Микронутриенттердің ана денсаулығын сақтаудағы және нәрестенің патологиялық жағдайларының алдын алудағы рөлі

М.ғ.д., проф. Е.В. ШИХ

«И.М. Сеченов атындағы Алғашқы Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті» МББМ ЖЖБ клиникалық фармакология және ішкі сырқаттар пропедевтикасы кафедрасы (РҒА меңг. — акад. В.Г. Кукес) 

Role of micronutrients in the maintenance of maternal health and in the prevention of neonatal abnormalities

E.V. SHIKH

Department of Clinical Pharmacology and Internal Propedeutics, I.M. Sechenov First Moscow State Medical University

Жүктілік ағымын әрдайым қауіпсіз етуге тырысады, соның ішінде, түрлі дәрілік препараттардың көмегімен. Ана мен баланың денсаулығын сақтауға арналған алуан түрлі профилактикалық іс-шаралардың қоры, соның ішінде, микронутриентті профилактика жеткіліксіз түрде пайдаланылады. Жүктіліктің І-ші триместрінде дәрумен мен микроэлементтердің тапшылығы жатырішілік даму бұзылыстарына, тіпті нәрестенің қайтыс болуына әкеп соғуы мүмкін. Жүктіліктің ІІ және ІІІ-ші триместрлерінде дәрумен-минералдық мәртебесінің өзгерістері жатырішілік дамудың айқын ауытқуларын тудырмайды, алайда, мүшелер мен жүйелердің құрылымы мен қызметтерінің қалыптасуы бұзылуы мүмкін. Микронутриенттердің тапшылығы жүктілік ағымының асқынуларымен және нәресте денсаулығы жағдайының нашарлауымен байланысты. Жүктілік кезінде йодтың, темірдің, мырыштың, фолий қышқылының, А, С, Е антиоксидант дәрумендерінің барабар тұтынылуын қамтамасыз ету қажет. Жүктілік бойы саплементация стратегиясын – дәрумен-минералдық кешендерінің профилактикалық тағайындалуын (Витрум Пренатал Форте) қолдану анада микронутриенттер жеткіліксіздігінің күйін түзетуге және нәрестелердегі микронутриенттердің тапшылығымен шартталған патологиялық жағдайлардың пайда болуын алдын алуға мүмкіндік береді.

Негізгі сөздер: дәрумендер, микроэлементтер, барабар қолдану, жүктілік, микронутриенттердің тапшылығы, профилактика.

An attempt is made to protect pregnancy with drugs. The resource of diverse preventive measures to maintain maternal and child health, including micronutrient prevention, is underutilized. In the first trimester of pregnancy, the deficiency of vitamins and trace elements give rises to fetal developmental disorders and even death. In the second and third trimesters, vitamin and mineral changes cause no evident intrauterine developmental abnormalities; however, these may disrupt the structure and func- tion of organs and systems. Micronutrient deficiency is associated with pregnancy complications and neonatal health worsen- ing. Adequate intake of iodine, iron, zinc, folic acid, and antioxidant vitamins A, C, and E should be ensured during pregnancy. The application of a supplementation strategy, such as the preventive use of vitamin-mineral complexes (Vitrum Prenatal Forte) throughout pregnancy, makes it possible to correct maternal micronutrient deficiency and to prevent neonatal abnormalities caused by micronutrient deficiency.

Key words: vitamins, trace elements, adequate intake, pregnancy, micronutrient deficiency, prevention.

Жүктілік кезінде дәрігер мен әйелдің өзі дәрігердің нұсқауынсыз, жиі түрде көптеген дәрілік препараттардың көмегімен болашақ ана мен сәбидің денсаулығын максималды түрде қамтамасыз етуге тырысады.

1987-1988 жж. ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының (ДДҰ) ұранымен орындалған кең зерттеулердің бірі 22 әлем елдерінен 14 778 жүкті әйелдер арасында қолданылатын препараттардың орташа саны 2,9-ды құрағандығын көрсетті (1-ден бастап 15-ке дейін). 2004-2007 жж. ішнде Ресейде Теңіз жағалауындағы өңірде жүргізілген фармакоэпидемиологиялық зерттеу орташа есеппен әрбір жүкті әйелдің 3 дәрілік затты қабылдайтынын көрсетті (1-ден бастап 14-ке дейін). Қабылданатын препараттардың арасынан кейбірлеулері көп компонентті болды. Дәрілік заттар атауларының жалпы саны 2078-ді құрады. Полипрагмазия 85% жағдайда байқалды [9].

Екінші жағынан, ана мен баланың денсаулығын сақтауға арналған алуан түрлі профилактикалық іс-шаралардың қоры, соның ішінде, микронутриенттік профилактикаға арналған қор пайдаланылмаған болып қалады. Болашақ ананың үйлестірілген, теңдестірілген тамақтану мәселелеріне бүкіл 

әлемде мұқият зейін бөлінеді. Соңғы жылдардағы отандық және шетелдік зерттеулерде жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерде микронутриенттердің тапшылығы ана мен бала денсаулығына шынайы қауіп төндіреді, шала туу, сәбилер сырқаттанушылығы мен өлім-жітімі тәуекелін, балалардың жүйке-психикалық және дене дамуы бұзылыстарын арттырады. РМҒА Тамақтану ҒЗИ, Ф.Ф. Эрисман атындағы Федералды ғылыми гигиена орталығының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта РФ-нда барлық дәрумендермен барабар қамтамасыз етілген жүкті әйелдер жоқ: В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі тексерілгендердің 20—100%-нда, С дәруменінің —13—50%-нда, каротиноидтардың — 25—94%-нда; полигиповитаминоздар 70—80%-нда байқалады [3].

