«Бөпе Fair» отбасылық фестивалі

Достар!

1-2 маусым аралығында Алматы қаласында «Бөпе Fair» отбасылық фестивалі өтті. Бұл жыл сайын жазда Алматыда өтетін ойын-сауық танымдық фестивалі.

Фестивальдің негізгі мақсаты – отбасыны біріктіру, отбасы ішілік қатынастардың үйлесімділігі,отбасы институтының заманауи қоғамдағы рөлін арттыру, өскелең ұрпақтың аналық және әке мәдениетін дамыту.

«Такеда» компаниясы отбасылық құндылықтар идеясын белсенді түрде қолдады және фестивальға «Витрум Плюс» бүкіл отбасыға арналған дәрумен-минералдық кешені брендімен бірге қатысты.

Фестивальда отбасылық шаттық, мереке және демалыс рухы болды. Концерт, анимация және флешмобтары бар интерактивті шоу-бағдарламасы, ойындар, конкурстар, сыйлықтарды ойнату – осының барлығы отбасылық тимбилдингқа бағытталды.

Сонымен қатар, фестиваль кезінде дәрігерлердің, психологтардың, нумерологтардың, стилисттердің, дизайнерлер мен аспаздардың дәрістері мен шеберлік кластары өтті.

“Такеда” компаниясының атынан 2 спикер қатысты, олар аналармен салауатты өмір салты,балалардың иммунитетін нығайту жөніндегі ұсынымдарымен бөлісіп, барлық тілек білдірушілерге кеңес берді.

Селқос қарамай, «Такеда» компаниясының және «Витрум Плюс» брендінің амбассадорлары ретінде сөз сөйлеген Алматы қаласының барлық қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне рақмет.

Эксклюзивтік корпоративтік футболкалар мен кепкалардың көмегімен біздің үлкен «Такеда» отбасымыз фестивальдың қалған қатысушыларының арасында азарда болды.

Қосымшада іс-шараның фотоесебін қараңыз.

https://almaty.ppz.kz/ru/gallery/culture/semeynyy-festival-bope-fair-hawaii-2-06-2019/