Перинаталдық нәтижелерді оңтайландыру, дәрумен-минералдық кешендерді пайдаланумен, дәрумендердің жетіспеушілігін және микроэлементтер тапшылығының алдын алу нәтижесінде жүктілік асқынуларының және нәрестенің туа біткен кемістіктерінің жиілігін төмендету

В.Н. Прилепская – РФ ғылымының еңбегі сіңген қайраткері, Мәскеу қ., РФ ДМ «Академик В.И. Кулаков атындағы акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы»  ФМБМ профессоры

Әйел ағзасының жүктілік кезінде дәрумендерді, макро- және микроэлементтерді қажетсінуі едәуір арта түседі, бұл ретте жүкті әйел ағзасының қалыпты тіршілік үшін қажетті микронутриенттермен қамтамасыз етілгендігі жүктіліктің физиологиялық ағымына және нәрестенің дұрыс өсіп-жетілуіне көмектесетін маңызды фактор болып табылады. Дәрумендердің көпшілігі қосымша ферменттер ретінде метаболизмге қатысады, олардың кейбіреуі гормондардың ізашарлары (А және D дәрумендері) немесе антиоксиданттар (С және Е дәрумендері) болып табылады [1, 3, 12, 18, 22]. Ағзаға дәрумендердің, макро- және микроэлементтердің барабар келіп түспеуі зат алмасу үдерістерінің, иммундық әрекет қабілеттілігінің, тіндердің өсуі мен қалпына келуінің, ұрпақ жаңғырту қызметінің бұзылуына себепші болады және дәрумен жетіспеушілігі мен минералдар тапшылығының туындауына әкеп соғады [5, 11, 13].

Тапшылықты жағдайлар жүктілік пен босанудың асқынған ағымына, бала жолдасы қалыптасуының бұзылуына жағдай жасайды, перинаталдық патология қаупін жоғарылатады, балалардың постнаталдық онтогенез кезеңіндегі шала туу, туа біткен кемтарлық, ерте неонаталдық бейімделудің бұзылу және балалардың дене және ақыл-ой дамуындағы ауытқулар қалыптасуының бірден-бір себебі болып табылады [1, 6, 8, 10, 17]. Жүктіліктің бірінші триместрінде дәрумендердер мен микроэлементтердің тапшылығы қайтыс болуына дейін нәрестенің даму ауытқуларына әкеп соғуы мүмкін. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде дәрумендердің жетіспеушілігі жиі түрде мүшелер қалыптасуының бұзылуына әкеп соғады және баланың жүрек-қантамыр, жүйке, эндокриндік, ас қорыту жүйесінің қызметінде мәселелерді тудырады  [1, 8, 10, 14, 19, 20].   

Даму кемістіктерінің тиімді профилактикасы шаралар кешенін қолданылуын білдіреді, олардың арасында үйлестірілген тағам мен дәрумендермен және микроэлементтермен барабар қамтамасыз етілу маңызы зор мәнге ие [7, 8, 9, 17, 23].

Жүкті әйелдерде дәрумендерді қолдану нормасы бала туатын жастағы әйелдерге қарағанда, шамамен 25%-ға жоғары. Іс жүзінде заманауи ресейлік әйелдердің біреуі де ағзасында қажетті барлық дәрумендер мен минералдардың «толық қоры» бола тұра, жүктілікке кіріспейді. Жасына, тұратын жеріне, кірістер деңгейіне, кәсібіне, әлеуметтік қалпына қарамастан, әрбір болашақ ана
сол немесе басқа дәрумен не минералдың жартылай жетіспеуіне ұшыраған. Жүкті әйелдердің көпшілігінде (70–80%) үш немесе одан көп дәрумендердің үйлескен тапшылығы анықталады.
РМҒА Тағамтану Институтының зерттеулері еліміздің барлық өңірлеріндегі жүкті әйелдер арасында дәрумендер мен микроэлементтер тапшылығының кеңінен таралғындығын растайды: В тобындағы дәрумендер тапшылығы тексерілгендердің 20–100%-нда, аскорбин қышқылының – 13–50%-нда, каротиноидтардың – А және Е дәрумендерімен салыстырмалы түрде жақсы қамтамасыз етілуі кезінде 25–94%-нда анықталады [2, 3, 6, 7, 14].