Жүкті әйелдерде микронутриенттер тапшылығының салдары 

Жүктіліктің І-ші триместрінде дәрумендер мен микроэлементтердің тапшылығы қалыпты жатырішілік даму бұзылыстарына, тіпті нәрестенің қайтыс болуына әкеп соға алады. Жүктіліктің ІІ және ІІІ-ші триместрлерінде дәрумен-минералдық мәртебесінің өзгеруі жатырішілік дамудың белгілі ауытқуларын тудырмайды, 

© Е.В. Ших, 2014 e-mail: noomma@gmail.com

Жүктілік кезінде микронутриенттерді қолдану жетіспеушілігінің салдары 

Макро және/немесе микроэлементтер

I психомоторлық дамудың кідірісі, туа біткен меңіреулік, қалқанша безінің патологиясы, керең-мылқаулық, түйілу сал ауруы, туа біткен микседема

Mg, Ca, Cu, Zn Күтпеген түсіктер, әйелдердегі босанудан кейінгі өлім-жітім, нәрестенің гипотрофиясы, жатырішілік даму кідірісі 

Cu Перинаталдық өлім-жітім тәуекелі

Fe, Zn, Mn, Cu Анемия

Zn Туа біткен иммун тапшылығы, spina bifida, хромосомалық ауытқулар, бұзылыстар немесе ауыстырып қондырудың жоқтығы,  нәрестенің өлімі, микро- және анофтальмия, синдактилия,  жүйке түтікшесі қалыптасуының ақаулары, көкет және құрсақ жарығы, қаңқа ауытқулары, иммундық және психикалық қызметтердің бұзылуы, нәрестелерде тыныстық  дистресс синдромы, өсуде кешеуілдеу, анемия

Mn Хондродистрофия, майысқан (қисық) ұзын сүйектер, күмбез тәріздес қаңқа, отолиттердің болмауы, атаксия, құрыстауға бейімділік 

Fe, Mg Шала туған балалардың тууы 

Se Туа біткен иммун тапшылығы, балалар өлімі, босанушы әйелде кардиомиопатия, қалқанша безінің патологиясы, гематоэнцефалиттік тосқауылдың қалыптасуының бұзылуы, нәресте миында уытты металдардың кумуляциясы 

Mg, Ca Бала жолдасының кальцификаттары, жатырішілік жұқпа

Ni Босанудан кейінгі атониялық қан кету қаупі 

Дәрумендер

Рибофлавин (В2) Нәрестенің аяқ-қолының даму ауытқулары, қатты таңдайдың ыдырауы Пиридоксин (В6) Ұстамалы синдромның пайда болуының жоғары ықтималдылығы 

А дәрумені Қатты таңдайдың ыдырауы және/немесе анэнцефалия

Фолий қышқылы (В9) Жүрек-қантамыр жүйесінің, көру мүшелерінің даму кемістіктері (микро- және анофтальмия, катаракта), жүйке жүйесінің қалыптасуындағы ауытқулар 

Аскорбин қышқылы (С) Жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтату 

мүшелер мен жүйелер құрылымы және қызметінің қалыптасуы бұзылуы мүмкін (жүрек-қантамыр, жүйке, эндокриндік, ас қорыту).

Рибофлавин жетіспеушілігі нәрестенің аяқ-қолының даму ауытқуларын, қатты таңдайдың ыдырауын; А дәруменінің жетіспеушілігі – қатты таңдайдың ыдырауын және анэнцефалияны; фолий қышқылының жетіспеушілігі – жүрек-қантамыр жүйесінің, көру мүшелерінің даму кемістіктерін (микро- және анофтальмия, катаракта) тудыратыны белгіленген фактілер болып табылады; С дәруменінің жетіспеушілігі жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғуы мүмкін [6].

Кальций, магний, мыс пен мырыштың жетіспеуі күтпеген түсіктердің туындау қаупін, сонымен қатар, әйелдердің босанудан кейінгі өлім-жітімін арттырады; нәрестенің туа біткен кемтарлығына, нәрестенің ағза көлемінің кішіреюіне, жатыр ішіндегі дамудың кідірісіне әкеп соғуы мүмкін. Тәжірибелік жағынан никельдің жетіспеушілігі босанудан кейінгі атониялық қан кетудің пайда болу қаупін жоғарылатады. Ана ағзасында темір, мырыш, мыс, марганец деңгейінің төмендеуі анемия патогенезінде жетекші рөлге ие (кестені қараңыз).

Бірқатар зертеушілердің мәліметтері бойынша ана ағзасында темір мен магний құрамының азаюы шала туған балалардың туу жиілігімен арақатынас орнатады. Бірқатар зерттеулер селеннің туа біткен иммун тапшылығын қалыптастыруда, бала өлім-жітімі ықтималдылығының артуында, кардиомиопатия мен жүкті әйелде қалқанша безі патологиясының қалыптастыруында рөлін көрсетті. Ана ағзасында селеннің жетіспеушілігі гематоэнцефалиттік тосқауылдың, нәресте миында металл кумуляциясының қалыптасуындағы бұзылыстарға әкеп соғуы мүмкін [1, 13, 14].

Жүктілік бойы дәрумен-минералдық кешендерді профилактикалық тағайындау анадағы микронутриенттер жетіспеушілігінің жағдайларын түзетіңкіреуге және нәрестелерде тапшылығымен шартталған бұзылыстардың пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Ана мен нәрестенің патологиялық жағдайларын алдын алуда микронутриенттердің рөлі 

Еліміздің аумағында соңғы жылдары мамандар жүкті әйелдерде қалқанша безі сырқаттарның едәуір жоғарылауын байқайды [8].

