БОСАНУДАН КЕЙІНГІ НЕЙРОАЛМАСУ-ЭНДОКРИНДІК СИНДРОМЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЕСКЕРТПЕЛІ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

УДК 618.6-084:616.833+616.43/.45

Н.В. Лазарева, О.В. Буханова,

«Самара мемлекеттік медициналық университеті» ФМБМ ЖЖБ

Наталья Владимировна Лазарева– e-mail: natalya-lazareva@mail.ru

Осы патологияның жоғары пайда болу қаупі бар 209 әйелде босанудан кейінгі нейроалмасу-эндокриндік синдромының кешенді ескертпелі профилактикасы үшін математикалық болжау моделі әзірленді, гальвандау тиімділігіне баға беріліп, магниттік-лазерлік терапия әдіснамасының тиімділігі зерттелді. Біз ұсынған модельдің тиімділігін растау сезімталдық, ерекшелік, оң және теріс болжамалы маңыздылық көрсеткіштерін есептеуге негізделген. Әсер етуін мойын тамырларына және битемпоралды әдіснама бойынша жүргізді. Магниттік-лазерлік терапияның босанудан кейінгі нейроалмасу-эндокриндік синдромының пайда болуын  50,6%-ға төмендететіндігі белгіленді. 

Негізгі сөздер: босанудан кейінгі нейроалмасу-эндокриндік синдромы, профилактика.

The mathematical model of forecasting is developed, the assessment of efficiency of galvanization is carried out and efficiency of a technique of magnetolaser therapy for prevention of a postnatal neyroobmenno endocrine syndrome at 209 women with high risk of development of this pathology is studied. Confirmation of the effectiveness of our proposed model is confirmed by the calculation of indicators of sensitivity, specificity, positive and negative predictive value. Influence was carried out on vessels of a neck and by a bitemporal technique. Established that magnetolaser therapy reduces development of a postnatal neyroobmenno-endocrine syndrome by 50,6%.

key words: рostnatal neyroobmenno-endocrine syndrome, prevention.

the problem of treatment, probiotics.

Заманауи клиникалық тәжірибеде акушер-гинекологтар көпжылауықты аналық бездер синдромы, босанудан кейінгі семіру, баланы емшек сүтімен емізуді аяқтаған соң, гиперпролактинемияның сақталуының, етеккір алды синдромының және т.б. қалыптасуы түріндегі  босанудан кейінгі нейроалмасу-эндокриндік синдромымен (БНАЭС) жиі кездеседі. Экотоксиканттар, техногенді факторлар, әйелдердегі ағзаның қорғаушы күштерінің әлсізденуі және шамадан тыс психоэмоционалды күйлер босану және босанудан кейінгі кезеңде асқынулардың өсуіне әкеп соғып, қалыпты өтетін жүктілік жиілігін төмендетеді [1, 2]. Сырқат патогенезінің негізінде рилизингті гормондарды [3] немесе рилизинг-факторларды [4] жасап шығаратын аралық ми бөлімінің нейрогормонды қызметінің бұзылуын қарастырады. Бұл гормондар ағзаның жүйке және эндокриндік жүйелерінің арасында байланыстырушы буын болып табылады. Көптеген әдебиетте осы патологияны дәрі-дәрмекпен және физиотерапиялық түрде емдеу егжей-тегжейлі сипатталған [3, 4]. Сол бір уақытта босанудан кейінгі нейроалмасу-эндокриндік синдромының пайда болуының профилактикасы бойынша жұмыстар шектеулі мөлшерде ұсынылған.

Қазіргі уақытта аралық ми бөлімінің қызметін қалыптандыру үшін жіті кезеңде [6] және ерте қалпына келтіру кезеңінде [7] ишемиялық инсультты емдеу кезінде ағзаның иммундық белсенділігін қалыптандыру [5] мақсатында лазер арқылы трансцеребрал сәулеленуді қолданады. Магниттік терапияның жаңа әдістерінің бірі транскранеалды магниттік ширықтыру болып табылады [8]. Мидың магниттік өріс әсеріне жауап ретінде қарқынды реакциясының аралық ми бөлігінде екендігі анықталған. Тіпті магниттік өрістермен бір мәрте қысқа уақытты әсерлер аралық ми бөлімінде гипофиздың барлық бөліктерінің қызметтік белсенділігінің жоғарылауымен, нейросекрет синтезінің күшеюіне әкеп соғады [8]. Магниттік өрісі бар лазердің синергистігі ғылыми түрде дәлелденген.

