белсенділігінің сақталуына көмектесе отыра, жасушалар мен лизосомалардың плазмалы жарғақтарын тұрақтандырады. Ағзада Е дәрумені МАҮ тежейді және мықты тотықтырғыш болып табылатын синглеттік оттекті қоса есептегенде, еркін радикалдарды жояды. Е дәрумені липидтердің пероксидті радикалдарымен әрекеттестікте бүйректермен сыртқа шығарылатын токоферол-хинонға айнала отыра, оларды гидропероксидтер етіп қалпына келтіреді [7, 15].

Дәлелдік тиімділігі

L.Chappell және қосалқы авторлардың рандомизацияланған зерттеуінде [13] жүктіліктің 16-22 аптасынан бастап С дәруменінің 1000 мг және плацебоға қарсы Е дәруменінің  400 МЕ терапиясы жүргізілген, преэклампсияның пайда болуы бойынша (допплерометрия мәліметтері бойынша) жоғары тәуекелі бар 283 жүкті әйелден тұратын топ таңдалды. Зерттеу нәтижелері бойынша преэклампсияның пайда болуы плацебо тобындағы 142 жүкті әйелдің ішінен 24-нде (17%)  және дәрумен алған жүкті әйелдің 11-нде (8%) байқалды. Осылайша, антиоксидантты терапияны пайдаланудан оң әсер көрсетілді [13].

N.Wibowo және қосалқы авторлардың жақындағы зерттеуінде [47] оң нәтижелер төмен антиоксидантты мәртебесі бар жүкті әйелдерден алынды, антиоксиданттарды тағайындаған кезде преэклампсия жиілігі плацебо тобындағы 14,5%-бен салыстырғанда, 2%-ды құрады (p=0,034) [47].

Бірқатар зерттеулерде С және Е дәрумендерін тағайындау ананың қант диабетінің тератогендік әсерін ескерте алады  [16, 26].

57 346 жүкті әйелдердің қамтитын дат ғалымдарының жуырдағы проспективті зерттеуінде [22] С және Е дәрумендерін қосымша қабылдаған кезде преэклампсия жиілігі шынайы төмендейіндігі анықталды, алайда, жүргізілген қосымша талдау осы кезде преэклампсияның/эклампсияның/HELLP-синдромының ауыр нысандарының жиілігі шынайы төмендейтіндігін анықтады [22].

Осылайша, С және Е дәрумендері секілді антиоксиданттарды тағайындау мерзіінен бұрын босануға әкеп соғатын гестоздың ауыр түрлерінің пайда болуын ескерте алады [22].

Преэклампсия мен мерзімінен бұрын босанулар жиілігн төмендетудің едәуір әсері С, Е дәрумендері мен L-аргининды үйлестірілген тағайындау кезіндегі жуырдағы зерттеуден алынды [42].

Осылайша, қазіргі уақытта С және Е дәрумендерін қосымша тағайындау жүкті әйелдердің барлық топтарында преэклампсияның ауыр нысандарының және антиоксидантты мәртебесі төмен емделушілерде мерзімінен бұрын босанулар жиілігін, ананың қант диабеті кезінде даму кемістіктерінің жиілігін төмендететінін растады.

Каротин мен каротиноидытар

А дәрумені мен каротиноидтар (α-/β-каротин, β-криптоксантин, ликопен, лютеин, зеаксантин, астаксантин, кантаксантин) бірдей антиоксидантты белсенділікке ие болса да, антиоксиданттар болып табылады. Қазіргі уақытта  А тобынан үш дәрумен әйгілі:   А1 (ретинол), А2, А неодәрумені (А1 дәруменінің циснысаны). Бір-бірінен химиялық құрылысымен және биологиялық белсенділікпен ерекшеленетін, α- және β-каротин А дәруменінің ізашарлары болып табылады. Ыдырауы кезінде бауыр микросомаларындағы тотығу үдерістерін қоса есептегенде, жасуша жарғақтарында МАҮ үдерістерін реттеуде антиоксидантты белсенділігі  білінетін, А дәруменінің 2 молекуласы түзілетін β-каротин биологиялық белсенді қосылыс болып табылады. β-каротин, астаксантин, ликопен мен кантаксантин in vitro және in vivo (еріктілер) аса жемір оксидант – синглеттік оттекті – жемірлігі аз және тұрақты нысанына өзгертетінін көрсетті  [35].  Ликопен  –  11 конъюгацияланған қос байланыстары бар циклдік каротиноид, синглеттік оттектің жасушалар апоптозын тудыру қабілеттілігіне қарағанда, аса жоғары протективті әсерге ие.