Жүктілік кезінде дәрумен-минералдық кешендерді қабылдамағандар арасында фолий қышқылымен, цианокобаламинмен, тиаминмен,  рибофлавинмен, пиридоксинмен, А дәруменімен, Е дәруменімен, темірмен, магниймен, мырышпен және кальциймен жеткілікті түрде қамтылмау анықталды. Тамақтануды түзету көмегімен дәрумендер тапшылығының орнын толтыру тәжірибе жүзінде мүмкін емес, сондықтан да дәрумендер жетіспеушілігін заманауи дәрумен-минералдық кешендермен толықтыру қажеттілігі пайда болады [3, 13, 14, 15].

Жүктіліктің бірінші триместрінен бастап дәрумен-минералдық кешендерді қабылдап жатқан әйелдерде нәресте макросомиясының қаупі жүктіліктің ерте мерзімінде дәрумен-минералдық кешендерді қабылдамаған әйелдермен салыстырғанда, 5,2%-ға төмен екендігі байқалды [12, 13], сонысымен дәрумен-минералдық кешендерді қабылдаудың нәресте макросомиясының дамуына ықтимал әсері туралы қорқыныштар сейілді.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес дәрумендермен емдеуді прегвидарлық дайындық, жүктіліктің қалыпты және асқынған ағымы, физиологиялық және асқынған босанудан кейінгі кезең кезінде жүргізеді [4, 8, 16, 21].

Бала бітуге дайындық кезеңі дәрумен-минералдық кешендердің тағайындалуын қажет етеді, себебі, дәл осы кезеңде болашақ баланың дамуының оңтайлы бағдарламасын береді. Дәрумен-минералдық кешендерді әрдайым жүктілік бойы, сондай-ақ, емшек сүтімен емізу кезеңінде қабылдау қажет.

Дәрумен-минералдық кешендерді таңдау кезінде ағзаға шамадан тыс дәрумендер (ең алдымен, кумулятивтік) мен минералдардың келіп түсуін болдырмау үшін жүкті және бала емізетін әйелдің тамақтану рационын ескеру қажет [2, 4, 9, 14].

Жүктілік кезінде дәрумен-минералдық кешендерді қолдану мақсаттылығы, оларды қабылдауды бастау және жүктілік кезінде қолдану ұзақтығы, жүктілік ағымына және нәрестеге әсері туралы пікірталастарды ескере отыра, біз дәрумен-минералдық кешендерді қолданудың жүктілік ағымына, оның асқынуларына, жүктілік нәтижесіне және ұрық пен бала жағдайына әсерінің кең ауқымды зерттеуінің өткізілуіне бастамашылық еттік.

Жұмысты жүргізу үшін фармацевтикалық нарықта қолданыста бар барлық дәрумен-минералдық кешендердің арасынан біз өз таңдауымызды жүкті әйелдерге арнап жасалған, аса үйлестірілген құрамы бар, 15 жыл ішінде акушер-гинеколог дәрігерлердің тәжірибесінде табысы түрде қолданылып келе жатқан, – Витрум Пренатал Форте дәрілік препаратында тоқтаттық.

Осы зерттеудің мақсаты аналық және перинаталдық нәтижелерді жақсару үшін жүктілік кезінде дәрумен жетіспеушілігінің алдын алу және минералдық заттардың тапшылығында Витрум Пренатал Форте дәрумен-минералдық кешенінің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау болды.

«Прогностик» байқау бағдарламасы 2013 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы қаңтарға дейін өткізілді, оның клиникалық кезеңі 18 ай ішінде (2014 жылғы ақпан – 2015 жылғы шілде) РФ ДМ «Академик В.И. Кулаков атындағы АГжПҒО»  ФМБМ басшылығымен Ресейдің 7 өңірінің 33 қаласында өтті, бас зерттеуші В.Н. Прилепская.

«Прогностик» бағдарламасына 678 акушер-гинеколог дәрігерлердің бақылауына 5421 жүкті әйел енді.