Жіті кезеңде ишемиялық инсультты емдеу кезінде Н.И. Самосюк [6] осы физикалық факторлардың ұйқы күретамырына әсер етуімен үйлесімдікте транскранеалды магниттік-лазерлік терапияны оң нәтижемен пайдаланады. 

Жүргізілген зерттеу мақсаты оны жүзеге асырудың тәуекелі жоғары әйелдерде БНАЭС профилактикасында магниттік-лазерлік терапияның тиімділігін зерттеу болды. Тәуекел топтарын біз әзірлеген математикалық модельдің негізінде анықтады.

Материалдар мен әдістер 

Профилактика тәсілдері бойынша үш топқа бөлінген, босанудан кейінгі нейроалмасу-эндокриндік синдромының пайда болу қаупі жоғары барлығы 209 емделуші тексерілді. Бірінші топта профилактикалық терапия жүргізілмеген 75 әйел адам болды. Екінші топқа төмен калориялы диетаны, полидәрумендер мен микроэлементтер кешенін (Пренатал витрум форте) тағайындаған 69 әйелді қосты. Физиошаралардан босанудан кейінгі 1, 3 және 6-шы айлары іштің төменгі бөлігіне мыс және мырыш сульфатының электрофорезін пайдаланды. Үшінші топты төмен калориялы диета және Пренатал витрум форте тағайындалған 65 әйел адам құрады. Электрофорездің орнына Н.И. Самосюк [6] пен бірлескен авторлықпен Ф.Е. Горбуновтың [7] өзгертілген әдіснамалары бойынша магниттік-лазерлік терапияны жүргізді. Магниттік-лазерлік терапияны жиілігі 1500 Гц, импульстегі қуаты 4 Вт лазердің импульсті сәулесімен «Милта-01» аппаратымен өткізді. Магниттік индукция көлемі  10 млТ құрады. Әсерін дәйектілікпен, жалпы ұйқы күретамырларының проекциясына және өрісіне 2 минуттан, бір күннен кейін битемпоралды орындады. Профилактикалық емнің жалпы курсы 12 шараны құрады. Босанудан кейінгі 1, 3 және 6-шы айларда барлығы үш курсты өткізді. Емделушілердің барлығы осы патология кезінде олардың өңірлік деңгейдегі түзетулерін ескере отыра, акушерлік, гинекология және перинатологиядағы (1999) Тексеру және емдеу көлемдерінің салалық стандарттарына сәйкес профилактика алдында және одан кейін клиникалық-зертханалық, аспаптық тексерулерден өтті. Жүргізілген тексерулердің нәтижесін өңдеу және сипаттау мақсатында сипаттамалық статистика және корреляциялық талдау әдістері қолданылды. Негізгі және бақылау топтарындағы мәліметтер арасындағы айырмашылықтың шынайылығы Стьюдент өлшемшартын есептеу негізінде анықталды.

Нәтижелер мен оларды талқылау

Профилактика тиімділігін аса маңызды клиникалық симптомдар мен арнайы зерттеу әдістерінің көрсеткіштері бойынша босанудан кейінгі 16 айдан соң бағалады. Босанудан кейінгі нейроалмасу-эндокриндік синдромына етеккір қызметінің бұзылуы тән. 1-суретте босанудан кейінгі 16 айдан соң, емделушілер тобында етеккір қызметінің бұзылу жиілігі көрсетілген. 

1-СУРЕТ. 

Зерттелетін топтарда етеккір қызметінің бұзылу жиілігі.

2-СУРЕТ. 

Бақыланатын топтардағы әйелдерде овуляция болмау жиілігі.

3-СУРЕТ.

Босанудан кейінгі 16 айдан соң, зерттелетін топтағы әйелдерде дене салмағының индексі

1-КЕСТЕ.

Әйелдерде босанудан кейінгі 18 айдан соң байқалған, аралық ми бұзылыстарының (АБ) интегралды көрсеткіштері 

                        Топ
Көрсеткіш

Іn =75ІІn =65ІІІn =69Р

M±m

M±m

M±m
Объективті анықталатын АБ (%)59,96±11,46*30,12±7,42 25,33±6,8825,33±6,88P1-2<0,05P1-3<0,01P2-3<0,05
Субъективті белгіленетін АБ (ұпайлар)3,64±0,19* 1,81±0,10 1,32±0,14P1-2<0,05P1-3<0,05P2-3<0,05

2-КЕСТЕ. 