Маңыздылығы

Бірқатар зерттеулер ликопеннің төменгі деңгейінің мерзімінен бұрын босанулармен және ұрықты қабықшаның мерзімінен бұрын жарылуымен байланысын көрсетті [23, 35]. J.Sharma және қосалқы авторлар [35] ІІ-ші триместрде 251 алғашқы босанушыларға проспективті рандомизацияланған бақыланатын зерттеуді жүргізді, оның 116-сы ликопен (тәулігіне 2 мг 2 мәрте), 135 – плацебо алды (кіші топтың екеуі де препаратты босанғанға дейін қабылдады). Жүктілік мерзімі мен баланың туу кезіндегі салмағы ликопен алған жүкті әйелдердің кіші тобында едәуір жоғары болды, осы кіші топта сондай-ақ, преэклампсия  (8,6% 17,7%-ға қарсы) және НӨКС (12% 23,7%-ға қарсы) жиілігінің шынайы төмендеуі байқалды. Ликопендегі қос байланыстардың саны оның мықты антиоксидантты әсерін және мерзімінен бұрын босанулар, ұрықты қабықшаның мерзімінен бұрын жарылуы, преэклампсия, бала жолдасының жеткіліксіздігі секілді жүктіліктің асқынуларын алдын алу кезіндегі С мен Е дәрумендеріне қарағанда, аса айқын клиникалық тиімділігіне себепші болады [23, 35].

M.Kramer мен қосалқы авторының жуырдағы зерттеуінде [24] антиоксидантты қорғаныс деңгейі мен кенеттен болатын мерзімінен бұрын босанулар арасындағы байланысы көрсетілді. Жүктіліктің 24-26 аптасында қан үлгілерін жинаумен және каротиноидтарды, ретинолды, токоферолдар мен ұзын тізбекті айлы қышқылдарды анықтаумен,  «жағдай-бақылау» атты көпорталықты проспективті зерттеуі (n=5337) зерттеуі жүргізілді. Кенет мерзімінен бұрын босанулар (n=207) және уақытылы босанулар (n=443) кезінде нәтижелер талдауы плазмада α- и β-каротинның, сондай-ақ, ликопеннің жоғары концентрациялары кенет мерзімінен бұрын босанулардың жиілігін төмендетумен бірлескенін көрсетті [24]. α-каротинның және шамамен  40% β-каротинның негізгі көзі сәбіз болып табылады, ал ликопеннің барлығы дерлік (80%) ағзаға қызанақтардан және оларды  түзушілерден келіп түседі. Қарапайым диета кезінде екі көздің екеуін де пайдалану төмен болғандықтан, құрамында осы антиоксиданттары бар препараттарды каротиноидтар мен ликопеннің деңгейі төмен жүкті әйелдерге қосымша тағайындау қажет [15, 23, 24].

Каротиноидтар мен  А1 дәрумені тотықырғыш байланыстардың түзілуімен, аутототығуға ұшырайтындығын атап кеткен жөн, сондықтан да оларды басқа антиоксидантты қосылыстарымен қабылдауды үйлестіру қажет (С, Е дәрумені, Se мен басқасы), бұл А дәруменінің биологиялық әсерін арттыра отыра, ішектегі одан да тиімді синтезіне себепші болады [15, 24].

Фолий қышқылы

Эритроциттердің синтезіне, гомоцистеиннің метаболизміне, ДНҚ синтезі мен метилденуіне, тасымалдаушы РНҚ синтезіне, гендер экспрессиясының реттелуіне, бірқатар таптырмайтын аминқышқылдардың синтезіне қажетті фолий қышқылының (В9 суда еритін дәрумені) барабар келіп түсуі жүктіліктің қалыпты өтуі үшін үлкен мәнге ие [29, 30]. Фолий қышқылының тапшылығы жүктілік кезінде аса таралған мәселелердің бірі болып табылады, бұл ретте фолий қышқылын қосымша пайдалану жүйке түтікшесі мен дамудың басқа да туа біткен, көбінесе, жүрек кемістікерінің жиілігін шынайы төмендетеді [18, 48].

Нәресте дамуының туа біткен кемістіктерінің алдын алуда фолий қышқылының рөлі төтенше маңызды, сонымен қатар, зертеушілердің фолий қышқылының антиоксидантты ерекшеліктерінің бары туралы пікірін атап кеткен дұрыс [20]. Фолий қышқылы, фолаттардың синтетикалық түрі еркін радикалдар – ОБН әсерсіздендіреді, осылайша тиімді антиоксидант ретінде қарастырылуы мүмкін [20]. R.Joshi және қосалқы авторлар [20] фолий қышқылының антиоксидантты ерекшеліктерін зерттеу кезінде оның ОБН әсерсіздендіріп қана қоймай, сондай-ақ, суда еритін дәрумен екендігіне қарамастан, микросомалы МАҮ тежеуде маңызды рөлге ие екендігін және жасуша жарғақшалары мен ДНҚ еркін радикалды зақымданудан қорғай алатындығын растады [20].