5421 жүкті әйелдің клиникалық және зертханалық тексеруі жүргізілді (жүктілік фактісі алғашқы келген кезде зертханалық және/немесе аспаптық әдістермен расталды). Клиникалық байқау барысында жүкті әйелдердің соматикалық және акушерлік-гинекологиялық анамнезі, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезең ағымы зерттелді, нәрестенің туған кездегі, сонымен қатар, ерте неонаталдық кезең ішіндегі жай-күйіне талдау жасалды.

Жалпы объективтік зерттеу (жалпы жағдайы, дене температурасы, антропометриялық деректер, терінің жағдайы, көктамырдың ұлғаюының болуы, ісінулердің болуы, сүт бездерінің, қалқанша безінің жағдайы; тыныс алу мүшелерінің, қанайналым, ас қорыту, несеп шығару жүйелерінің тексеруі) және арнайы акушерлік зерттеу жүргізілді. Жүкті әйел әрбір келген кезінде дене массасы бақыланды, ДМИ (дене массасының индексі) анықталды, іш көлемін және жатыр түбінің биіктігі өлшенді, нәрестенің жүрек соғуы акушерлік стетоскоппен тыңдалды. Кешенді клиникалық-зертханалық тексеру мыналарды қамтыды: қан мен несептің клиникалық талдауы, қан тобын және резус-факторды анықтау, қанның биохимиялық талдауы, гемостаз жүйесінің зерттеуі (коагулограмма), жүктіліктің 11-14 аптасында сарысулық маркер деңгейлерінің биохимиялық скринингі (РАРР-А және ?-ХГ), қанда IgG  және IgМ санатты тән антиденелерді анықтаумен, TORCH-жұқпалардың серологиялық диагностикасын, қынап пен цервикалды өзек микрофлорасының талдауы. Ультрадыбыстық скринингті жүктіліктің 11–14 аптасы; 18-22 аптасы мерзімінде; нәресте көлемінің гестация мерзімдеріне сәйкестігін бағалаумен, допплерометриясымен – 30-34 апта мерзімінде жүргізді. Нәресте жағдайын бақылау үшін жүктіліктің 33 аптасынан бастап кардиотокографияны пайдаланды.

Емделушілердің барлығы таңғы астан соң, тәулігіне 1 таблеткадан ауыз арқылы Витрум Пренатал Форте препаратын қабылдады. Жүкті әйелдер препаратты есепке тұрған сәттен бастап қабылдап, оны босануға дейін жалғастырды. Препаратты қабылдау курсының ұзақтығы орташа есеппен 32 аптаны құрады.

Балалардың барлығы туа салысымен, неонатологпен қаралды, олардың Апгар межелігі бойынша жай-күйі, массасы, бойы, басы мен көкірек қуысының көлемі анықталды. Нәрестелердің дене дамуы көрсеткіштерінің бағалауын популяциялық нормативтерді пайдаланумен жүргізді.

Статистикалық талдауды көпшілік мақұлдаған статистикалық және сипаттамалық әдістермен жүргізді, деректер тобын салыстыру үшін (жүктілік асқынуларының жиілігін және ТДК жиілігін Росстат деректерімен) «Прогностик» зерттеуінде  Хи-квадрат Пирсон тесті пайдаланылды.

Тексерілген емделушілердің жасы 18-43 жас аралығында болды, орташа жасы 28,0 жасты құрады; 3280 алғашқы босанған болды (60,5%), қайта босанғандар – 2141 (39,5%). 
Зерттеуге көпұрықтық жүктіліктің 20 жағдайы енді (19 егіз және 1 үшем).

385 әйел (7,1%) Витрум Пренатал Фортені прегвидарлық дайындық ретінде қабылдап, препаратты жүктілік бойы қабылдауын жалғастырды.  Жүктілік кезінде Витрум Пренатал Фортені қабылдау ұзақтығына жүргізілген талдау 4769 (88,0%) жүкті әйелдің І-ІІІ триместр бойы препаратты қабылдағандығын көрсетті, қабылдаудың орташа ұзақтығы 32 аптаны құрады.

Зерттеу аяқталған соң, лактация кезеңінде 3284 емделуші (60,9%) Витрум Пренатал Фортені қабылдауын жалғастырды.