Топтар бойынша орташа аналық бездерді және эндометрий қалыңдығын ультрадыбыстық зерттеу мәліметтері

ТопкөрсеткішI n=75II n=65III n=69
P
M±mM±mM±m
Объективті анықталатын АБ (%)
59,96±11,46*

30,12±7,42

25,33±6,88
P1-2<0,05P1-3<0,01



P2-3<0,05
Субъективті белгіленетін АБ (ұпайлар)
3,64±0,19*

1,81±0,10

1,32±0,14
P1-2<0,05P1-3<0,05



P2-3<0,05
Изображение выглядит как снимок экрана

Автоматически созданное описание

4-СУРЕТ.

Босанудан кейінгі 18 айында бақыланатын топ әйелдеріндегі БНАЭС жүзеге асыру жиілігі

Келтірілген диаграммадан профилактика жүргізілмеген топта босанудан кейін 16 айдан соң, етеккір қызметінің бұзылуы емделушілердің 92%-нда кездескендігі көрініп тұр. Екінші және үшінші топтарда шынайы аз бұзылулар болды (р0,01). Бұл ретте, кешенді емдеу электрофорезды пайдаланумен жүргізілген топта етеккір қызметінің бұзылуы 56,9% жағдайда, ал магниттік-лазерлік әсерді пайдаланумен – бақылаулардың 47,8%-нда (р0,01) болды. Ал егер де магниттік-лазерлік терапия мен электрофорезді салыстырсақ, онда ІІІ-ші топта етеккір қызметінің бұзылуы шынайы кем болды (р0,05). Бұл магниттік-лазерлік терапияның тиімділігін растайды. 

БНАЭС маңызды симптомы овуляцияның болмауы болып табылады. Әйелдердің бақыланатын топтарында осы көрсеткіштің бағасын босанудан кейінгі 14-16-шы айда үш етеккір циклі ішінде іске асырды. Овуляция фактісінің қорытынды көрсетілуін клиникалық мәліметтер талдауы мен етеккір циклінің екінші сатысында алынған, қанның жыныс гормондарының көрсеткіштерінің негізінде жүргізді. Алынған мәліметтер 2-ші суретте келтірілген.

Диаграммадан көріп тұрғанымыздай, овуляция болмауының ең көп пайызы профилактикалық терапия жүргізілмеген емделушілер тобында болды. Кешенді профилактиканы магнитік-лазерлік терапияны қолданумен тағайындаған топта ол 1-ші және 2-ші топтармен салыстырғанда, шынайы сирек кездесті (р1-3≤0,01; р2-3≤0,05).

Семіру симптомын G. Brey ұсынған әдіснама бойынша дене салмағының индексін (ДСИ) есептеу арқылы анықтады. Ол үшін келідегі дене салмағының көлемін квадратқа келтірілген емделушінің бой көрсеткішіне бөлді.  26-30 аралығындағы индекс метаболизмдік бұзылыстардың пайда болуының аздаған ықтималдылығы, 30-дан артық – орташа дәрежесі туралы, ал 40-тан артық – жоғары тәуекел дәрежесі туралы куә болады. Топтарда тексерілген емделушілерден алынған мәліметтер 3-суретте көрсетілген.

Келтірілген суретте көрсетіліп тұрғандай, БНАЭС профилактикасы жүргізілмеген топта метаболизмдік бұзылыстардың пайда болу ықтималдылығының орташа дәрежесі, ал 2 және 3-ші топтарда – төмен дәрежесі орын алған. Бұл ретте, кешенді профилактикасы электофорезді пайдаланумен жүргізілген топта ДСИ 28-ге тең болды, ал магниттік-лазерлік профилактикасы бар топта 25,3-ті құрады. Зерттелетін мәліметтердің статистикалық маңыздылығын бағалау кезінде (Стьюдент өлшемшартын пайдаланумен) І-шінің ІІ және ІІІ-ші топтардағы көрсеткіштерінің едәуір айырмашылығы белгіленді (p<0,05). 

Аралық ми бұзушылықтары субъективті симптомдар мен тексерудің объективті мәліметтерінің негізінде анықтады. Субъективті симптомдарға бастың ауыруын, ұйқының бұзылуын, қомағайлықты, шөлдей беруді, көңіл-күйдің құлазуын жатқызды. Көрсеткіштерді бағалауды бес ұпайлық межелік бойынша жүргізді. Егер де шағымдар болмағанда, көрсеткіш 0-ге тең болды, сирек орын алды – 1 ұпай, бар, бірақ мазаламайды – 2 ұпай, бар, алайда, тұрақты мазаламайды  – 3 ұпай, симптомдар жеткілікті түрде айқын – 4 ұпай, симптомдар өте айқын – 5 ұпай.  