Жүкті және бала емізетін әйелдер йодқа жоғарылатылған қажеттілігі болғандықтан, йод тапшылығы күйлерінің пайда болуының жоғарылатылған қауіп тобына жатады. Жүктілік кезінде йодтың жетіспеуі алқым ісуінің қалыптасуына және кейіннен қалқанша безі қызметінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Әйелдердің 50%-нан астамында босанудан кейін алқымның ісуі қайта дамуға ұшырамайды. Бұл бір жағынан ерлермен салыстырғанда, әйелдерде қалқанша безі сырқаттарының жоғары жиілігін түсіндіреді [4].

Әйелдің жүктілік кезінде йодты барабар қолдануы тиреоидты бұзылыстарының алдын алудың сенімді шарасы және ұрық пен нәрестенің қалыпты дамуының қажетті шарты болып табылады.

Ана ағзасына келіп түсетін йод та нәрестенің қалқанша безі гормондарының синтезіне жұмсалады. Тиреоидты гормондарға барлық мүшелер мен тіндердегі биохимиялық реакциялардың жылдамдығы байланысты болады. Олар нәруыздық, майлы, көмірсутекті, су-электролиттік алмасуға, кейбір дәрумендердің алмасуына қатысады, басқа эндокриндік бездердің гармондарымен қарым-қатынасқа түседі. Тиреоидты гормондардың негізгі физиологиялық әсерлері нәруыздық синтезді, тіндердің өсуін, дамуы мен жетілуін ынталандыру,  оттектің тұтынылуын жоғарылату болып табылады. Тиреоциттердің өсуінің, жетілуі мен қызмет етуінің басты реттеушісі тиреотроптық гипофиз гормоны болып табылады.

Нәрестеде қалқанша безінің жасалуы жатырішілік дамудың 4-5-ші аптасында өтеді. 10—12-ші аптада без йодты  жинақтау және йодтиронинді синтездеу қабілеттілігіне ие болады, ал жүктіліктің 16—17-ші аптасында нәрестенің қалқанша безі  толықтай сараланған және белсенді қызмет етеді. Заманауи пікірлер бойынша бала жолдасы тиреоидты гормондар үшін жартылай өткізгіш, бала жолдасы арқылы йод оңай сіңеді.

Жүктіліктің ерте мерзімдерінен бастап йодтың жетіспеушілігін толықтыру нәрестенің туа біткен ауытқулары, эндемиялық меңіреулік (ақыл-ой кемтарлығы), гипотиреоз секілді сырқаттардың түзетілуіне және іс жүзінде ана, сондай-ақ, нәрестеде алқымның ісінуін жартылай ескертуге әкеп соғады.

Йод тапшылығы ұрықтылықтың төмендеу, өлі болып туу жиіліктерінің, дамудың туа біткен ақауларының артуына, перинаталдық өлім-жітім қаупінің жоғарылау себебі болуы мүмкін екендігі белгілі. Босанудан кейінгі кезеңде бала емізетін әйелдерде йод тапшылығы сүттің шығарылуының төмендеу себебі болуы мүмкін.

Өткен ғасырдың ортасына дейін қалқанша безі патологиясының эндемиялық түрлері йодтың монотапшылығымен шартталған деп есептелген. Осыдан йодтың монопрепараттарын қолдану жеткілікті және тиімді болып табылатындығы көрінеді. Биохимия, микроэлементтердің молекулалы фармакологиясы бойынша іргелі зерттеулер жүкті әйелдердің йод тапшылықты жағдайларының алдын алу мен емдеуде йод метаболизмінің басқа микронутриенттердің метаболизмімен үздіксіз байланысын назардан шығармаған жөн екендігін көрсетті.

Адам ағзасындағы трийодтиронин (Т3) гормоны құрамында селен бар ферменттердің белсенді қатысуы кезінде түзіледі. Селен тапшылығы осы ферменттер белсенділігінің төмендеуіне әкеп соғады және йод тапшылығының салдарын ушықтырады [2, 26]. Темір тапшылығы гемтәуелді тирео- пероксидаза белсенділігін төмендету арқылы тиреоидты гормондардың синтезін азайтады. Сондықтан теміртапшылықты анемия (ТТА) йод препараттарының йод тапшылықты сырқаттардан емдеу мен алдын алудағы тиімділігін төмендетеді [30].

Йод тапшылығы басқа микронутриенттермен төмен қамтылу аясында жиі түрде байқалғандықтан, микронутриенттердің бірлескен тапшылығы жағдайды монокомпоненттік препараттармен емдеу және алдын алу тиімділігін төмендете отыра, бір-бірінің теріс әсерлерін күшейтуі мүмкін. Селен мен темірден басқа, йодтың биологиялық әсерін анықтауға қажетті басқа да синергистер бар: бұл А дәрумені және цианокобаламин мен фолаттар және D дәрумені мен В6 дәрумені [27]. Бұл деректер йодты жүктілік кезінде дәл дәрумен-минералдық кешен құрамында профилактикалық қолдану мақсаттылығын растайды. Осындай кешендерге құрамында йод пен оның синергистері, соның ішінде, темір мен селен бар  Витрум Пренатал Форте дәрілік препараты жатады.

Жүктілік кезінде ТТА алдын алуды жүргізген кезде келесіні қамтитын ДДҰ қағидаттарын басшылыққа алу қажет: барлық әйелдер жүктілік басталғаннан (гестацияның 12-14 аптасынан кеш емес) және босану алдында тәулігіне 60 мг элементарлы  темірді алуы қажет. Жүкті әйелдерде темір препараттарымен кертартпалыққа негізделген алдын алу 1968 жылдан бастап бар. Оның тиімділігі туралы мәліметтер қарама-қайшы, алайда, ол дәстүрлі диета әйелдерді темірдің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етпейтін елдерде абсолютті түрде қажет. Бірқатар еуропа елдерінде жүкті әйелдердің барлығында ІІ-ші және ІІІ-ші триместрлерде кертпартпалыққа негізделген профилактикаға негізделеді. 