Тексерілген жүкті әйелдердегі салмақ-бойлық  қатынастардың талдауы популяциялық нормалардан ауытқушылықты анықтаған жоқ.  Емделушілердің дене массасын әйелдер консультациясына алғашқы үш мәрте бару кезінде бағалады. Жүктілік кезінде дене массасының жалпылай қосылуы орташа дене массасы индексінің (ДМИ) 22,9-дан 26,3-ке дейін артуымен, орташа есеппен 11,6 келіні құрады (2,1-19,5 келі аралығында). 

Аталған көрсеткіштер физиологиялық болып табылады және жүктілік кезінде Витрум Пренатал Фортенің салмақ қосуына оң әсерін растайды. Витрум Пренатал Фортенің құрамында қандағы глюкоза деңгейін өзгертетін хром микроэлементі бар. Хром инсулинның жасушалармен байланысын ынталандырады, инсулинге қарай рецепторлар санының артуына және инсулин рецепторларының белсенділігіне көмектеседі, бұл жалпы алғанда, жасушалардың инсулинге сезімталдығының артуына әкеп соғады.  Анада хромның созылмалы тапшылығы липидті алмасуды бұзып, ішкі ағзалардың семіру деңгейін арттырады [24].

Жүктіліктің аса жиі асқынушылығы анемия болып табылады, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша жүкті әйелдердің 32%-ға дейінгісі анемиядан зардап шегеді [25]. Анемия (гемоглобин деңгейінің төмендеуі <110 г/л) әйелдер консультациясына алғаш рет барған кезде 76 (1,4%) емделушіде, екінші мәрте барған кезде – 227-нде (қан талдауын тапсырғандардан 4,4%-ы) және үшінші мәрте барған кезде – 348-нде (қан талдауын тапсырғандардан 6,6%-ы) анықталды.

Витрум  Пренатал Фортені қабылдаған кезде жүкті әйелдердегі анемия  6,9% жағдайда ғана туындады, бұл Ресей Федерациясы бойынша орташа көрсеткішке қарағанда, 4,6 есе аз.

1-сурет.Жүкті әйелдерде анемияның пайда болу жиілігі25
2-сурет.Триместрлер бойынша жүктілік асқынуларының жиілігі

Анемия пайда болуының Витрум Пренатал Фортенің құрамында   мг темірдің, сондай-ақ, темір синергистерінің (С дәрумені, мыс, мырыш, кальций, марганец) толықтай кешенінің болуымен шартталған, оларды қабылдау жүктілік кезінде теміртапшылықты анемияның алдын алудың маңызды факторы болып табылады.

Тексерілген емделушілердегі жүктілік ағымының талдауы І-ші триместрден бастап ІІІ-ші триместрге дейін жүктілік асқынулары жиілігінің статистикалық жағынан маңызды (р<0,001) төмендеуін көрсетті: мысалы, I-ші триместрде асқынулар жиілігі (ерте токсикоз, жүктілікті тоқтату қаупі) 16,2%-ды құрады, II-ші триместрде (жүктілікті тоқтату және мерзімінен бұрын босану қаупі, бала жолдасының жеткіліксіздігі) – 6,2%-ды, III-ші триместрде (мерзімінен бұрын босану қаупі,  преэклампсия, бала жолдасының жеткіліксіздігі, НӨКС) – 5,8% (2-сурет).

Тексерілген жүкті әйелдердегі жүктілік нәтижелерінің талдауы жүкті әйелдердің 5201-нде (96,44%) уақытылы (37-41 апта), 153-нде (2,84%) мерзімінен бұрын (24 апта –  36 апта 6 күн), 27-нде (0,50%) кешіктірілген (42 аптада) екендігін көрсетті . 