Балиғаттық жастағы әйелдерге арналған фолий қышқылының минималды тәуліктік дозасы 400 мкг, жүкті әйелдерге арналған минималды доза – 600 мкг, жүкті әйелдерге арналған тәуліктік дозасы – 800-1000 мкг болып табылады [18, 29, 30, 48]. Фолий қышқылының осындай тәуліктік дозасы прегвидарлық дайындық (дамудың фолатқа тәуелді туа біткен кемістіктерін периконцепциялық алдын алу) және жүктілік бойы қабылдауға болаын, жүкті әйелдерге арналған заманауи дәрумен-минералдық кешендердің құрамына кіреді. Мысалы, Витрум Пренатал Форте дәрілік препаратындағы фолий қышқылының тәуліктік дозасы 800 мкг-ды құрайды және жүктілік бойы оңтайлы болып табылады. Белгіленген гипергомоцистеинемия немесе сыртартқыда жүйке түтікшесінің ақаулары бар балалар туған кезде периконцепциялық алдын алу кезеңінде және жүктілік уақытында фолий қышқылының дозасы 4000 мкг-ға (4 мг) дейін арттырылуы мүмкін [29]. B.Venn мен қосалқы авторларының зерттеуінде [43] аса қымбат  L-метил- фолатты (600 мкг метафолин, 400 мкг фолий қышқылы) пайдалану фолий қышқылының стандартты тағайындалуымен салыстырғанда, қан плазмасындағы фолатар мен эритроциттердің деңгейінде едәуір басымдылықты бермейтіндігі көрсетілді [43].

Көпжылдық бақылаулар мен зерттеулер кезеңі ішінде көпжылдық қолданылуына қарамастан, фолий қышқылын пайдаланудың жанама әсерлері анықталмағандығын атап кеткен жөн [29]. Нәрестедегі жүйке түтікшесі ақауының тиімді профилактикасына қажетті қан плазмасындағы фолаттар мен эритроциттердің концентрациясына қол жеткізу үшін фолий қышқылын қосымша тағайындаған кезде шамамен 12 апта қажет етіледі, сондықтан да дамудың фолатқа тәуелді кемістіктерінің периконцепциялық профилактикасы болжалды бала бітуден кемінде 12 апта бұрын басталуы қажет [29, 48].

Қорытынды

Келтірілген мәліметтер антиоксиданттардың жүктілік асқынуларының алдын алу және дені сау ұрпақтың туылуы үшін пайдалану қажеттілігі туралы растайды. Жүкті әйелде, нәрестеде, сондай-ақ, репродуктивті белсенді әйелдерде антиоксиданты қорғаныстың  прегравидарлы және босанудан кейінгі оңалту кезеңіндегі көптеген құрамдастарының биологиялық қызметтері егер де олардың  тапшылығы В, Se, Zn, Mn, Fe топтағы Е, С, А дәрумендері секілді дәрумен мен минералдардың тапшылықтарымен үйлессе, аса әлсіз білінеді. Жүктілік кезінде антиоксидантты қорғаныстың максималды әсеріне қол жеткізу үшін дәрумендер мен микронутриенттердің синергизмі туралы ақпарат жүктілікке дайындық, жүктілік кезінде қабылдау және лактация кезеңі үшін арнайы әзірленген үйлестірілген ДМК, мысалы, Витрум Пренатал Форте құрамында оңтайлы үйлесетін антиоксиданттарды жүкті әйелдердің қабылдау қажеттілігін түсіну үшін аса маңызды. Витрум Пренатал Форте ДМК құрамына кіретін антиоксиданттардың тиімділігі мерзімінен бұрын босанулар қаупін алдын алу және кешенді емдеуде клиникалық жағынан расталған. I, Fe, Mg, С және Е дәрумендері мен басқа микроэлементтердің тапшылығын қалпына келтіру акушерлік асқынулар пайызын төмендете отыра, жүктілік ағымына қолайлы әсерін тигізеді. Витрум Пренатал Форте ДМК пайдалану жүкті әйел мен болашақ сәбидің денсаулығын максималды қауіпсіз тәсілмен сақтайды. Нутрициалды түзетуге ұқсас тәсілдеме полипрагмазияны болдырмай ғана қоймай, сондай-ақ, жеке микронутриенттердің дозаларынан аспай және бұл ретте тиімді антиоксидантты қорғанысты, жүктіліктің қауіпті асқынуларының профилактикасын және дені сау ұрпақтың ууын қамтамасыз ете отыра, дәрумендер мен микроэлементтердің микронутриенттік түзетілуін қарқындатуға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиет тізімі