Тиімді әзірленген дәрумен-минералдық кешендердің жүктілік бойы ТТА кертартпалыққа негізделген профилактикасын жүргізуге арналған оңтайлы құрал болып табылатындығын атап кеткен жөн [7].

Бірқатар зерттеушілер мырыш пен темірдің жүкті әйелдердегі анемияның алдын алу мен емдеуде аддитивті әсерге ие екендігін растаған.

АҚШ-нда жүргізілген зерттеулер мырышты темір және фолий қышқылымен үйлестіріп енгізу тек темір мен фолий қышқылы бар үйлесімділікті алған емделушілермен салыстырғанда, емделушілердің қан плазмасындағы гемоглобин деңгейінің аса жылдам және айқын жоғарылауына әкеп соғатындығын көрсетті. Осы жұмыстың авторлары темірдің, мырыштың, фолий қышқылы мен В тобындағы дәрумендердің метаболизмдік деңгейдегі аддитивті әсерінің барына бірқатар дәлелдерді келтіреді. АҚШ ғалымдары құрамында мырыш, темір мен фолий қышқылы бар дәрумен-минералдық кешендерді профилактикалық пайдалану жүкті әйелдерде анемияның пайда болу қаупін 2 есе төмендетеді деп есептейді [24].

Мырыш бойынша тапшылықты диетаны пайдаланумен жүкті егеуқұйрықтардан алынған эксперименталды мәліметтер мырыш тапшылығының эмбрионды жасушалардың шамадан тыс өліміне әкеп соғатындығын көрсетті. Осы тәжірибеде мырыш тапшылығына жүйке қырлары жасушаларының тым сезімтал екендігін көрсетті.

Мырыш метаболизмінің бұзылыстары, тапшылығы секілді, жүктілік уақытында білінетін және ұрық пен нәрестенің өсуіне әсер ететін күрделі салдарға ие болуы мүмкін. Ана ағзасында мырыштың құрамы ұрықтың өсуіне және туу кезінде нәрестенің дене салмағына тікелей әсер етуі мүмкін. Мырыштың біркелкі жетіспеушілігі босану және босану қызметінде асқынулармен ассоциацияланады, бұл өз кезегінде жүктіліктің жағымсыз нәтижесіне әкеп соғуы мүмкін. Онымен қоса, ана ағзасында мырыштың құрамы жүктілік кезінде балалардың нәрестелік жасындағы сырқаттанушылық деңгейіне әсер етеді.

Бірқатар зерттеулерде [15] мырыштың жетіспеушілігі босану күшінің әлсіздігі, босанудан кейінгі қан кетулер, күтпеген түсіктер секілді жүктілік пен босанулар асқынуларының туындауымен ассоциацияланады. Мырыштың жетіспеушілігі тератогенді болып, ұрықтың жүйке түтікшелері ақауларының пайда болуын тудыруы мүмкін. Жүктілік кезінде мырыш алған аналардан туған нәрестелерде Апгар межелігі бойынша туу кезінде аса жоғары баға байқалды.

Жүктілік кезінде мырышты қабылдау абдоминалды босануды жүргізуге арналған көрсетімдердің туындау жиілігін төмендететін маңызды профилактикалық фактор болып табылатындығы анықталған [20]. Тәсілдеме ықтималдылығын пайдаланумен, ағзада мырыштың құрамын анықтау қиындығына қарамастан, әлемде жүкті әйелдердің 82%-ға жуығы мырыштың жетіспеушілігіне шалдыққандығы анықталды. Осыған орай, жүктілік кезінде құрамында мырышы бар дәрумен-минералдық кешендерді пайдалану мақсатты болып табылады [24].

Ресейде жүйке түтікшесі ақауларын (ЖТА) анықтау жиілігі шамамен 0,5%-ды құрайды; жыл сайын осы диагнозбен 300-ге дейінгі нәресте қайтыс болады, бұл жалпы балалар өлім-жітімінің құрылымында шамамен 2%-ды құрайды [13]. Фолаттардың барабар келіп түсуі ДНҚ және РНҚ синтезі үшін қажетті болып табылады. ЖТА  анэнцефалиямен немесе омыртқа жотасының ыдырауымен (spina bifida) сипатталатын, туа біткен, кейде пешенеге жазылған болып табылады. 

Ақаулар гестацияның 21-27 күнінде пайда болады. Бұл әйелдердің көпшілігінің өзінің жүктілігі туралы білмейтін кезең [10].

Рандомизацияланған зерттеу нәтижелері бала бітуге дейін бір ай бойы және бала біткен соң, 1 ай ішінде алуан түрлі толыққанды тамақтану аясында әйелдердің фолий қышқылын қосымша қолданған кезде ЖТА қалыптасу жағдайларының бақылаудың 60—100%-нда қысқаруын көрсетті.

Фолаттық тапшылықтың едәуір статистикалық жағынан асқынулары ретінде тұжырым алды алдын алу мәселелерінде заманауи ресей медицинасы Еуроодақ елдерінде осындайларға ешбір жол бермейді. Алғашқы алдын алу тиімділігі бала біткенге дейін фолий қышқылын қабылдаған жұптарда көпжылдық бақылау қорытындылары бойынша ұрықтың ЖТА жиілігі аталған кемістіктер тобының таралымдылығымен салыстырғанда, 3 есе төмендейтіндігін көрсетті.