5 жағдайда (0,09%) жүктілік І-ІІ-ші триместрлерде өздігінен түсік тастаумен, 3 жағдайда (0,06%) – тоқтап қалған жүктілікпен, 4 
жағдайда (0,07%) жүктілік медициналық көрсетімдер бойынша тоқтатылды, соның ішінде, 3 жағдайда тоқтатуға нәрестенің дамуының туа біткен кемістіктері (ДТК) себепші болды. Өздігінен түсік тастауды, тоқтап қалған жүктілік немесе медициналық көрсетімдер бойынша тоқтату жағдайларын ескермегенде, босанудың орташа мерзімі 39 аптаны құрады (24-42 апта аралығында); мерзімінен бұрын босану кезінде жүктіліктің орташа мерзімі – 36 апта. Кесарь тілігі зерттеуге енген 925 (17,1%) емделушіге жасалды. Негізінен акушерлік асқынулар кесарь тілігіне себепші болды (жатырдағы тыртық, босану қызметінің ауытқулары, нәрестенің жамбаспен келуі, бала жолдасының келуі, пре-эклампсия, нәресте гипоксиясы мен басқасы).

Жүктіліктің нәтижесі РФ ДСМ деректері25 ПРОГНОСТИК зерттеу нәтижелері бойынша деректер
Мерзімінде босану 92,1% 96,4%
Мерзімінен бұрын босанулар 4,2% 2,8%
Мерзімінен бұрын босанулар 3,7% 0,2%
Шала туу өлшемшарттары Балалар саны %
Мерзіміне жетіп туылған (37–41 апта) 5203 96,7%
Шала туған (24–36 апта) 149 2,8%
Мерзімінен артық туған (42 апта) 27 0,5%

1-кесте.  Жүктілік ағымдарының талдауы

2-кесте. «Прогностик» бағдарламасында туған, шала туу өлшемшарты бойынша балалардың саны

«ПРОГНОСТИК» клиникалық зерттеу деректерін талдау нәтижелері бойынша мерзімінен бұрын босанулар 1,5 есе сирек, ал түсіктер популяцияға қарағанда, 16,8 есе сирек болды [25]. Мерзімінде босану емделушілердің 96,4%-нда (популяцияда бұл көрсеткіш 92,1%), мерзімінен бұрын босану 2,8%-нда (популяцияда 4,2%), ал түсіктер тек 0,2%-нда (популяцияда 3,7%) белгіленді (1-кесте). 

Жатырішілік даму  ерекшеліктері нәрестенің бейімделу қабілеттіліктерінің және денсаулық жағдайының жалпы қалыптасуында алдын ала болжайтын болып табылады. Зерттеу деректері бойынша 5379 тірі бала туды, оның 5203 баласы мерзіміне жетіп туылды (37– 41 апта мерзімінде), 149 бала шала туылды (24 апта  – 36 апта 6 күн мерзімінде) және 27-сі – мерзімінен артық туылды (42 аптада) (2-кесте).

Нәрестелердің жағдайын бағалау үшін туу кезіндегі массасы, бойы, өмірінің 1 және 5-ші    минутарында Апгар межелігі бойынша бағасы және сырқаттанушылық құрылымы бағаланды.  

Мерзіміне жетіп туылған нәрестелердің массасы 3460±146  г-ды, шала туылғандардікі – 2460±366 г-ды, мерзімінен бұрын туылғандардікі – 3627±132 г-ды құрады.

Мерзіміне жетіп және мерзімінен артық туылған балалар арасында ірі нәрестенің туу жиілігі (>4000 г) 8,6%-ды құрады, бұл популяциялық деңгейге сәйкес келеді. Түрлі авторлардың деректері бойынша әлемде ірі балалардың туу жиілігі босанудың жалпы санына орташа есеппен 8–12%-ды құрайды [27].

Нәресте өсуінің І-ші дәрежелі кідірісі синдромының белгілері нәрестелердің 3,4%-нда анықталды, бұл популяцияға қарағанда, едәуір аз (6,5%-дан бастап 31%-ға дейін) [28].

Параметр*

22 аптадан артық емес

22 аптадан артық

Алгар 1**

Алгар 2**

Алгар 1

Алгар 2

n

281

281

5098

5098

Min

5,0

6,0

1,0

1,0

Q1

7,0

8,0

8,0

8,0

Me

8,0

9,0

8,0

9,0

M

7,8

8,5

7,9

8,6

Q3

8,0

9,0

8,0

9,0

Max

9,0

10,0

9,0

10,0

IQR

1,0

1,0

0,0

1,0

3-кесте. Витрум Пренатал Форте препаратын қолдану ұзақтығына байланысты, нәрестелерді өмірінің 1 және 5-ші минуттарында Апгар межелігі бойынша бағалау

* IQR – Interquartile range (Интерквартильді қарқын – бірінші және екінші квартиль арасындағы айырмашылық: Q1–Q3); Max – Максимум (ең жоғарғы мәні); Me – Медиана; Min – Минимум (ең төмен мәні); n – Байқаулар саны; Q1 – Төменгі квартиль (аса төмен мәнге ие деректерді жинау бөлігі); Q3 – Жоғарғы квартиль (аса жоғары мәнге ие деректерді жинау бөлігі).