Фолий қышқылы  бала жолдасының тамырлы арнасын қалыптастыруға тікелей қатысады. Осы саладағы ангиогенездің бұзылуы преэклампсия және ұрық-бала жолдасының жеткіліксіздігі патогенезімен, соның ішінде, ұрықтың өсу кідірісімен және антенаталды өлімімен ассоциацияланған [29].

Фолий қышқылын барабар пайдалану туа біткен кемістіктердің басқа түрлерін, соның ішінде, жүрек кемістіктері мен аяқ-қолдарының соңына дейін дамымауын болдырмауға көмектеседі. Онымен қоса, жүктілік кезінде фолий қышқылын пайдаланудың төмен деңгейі мерзімінен бұрын босанулардың аса жоғары жиілігімен және туу кезінде балалардың төмен дене салмағымен ассоциацияланады. Соңғы уақытта қанда гомоцистеиннің аса жоғары құрамы функционалды фолаттық жетіспеушіліктің индикаторы болып табылады және түсік тастаудың аса жоғары тәуекелімен және эклампсия мен бала жолдасының мерзімінен бұрын ажырап кетуі секілді жүктілік асқынуларымен байланысады деп есептеледі [30].

Фолий қышқылының тапшылығы жүкті әйелдерде күретамырлы қысымның көтерілуі патогенезінің аса қолайсыз буындарының жүзеге асырылуына – тұтас ангиопатияға, микротромбоздарға, инсулин резистенттіліктің артуына әкеп соғады [13, 30].

Осылайша, жүктілік бойы, тіпті басқа ықтимал асқынулар тәуекелін төмендету мақсатында, жүйке түтікшесі жабылған соң, фолий қышқылын қосымша пайдалануды жалғастыруға негіз бар.

Антиоксидантты белсенділігі бар микронутриенттердің рөлі 

С, Е, А дәрумендері мен β-каротин кез келген жасушаның қалыпты тіршілігі үдерісінде үздіксіз түзілетін оттектің жоғары уытты түрлерінің алуан деңгейлеріндегі әсерсіздендіру есебінен ферментативті емес антиоксидантты қорғанысты қамтамасыз етеді. Сырқаттардың басым мөлшері кезінде оттектің уытты түрлерінің саны кенеттен арта бастайды. Бұл ретте антиоксиданттардың әсер ету нүктелері алуан түрлі.

Бірқатар клиникаалды зерттеулерде егеуқұйрықтар ұрығының дұрыс дамуына арналған таптырмас құрамбөлік ретінде Е дәруменінің рөлі көрсетілген. Әдебиетте Е дәруменінің сіңірілуіне байланысты жағдайлардың тышқандарда эмбриондық өлім-жітімнің едәуір статистикалық артуына әкеп соғатындығын растайтын эксперименталды зертеулердің нәтижелері сипатталған [25].

Жүктіліктің патологиялық ағымы кезінде қанда α-токоферолдың концентрациясы тиісті гестациялық мерзімдегі жүктіліктің физиологиялық ағымы кезінде төмен екендігі анықталды [28].

Преэклампсия және эклампсия патогенезінде оксидантты күйзелістің рөлі талқыланады. Сондықтан да антиоксидантты әлеуеті бар дәрумендер тәуекел тобындағы жүкті әйелдерде оі терапевтік мәніне ие болуы мүмкін. Е және С антиоксидант дәрумендерін преэклампсияның жоғары тәуекелі бар әйелдерге ерте тағайындау оң клиникалық әсерге ие. Преэклампсия пайда болуының жоғары қаупі бар, Е және С дәрумендерін қабылдаған 283 жүкті әйелден тұратын топта преэклампсияның пайда болу қаупі плацебо тобына қарағанда, 2 есе төмен болды. Осы зерттеуде эндотелий қызметінің жақсаруы, бала жолдасы әрекетсіздігінің айқындылық деңгейінің азаюы және изопростан концентрациясының төмендеуі дәрумендерді тағайындауға байланысты болғандығы анықталды [16, 17].

Отандық зерттеушілер де [5] преэклампсия және эпилепсия аясында дамып келе жатқан  преэклампсияның дәстүрлі терапиясының құрамында жүкті әйелдердің антиоксиданттарды пайдалануы тотықтырғыш күйзеліс қарқындылығының төмендеуіне, осы патология кезінде радикалдарға қарсы қорғаныс механизмінің тұрақтандырылуына көмектесетіндігін, ұрықтың жатырішілік жағдайының және ана-бала жолдас-ұрық жүйесінде қанағымның клиникалық жағынан едәуір жақсаруымен ілесетіндігін көрсетті. 

Ресей Федерациясында преэклампсия қан кетулерге, сепсистік асқынуларға және экстрагениталды сырқаттардан болатын өлім-жітімдерге кезең-кезеңмен жол бере отыра, ана өлім-жітімінің құрылымында алғашқы үш орындардың бірін иелетіндігін атап кеткен жөн.

Аскорбин қышқылының иммунтүрлендіруші белсенділігін растайтын бірқатар іргелі зерттеулер бар. Аскорбин қышқылы лимфоциттер мөлшерін, хемотаксисты және ондағы нейтрофилды лейкоцитер белсенділігін жоғарылатады, интероферон өнімдерін арттырады, макрофагтарды ынталандырады, олардың оттектің жоғары белсенді түрлері мен қосылыстарын өндіруін күшейтеді. Эксперименттер күніне 500 мг-нан бастап 3 мг-ға дейінгі дозалау кезінде аскорбин қышқылы лимфоциттердің вирустардың сыртқы агрессиясына жауап ретіндегі бөлінуін жылдамдататынын көрсетті. Сондай-ақ, бірқатар эксперименталды зерттеулерде еркін радикалдардың көмегімен жұқпа тасымалдаушыларды жоюға қатысатын нейтрофилдерде шоғырланатындығын көрсетті, бұл ретте құрамында аскорбин қышқылы бар нейтрофилдердің өзі еркін радикалдардың зақымдаушы әсерінен қорғалған.

Е дәрумені иммунынталандырушы әсерге ие: иммунды жауап барысында иммунқұзыретті жасушаларды белсенді етуге арналған белгінің берілуін күшейтеді. Көбінесе, лимфоциттердің CD4+, ИЛ-2 және интерферондарды өңдеуге арналған белгілерді күшейтеді.  Ол бауыр мен қанда төмен молекулалы қосылыстар мен ағза нәруыздары арасындағы байланыстардың түзілуін ескертеді (мысалы, иондаушы сәулеленудің әсері кезінде). Осының нәтижесінде иммунды кешендердің іріленуі және зақымдаушы молекулалардың түзілуі тежеледі. Осындай әсер токоферолдың антиоксидантты ерекшеліктерімен шартталған. Иммунтапшылығы кезінде Е дәрумені Т- және В-лимфоциттердің еркін радикалдардың қатты әсерінен қорғалуына көмектеседі және осының салдарынан, иммунды жүйенің беосенділігін қалыптандырады [12, 23].

Е дәруменін қабылдаған адамдар арасында жұқпалармен сырқаттанушылық 30%-ға төмен екендігін көрсететін деректер бар.

Токоферолдың оны С және А дәрумендерімен үйлестірген кезде фармакодинамикалық әсерлерінің синергизмінің болуы белгілі факт болып табылады. А дәрумені жұқпаның еніп кету жолында табиғи тосқауыл ретінде қызмет ететін иммунды (қорғаныс) жасушаларының қалыптасуын, тыныс жолдарының және асқазан-ішек жолының төселуін қамтамасыз етеді. А дәрумені токоферол секілді антиоксидант ерекшеліктерін көрсетуге қабілетті. Ол ісікке қарсы, вирусқа қарсы қорғанысты, аутоиммунды және иммунтапшылықты күйлерге төзімділікті қамтамасыз ететін, Т-лимфоциттер мен макрофагтардың жасушаға уыты қызметтерін белсенді ете отыра, иммунитеттің жеткілікті мөлшердегі тиімді ынталандырғышы болып табылады. Department of Ophthalmology, Johns Hopkins University School of Medicine (АҚШ) мәліметі бойынша [19] жануарларға жүргізілген тәжірибелер А дәрумені мен ретиноидтардың иммунитетті қалыптастыруда басты рөлдердің біріне ие екендігін көрсетеді.

Клиникалық зерттеулер А дәруменін қабылдау қызылша тәріздес, пневмония қызылшасымен байланысты жұқпалы іш өту, иммунтапшылық вирусын және малярияны жұқт ыруға байланысты түрлі жұқпалы аурулар кезінде сырқаттанушылықтың және өлім-жітімнің төменеуіне әкеп соққандығын көрсетті. Жұқпалы сырқаттардан зардап шегетін емделушілердің иммунды реакциялары А дәруменін қосымша қабылдаған кезде едәуір өзгереді. Өзгерістер диапазоны жұқпа түріне және қандай иммунды реакциялардың іске қосылғандығына байланысты болады [21].

Селен микроэлементі де антиоксидантты белсенділікке ие. Селеннің шала туған балалардағы респираторлық сырқаттар санына әсерін зерттеу бойынша көпорталықты зерттеу Жаңа Зеландияда өткізілді. Дене массасы 1,5 келіге дейінгі өмір сүруінің алғашқы аптасынан бастап алғашқы етеккірге дейінгі 534 қыз тексерілді. Селенді сәби жасында парентералдық түрде күніне  7 мкг/кг дозасында немесе ересек жасында ауыз арқылы күніне 5 мг/кг тағайындады. Плацебо-топпен салыстырғанда, селенді қабылдаған топта қан плазмасында селен мен глютатионпероксидазасы құрамының артуы сипатталған. Бұл ретте ерте жаста селеннің төменгі құрамы мен вирустық респираторлық сырқаттардың салдарынан болатын өлімнің аса жоғары қаупі арасында корреляциялық тәуелділік байқалған [18].

Жоғарыда баяндалғанға негізделе отыра, арнайы емес иммунитетті белсенді қылу мақсатында құрамында дәрумендері мен минералдары бар кешендерді пайдалану жекелей құрамдастарды пайдаланғанға қарағанда, аса тиімді болуы қажет деп болжау логикалық жағынан дұрыс.

Әдебиетте жіті респираторлық вирустық жұқпалармен сырқаттану тәуекелін төмендету үшін дәрумен-минералдық кешендерді пайдалану тиімділігін растайтын жарияланымдар бар.

Францияда өткізілген көпорталықты SU.VI.MAX (SUpplementation en Vitamines et Mineraux AntiOxidant Studi) зерттеуі 12735 емделушіні 8 жыл бойы бақылауды қамтыды. 35-60 жас аралығындағы әйелдер және 45-60 жастағы ерлер тексерілді. Тексерілгендер күн сайын 100 мкг — селен, 20 мг – мырыш пен антиоксидантты дәрумендерді алды: С — 120 мг, Е — 30 мг, β-каротин — 6 мг (ұсынылған дозадан 100—300%). Микроэлементтерді дәрумендермен тағайындау ЖРС пен ЖРВЖ пайда болу қаупін төмендететінін көрсетті. 