** Ескертпе: Апгар 1 – 1-ші минутта бағалау; Апгар 2 – 5-ші минутта бағалау.

Нәрестелердің барлығында Апгар межелігі бойынша орташа баға өмірінің 1-ші минутында 8 баллды, өмірінің 5-ші минутында – 9 баллды  құрады, бұл баланың жақсы күйіне сәйкес келеді.

Жүкті әйелдердің Витрум Пренатал Фортені 22 аптадан артық қабылдау ұзақтығын арттырған кезде өмірінің 1 және 5-ші минуттарында Апгар межелігі бойынша бағалаудың М көрсеткіші (орташа арифметикалық) артып, 7,9 және сәйкесінше 8,6 баллды құрайтынын атап кеткен жөн, препаратты 22 аптаға дейін қабылдау ұзақтығы кезінде – 7,8 және сәйкесінше 8,5 балл (3-кесте).

Қорытынды

Жүкті әйелдердің және босанушы әйелдердің дәрумен-минералдық кешендерді қолдануы дәрумен жетіспеушілігі және минералдардың жеткіліксіздігі кезінде үлкен мәнге ие болып ғана қоймай, жүктіліктің түрлі асқынуларының алдын алу әдісі болып табылады (тоқтату, ерте токсикоз, бала жолдасының жеткіліксіздігі, преэклампсия, жұқпалы сырқаттар және т.б. қаупі) [1, 2, 4, 19, 20].

«Прогностик» бағдарламасы 678 акушер-гинеколог дәрігерлердің  бақылауында болған 5421 жүкті әйелдің қатысуымен өткізілген, дәрумен-минералдық кешеннің жүктілік ағымы мен нәтижелеріне, асқынулардың пайда болу жиілігіне, ұрық пен бала күйіне әсер етуінің сондай алғашқы кең ауқымды зерттеуі атанды.

Жүргізілген бақылау зерттеуінің алынған нәтижелері үйлестірілген дәрумен-минералдық кешендерді тұрақты түрде қабылдау жүктіліктің физиологиялық ағымына көмектесетінін, анемияның туындау және жүктіліктің басқа асқынуларының пайда болу ықтималдылығын төмендететінін, ал олардың құрамбөліктері нәрестенің толыққанды өсіп-дамуына көмектесетінін, популяцияда туа біткен даму кемістіктерінің жиілігін төмендететінін, дені сау ұрпақтың тууына себепші болатынын  растады.

Дәрумен-минералдық кешендердің нәресте макросомиясына ықтимал әсерінің жоқтығы расталды.

Жүктіліктің бірінші триместрінен бастап дәрумен-минералдық кешенді қабылдап жатқан әйелдерде жүктіліктің түрлі мерзімдерінде дәрумен-минералдық кешенін қабылдамаған әйелдермен салыстырғанда, нәресте макросомиясының қаупі 5,2%-ға төмендейтіндігі байқалды [12, 13]. 

Дәрумен-минералдық кешендерді тағайындаудың зерттеуден алынған нәтижелері Витрум Пренатал Фортені қабылдаған тексерілген жүкті әйелдерде популяцияға қарағанда, едәуір аз патологияның байқалғандығын көрсетті. Сонымен бірге, анемияны, сондай-ақ, препарат қауіпсіздігінің жоғарғы деңгейін қоса есептегенде,  Витрум Пренатал Фортенің жүктіліктің аса жиі асқынуларының алдын алудағы тиімділігі расталды.

Тексерілген емделушілерде жүктілік нәтижелерінің талдауы байқауға қосылған әйелдерде мерзімінен бұрын босану және түсіктер жиілігі төмендегенін көрсетті.