Ұқсас нәтиже MIN.VIT.AOX көпорталықты зерттеуінен алынды [22].

Қазіргі уақытта әлемде микронутриенттер тапшылығының алдын алудың үш негізгі әдісі қолданылады: фортификация, азық-түліктік әртараптандыру және саплемента- ция.

Фортификация (ағ.тілінен fortification) — азық-түлік өнімдерінің жетіспейін құрамбөліктермен байытылуы. Әлемнің көптеген елдерінде үйлестірілген дәрумен-минералдық тапшылықтың алдын алу үшін бидай ұнының тиісті кешендермен міндетті түрдегі фортификациясы табысты түрде қолданылады; тұздың йодталуы, өсімдік майының А дәруменімен фортификациялануы және басқасы.

Азық-түліктік әртараптандыру (ағ.тілінен diversification — алуан түрлілігі, сұрыптаманың кеңеюі) — бұл тұрғындардың азық-түліктік әдеттерін өзгертуге бағытталған бағдарлама.

Аса жылдам нәтижені саплементация стратегиясы Наиболее быстрый результат приносит стратегия са- плементации (ағ.тілінен supplementation — қосымша, қосу) — дәрумен-минералдық кешендерді қолдану әкеледі. Дәл осы стратегияны тәуекел топтарында, әсіресе, басқа стратегиялар жұмыс істемегенде немесе толықтай жөнге салынбаған жағдайларда қолдану ұсынылады [11].

Профилактикалық мақсатта жүкті әйелдердің дәрумендерді қолданудың экономикалық жағынан мақсаттылығы туралы Дәрумендерді зерттеу орталығының мәліметтері растайды (Нью-Джерси, АҚШ). Зерттеуде туа біткен кемістіктердің пайда болу, полидәруменді препараттарды қабылдау кезінде шала туған балалардың туу және жүрек-қантамыр сырқаттарының туындау қаупін төмендету мүмкіндігі зерттелді. Нәтижелерді егжей-тегжейлі талдау жоғарыда көрсетілген медициналық мәселелерге байланысты денсаулық сақтау шығыстарының 40, 60 және сәйкесінше, 38%-ға сауатты дәрумендік түзетілумен азайтылуы мүмкін [10].

Германияда қазіргі уақытта бала туатын жастағы барлық әйелдердің барабар дәруменделуін көздейтін мемлекеттік бағдарламаны қабылдау қажеттілігі туралы мәселе кеңінен талқыланады.

АҚШ-нда National Guideline Clearing house ведомствосының ұранымен орталық интернет-қорында Ұлттық ұсынымдар орталығының ақпараты орналастырылған. Сайтта түрлі әлем елдерінен 278 қоғамдық медициналық ұйым тіркелген. Дәрумендерді қолдану мен жүктілік асқынуларының алдын алуға қатысты нұсқаулар АҚШ, Финляндия, Канада, Сингапурдың медициналық ұйымдары қалыптастырған 71 ұсынымдар пакетін қамтиды. Мақұлданған ұсынымдарға шолу жасау дәрумендер мен микроэлементтерді ауыз арқылы қабылдау анемияның, босанудан кейінгі қан кетудің, басқа жағдайлардың алдын алу үшін ұсынылған және жалпы алғанда, дені сау жүкті әйелдерге арналған босануға дейінгі көмектің жалпылай мақұлданған стандартты құрамбөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта Ресей өмірлік маңызы бар микронутриенттерді қабылдау жөніндегі соңғы орындардың бірін иеленеді. Жаппай тексерулер ресейліктердің рационында дәрумендердің (А, В, С, Е топтары), микроэлементтердің (темір, кальций, йод, селен) тұрғындардың едәуір бөлігінде аса күшейетін тапшылығы туралы растайды. Туған жағдай саплементация бағдарламаларының – дәрумен-минералдық кешендердің қабылдануының кеңінен қолданылуын қажетті етеді, оған қоса, АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметтері бойынша  дәрумендік алдын алуға салынған бірлік емдеу мен жәрдемақыларға арналған 3 шығыс бірлігін қысқартады. 

Фармацевтикалық нарықта көптеген дәрумен-минералдық кешендер бар, ерекше назарға ана мен баланың ағзасын қорғауға арналған – фолий қышқылын, йодты, темірді, антиоксиданттардың толық кешені, барлық қажетті дәрумендер мен микроэлементтерді қамтитын Витрум Пренатал Форте дәрілік препараты ие. 

ӘДЕБИЕТ

  1. Блинков И.Л, Стародубцев А.К., Сулейманов С.Ш., Ших Е.В. Микроэлементы: Краткая клиническая энциклопедия. Ха- баровск 2004.
  2. Громова О.А., Торшин И.Ю, Кошелева Н.Г. Молекулярные си- нергисты йода: Новые подходы к эффективной профилакти- ке и терапии йод-дефицитных заболеваний у беременных. Рус мед журн 2011; 1: 51—58.
  3. Давидюк В.И. К вопросу о витаминной обеспеченности бе- ременных женщин. Оптимальное питание — здоровье на- ции. Всероссийский конгресс, 8-й: Материалы. М 2005.
  4. Зайдиева З.С., Якунина Н.А., Прозоров В.В. Лечение и профи- лактика дефицита йода во время беременности. РМЖ 2008; 19: 1218—1221.

5, Иванова Т.А. Окислительный стресс и антирадикальная за- щита при беременности, осложненной преэклампсией и эпилепсией: Автореф. дис. … канд. мед. наук. М 2012.

  1. Коденцова В.М., Вржесинская О.А., Лукоянова О.Л. Витами- ны в питании кормящей женщины и ее ребенка. Гинеколо- гия 2002; 4: 4: 20—23.
  2. Коноводова Е.Н., Бурлев В.А., Тютюнник В.Л., Якунина Н.А. Латентный дефицит железа у беременных. Рос вестн акуш- гин 2012; 12: 2: 41—46.
  3. Рациональная фармакотерапия заболеваний эндокринной системы и нарушений обмена веществ: Руководство для практических врачей. Под ред. И.И. Дедова, Г.А. Мельни- ченко. М 2006; 150—241.
  4. Радзинский В.Е., Тотчиев Г.Ф. Полипрагмазия при лечении беременных женщин. Фарматека 2011; 13: 226: 10—11.
  5. Тютюнник В.Л., Якунина Н.А., Щетинина Н.С. Профилакти- ка гиповитаминоза в акушерской практике. РМЖ 2006; 14: 18: 15—20.
  6. Шарманов Т.Ш., Смагулова И.Е., Балгимбеков Ш.А. Профи- лактика дефицита важнейших микронутриентов у женщин репродуктивного возраста и детей. Здоровье и болезнь 2009; 2: 11—14.
  7. Ших Е.В. Витамины с антиоксидантными свойствами в про- филактике и лечении острых респираторных инфекций у детей. Вопр соврем педиатр 2013; 12: 4: 142—146.
  8. Ших Е.В., Ильенко Л.И. Клинико-фармакологические аспек- ты применения витаминно-минеральных комплексов у жен- щин в период беременности. М: Медпрактика 2007.
  9. Aggett Р.А. The process for the assessment of scientific support for claims on food. Eur J Nutr 2009; 3: 12: 1443—1445.
  10. Bencaiova G., von Mandach U., Zimmermann R. Iron prophylaxis in pregnancy: intravenous route versus oral route. Eur J Obstet Gynec Reprod Biol 2009; 144: 2: 135—139.
  11. Chappell L.C., Seed P.T., Briley A.L., Kelly F.J., Lee R., Hunt B.J., Parmar K., Bewley S.J., Shennan A.H., Steer P.J., Poston L. Effect of antioxidants on the occurrence of pre-eclampsia in women at increased risk: a randomised trial. Lancet 1999; 354: 810—816.
  1. Darlow B.A., Winterborn C.C., Inder T.E., Graham P.J., Harding J.E., Weston P.J. The effect of selenium supplementation on outcome in very low birth weight infants: a randomized controlled trial. The New Zealnd Neonatal Study Group. J Pediatr 2009; 136: 4: 473—480.
  2. Girodon F., Galan P., Monget A.L., Boutron-Runault M.S., Brunet- Lecomte P. Im-pact of trace elements and vitamin supplementation on immunity and infection in instituonalized elderly patients: a randomised controlled trial. MIN.VIT.AOX. geriatric network. Arch Intern Med 1998; 159: 7: 748—754.
  3. Gose Villar. Nutrition during pregnancy-current aspects. J Nutrit 2009; 133: 1606—1625.
  4. Johnson M.A., Porter K.H. Micronutrient supplementation and infection in institutionalized elders. Nutr Res 2007; 55: 11: 400—404.
  5. Mario Roxas N.D., Julie Jurenka M.T. (ASCP) Colds and influenza: A Review of diagnosis and conventional, considerations. Alternat Med Rev 2007; 12: 1: 45—49.
  6. Pathak P., Kapil U. Role of trace elements zinc, copper, magnesium during pregnancy and its outcome. Indian J Pediatr 2009; 13: 71: 1003—1005.
  7. Regina Brigelius-Flohé, Frank J. Kelly, Jukka T. Salonen, Jiri Neuzil, Jean-Marc Zingg, Angelo Azzi. The European perspective on vitamin E: current knowledge and future research. Am J Clin Nutr 2010; 10: 76: 703—716.
  8. Toulis K.A., Anastasilakis A.D., Tzellos T.G., Goulis D.G., Kouvelas

D. Selenium supplementation in the treatment of Hashimoto’s thyroiditis: a systematic review and a metaanalysis. Thyroid 2010; 20: 10: 1163—1173.

  1. Triggiani V., Tafaro E., Giagulli V.A., Sabba C., Resta F., Licchelli B., Guastamacchia E. Role of iodine, selenium and other micronutrients in thyroid function and disorders. Endocr Metabol Immun Dis Drug Targets 2009; 9: 3: 277—294.
  2. Von Mandach U., Huch R., Huch A. Maternal and cord serum vitamin E levels in normal and abnormal pregnancy. Int J Vitam Nutr Res 2009; 64: 26—32.
  3. Yan Y.Q., Chen Z.P., Yang X.M., Liu H., Zhang J.X., Zhong W., Yao W., Zhao J.K., Zhang Z.Z., Hua J.L., Li J.S., Yu X.Q., Wang F.R. Attention to the hiding iodine deficiency in pregnant and lactating women after universal salt iodization: A multi-community study in China. J Endocrinol Invest 2005; 28: 547—553.
  4. Zimmermann M.B., Kohrle J. The impact of iron and selenium deficiencies on iodine and thyroid metabolism: biochemistry and relevance to public health. Thyroid 2002; 12: 10: 867—878.
  5. Voutilainen S., Rissanen T.H., Virtanen J., Lakka T.A., Salonen J.T. Low dietary folate intake is as excess incidence of acute coronary events: The Kuopio Ischemic Heart Disease Risk Factor Study. Circulation 2011; 103: 22: 2674—2680.
  6. Ward M., McNulty H., Cuskelly G.J. Response of red blood cell folate to intervention: implications for folate recommendations for the prevention of neuronal tube defects. Am J Clin Nutr 2010; 71: 5 Suppl: 1308—1311.