Осылайша, жүктілікті жоспарлағанда, гестация және босанудан кейінгі кезеңде үйлестірілген дәрумен-минералдық кешендерді, әсіресе, Витрум Пренатал Фортені пайдалану заманауи шарттарда асқынулар санын төмендетуге және перинаталдық нәтижелерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін, әйелдерді жүргізудің дұрыс тактикасының қажетті және міндетті құрамдас болып табылады.

Әдебиет тізімі

  1. Громова О.А., Серов В.Н., Торшин И.Ю. Потриместровый подход к назначению витаминно-минеральных ком- плексов на основе систематического анализа биологической значимости витаминов и микроэлементов в систе- ме мать–плацента–плод // Гинекология. – 2010. – №6. – C. 24–33.
  2. Доброхотова Ю.Э., Джобава Э.М., Степанян А.В. Рациональная витаминотерапия в группах риска по развитию акушерских осложнений. // Гинекология. – 2011. – №1. – С. 50–53.
  3. Коденцова В.М., Вржесинская О.А. Витамины в питании беременных // Гинекология. – 2002. – №1. – C. 7–12.
  4. Прилепская В.Н., Короткова  Н.А. Применение витаминно-минеральных   комплексов при подготовке к зачатию,  во время беременности и после родов. // Эффективная фармакотерапия. – 2013. – №51. – С. 24–28.
  5. Ребров В.Г., Громова О.А. Витамины, макро- и микроэлементы. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. – 968 с.
  6. Серов В.Н., Баранов И.И. Применение витаминных комплексов при беременности и лактации // Русский меди- цинский журнал. – 2005. – №7. – С. 476–477.
  7. Серов В.Н., Твердикова М.А., Тютюнник В.Л. Профилактика витаминодефицита в перинатальном периоде // Русский медицинский журнал. – 2010. – №19. – С. 1191–1195.
  8. Сидорова И.С., Унанян А.Л., Власов Р.С. Прегравидарная подготовка, беременность и лактация: особенности применения антиоксидантов, витаминов и минералов // Вопросы гинекологии, акушерства и  перинатологии. – 2011. – Т. 10. – №1. – С. 91–94.
  9. Стрижаков А.Н., Буданов П.В. Синергичная витаминотерапия – основа оптимизации прегравидарной подго- товки и ведения беременных // Вопросы гинекологии, перинатологии и педиатрии. – 2006. – Т. 5. – №3. – С. 5–14.
  10. Торшин И.Ю., Громова О.А., Рудаков К.В. Клиническая и молекулярная фармакология фолиевой кислоты. Фо- латы для беременных – все точки над «i»: лекция // Клиническая фармакология и фармакоэкономика. – 2010. – Т. 3. – №1. – С. 38–47.
  11. Тютюнник В.Л., Якунина Н.А., Щетинина Н.С. Профилактика гиповитаминоза в акушерской практике // Рус- ский медицинский журнал. – 2006. – №8. – С. 1315–1319.
  12. Ших Е.В., Гребенщикова Л.Ю. Профилактика гиповитаминоза у беременных // Гинекология. – 2011. – №5. – С. 59–64.
  13. Ших Е.В., Ильенко Л.И. Клинико-фармакологические аспекты применения витаминно-минеральных комплексов у женщин в период беременности. – М.: Медпрактика, 2008. – 96 с.
  14. Ahn E., Kapur B., Koren G. Iron  bioavailability in prenaral multivitamin supplements with separated and combined iron  and calcium // J. Obstet. Gynaecol. Can. – 2004. – Vol. 26. – №9. – P. 809–814.
  15. Bukowski R., Davis K., Meyer P. Folate blood concentrations and risk of preterm birth // Am. J. Obstet. Gyn. – 2009. – Vol. 201. – №6. – Suppl. – P. S18.
  16. Czeizel A.E., Dudas I. Prevention of the first occurrence of neural tube defects by periconceptional vitamin  supplementation. // New Eng J. Med. – 1992. – Vol. 327. – P. 1832–1835.
  17. Ghate J., Choudhari A.R., Ghygare B. Singh Ramji. Antioxidant Role of Vitamin C in normal Pregnancy. // Biomedical Research. – 2011. – 22 (1). – P. 49–51.
  18. Haider B.A., Bhutta Z.A. Multiple-micronutrient supplementation for women during pregnancy // Cochrane Data-base   Syst. Rev. – 2012. – Vol. 11. CD004905.
  19. Martin A., Janigian D., Shukitt Hale B. et al. Effect of vitamin E intake on levels of vitamins E and C in the central nervous system and peripheral tissues: implications for health recommendations. // Brain. Res. –1999. – Vol. 845. – №1. – Р. 50– 59.
  20. Picciano M.F., McGuire M.K. Use  of dietary supplements by pregnant and lactating women in North America. //Am          J. ClinNutr. – 2009 – 89 Suppl. – P. 663S–667S.
  21. Showell M.G., Brown J., Clarke J. et al. Antioxidants for female subfertility // Cochrane Database Syst. Rev. – 2013. – Vol. 8. CD007807.
  22. Wilson R.D., Johnson J.A., Wyatt P. et al. Pre-conceptional vitamin / folic acid supplementation 2007: The use of folic acid in combination with a multivitamin supplement for the prevention of neural tube defects and other congenital anomalies. // J. ObstetGynaecol Can. – 2007. – Vol. 29. – P. 1003–1006.
  23. О.А. Громова, И.Ю. Торшин, В.Н. Серов, Т.Р. Гришина, Н.К. Тетруашвили. Хром, селен, молибден: значимость в нутрициальной поддержке беременности. Гинекология. – 2015. – Том 17. – №5.
  24. Состояние здоровья беременных, рожениц, родильниц и новорожденных. Данные Минздрава России 2014, расчет Росстата. www.gsk.ru
  25. По данным Института демографии Национального исследовательского университета «Высшая школа экономи- ки».
  26. А.В. Сорокина. Крупный плод: мифы и реальность. Российский Вестник акушера-гинеколога. – 4. – 2013.
  27. Макаров О.В., Козлов П.В., Насырова Д.В. Синдром задержки развития плода: современные подходы к фармакотерапии. Российский вестник акушера-гинеколога. – 2003; 3; 6: 18–22.
Нәресте мен ананың денсаулығыжақсы деңгейде!

Үлбір қабықпен қапталған 100 таблетка



Витрум Пренатал Плюс АНАНЫҢ ӨЗІН ЖАҚСЫ СЕЗІНУІНЕ ЖӘНЕ ІШТЕГІ НӘРЕСТЕНІҢ ДҰРЫС ДАМУЫНА АРНАЛҒАН 

АҚШ-та жасалғансапаны жапониялық бақылау дәрумендер нарығында №1 күніне 1 таблетка

  • нәрестенің дұрыс дамуы үшін;
  • теміртапшылықты анемияның алдын алу үшін;
  • йод тапшылығының даму қаупін азайту үшін;
  • аналардың өзін жақсы сезінуі үшін (жүктілікті жоспарлаған, жүкті және бала емізетін)

ВИТРУМ ПРЕНАТАЛ ПЛЮСТЫ қолдану жөніндегі нұсқаулар: жүкті және бала емізетін әйелдерге күніне 1 таблеткадан, тағамға қосып қабылдау қажет. Қарсы көрсетімдері: өнімнің құрамдас бөліктерін жеке көтере алмау. Қолдану алдында дәрігермен кеңесу қажет. Қалқанша бездің ауруларына шалдыққан әйелдерге эндокринолог-дәрігермен кеңесу қажет. Өндіруші: «Eagle Nutritionals, Inc», 111 Commerce Road, Carlstadt, NJ 07072, USA (АҚШ).

www.vitrum-plus.kz                 RU.77.99.11.003.E.003856.08.17 31.08.2017ж.

ББҚ. ДӘРІНІҢ ҚАТАРЫНА ЖАТПАЙДЫ. ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСУ ҚАЖЕТ.

Тұтынушылардың шағым-талаптарын қабылдауға өкілетті ұйым:«Такеда Қазақстан» ЖШС, Алматы қ., Шашкин к-сі, 44, тел.: +7(727) 244-40-04, e-mail: DSO-KZ@takeda.com.