Объективті симптомдардан: дене температурасын, қанның артериялық қысымын, тәулігіне бөлінген және ішкен сұйықтықтың көлемін өлшеді, Щербак, Олдрич сынамасын жүргізу. 1-кестеде босанудан кейін 18 айдан соң, әйелдерде байқалған аралық ми бұзылыстарының интегралды көрсеткіштері суреттелген.

1-ші топтың 2-ші және 3-ші топтармен барлық талданатын көрсеткіштерінің статистикалық маңызы бар айырмашылығы белгіленді (р<0,05). 1-кестеде көріп тұрғанымыздай, аралық ми бұзылыстарының субъективті және объективті симптомдары бойынша тексерілген әйелдердің топтары арасында айырмашылық орын алған. Олар профилактикалық ем алмаған әйелдерде шынайы жоғары және магниттік-лазерлік әсерді пайдаланумен кешенді ем алған емделушілерде шынайы төмен болды.

Топтар бойынша орташа аналық бездердің және эндометрий қалыңдығының ультрадыбыстық зерттеу мәліметтері 2-кестеде келтірілген.

Келтірілген кестеден көріп тұрғанымыздай, аналық бездің ең үлкен көлемі БНАЭС профилактикасы жүргізілмеген емделушілер тобында болды. Топ бойынша орташа  23,3±2,99 мм3 құрады. 2-ші және 3-ші топтарда ол шынайы түрде төмен болды. Ұқсас өсім эндометрий қалыңдығының көрсеткіштерінде де анықталды.

Босанудан кейінгі 18 айдан соң, босанудан кейінгі нейроалмасу-эндокриндік синдромының пайда болу жиілігін  4-сурет көрсетеді.

Диаграммадан көріп тұрғанымыздай, БНАЭС жүзеге асуының жоғары деңгейі бар әйелдерде босанудан кейінгі 18 айдан соң, ол бірінші топтағы емделушілердің 97,3%*-нда пайда болды. Мыс және мырыш сульфатының электрофорезін пайдаланумен кешенді профилактика бұл пайызды 58,5-ке дейін шынайы төмендетті. Профилактиканы магниттік-лазерлік терапиямен жүргізген 3-ші топта ол 50,6%-ды құрады. Босанудан кейінгі 18 айдан соң, босанудан кейінгі нейроалмасу-эндокриндік синдромының профилактикасы үшін магниттік-лазерлік терапияның жоғары тиімділігі статистикалық жағынан шынайы (p<0,01).

Жүргізілген есеп модельді пайдалану тиімділігінің жоғарғы параметрлерін анықтады. Есептеуіш техникасы болған кезде есептеудің қарапайымдылығы мен жылдамдығы уақыттың қысқа аралығы ішінде әйелді жоғары немесе төмен тәуекел тобына жатқызуға және оған профилактикалық іс-шаралар кешені бойынша ұсынымдарды ұсынуға мүмкіндік береді.

Біз жүргізген зерттеу БНАЭС пайда болуын ескертуге бағытталған әйелдерді жүргізу алгоритмін құруға мүмкіндік берді. Босанудан кейін біз құрған математикалық модельдің негізінде, профилактикалық іс-шаралар кешенін кейінгі жүргізумен, әйелді тиісті тәуекел тобына жатқызуға мүмкіндік беретін болжамалы коэффициент анықталады.

Қорытынды

Осылайша, магниттік-лазерлік терапияны пайдалану босанудан кейінгі кезеңде БНАЭС жүзеге асырылу жиілігін 1/3-ге төмендетуге мүмкіндік береді (18 ай бақылауға дейін).

Аса айқын әсер магниттік-лазерлік терапияны етеккір циклінің гормондық емес емі ретінде қолданылатын дәстүрлі іс-шаралармен үйлесімдікте белгіленеді.

ӘДЕБИЕТ

  1. Руководство по эндокринной гинекологии / под ред. Е.М. Вихляевой. М.: ООО «Медицинское информационное агентство». 1998. 768 с.

Rykovodstvo po e’ndokrinologia / pod red. E. M. Vihliaevoi. M.: OOO

«Medicinskoe informacionnoe agenstvo». 1998. 768 s.

  1. Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология: Руководство для врачей. М.: «Медицина», 2000. 544 с.

Smetnik V.P., Tumilovich L.G. Neoperativnaj gynecology: Rukovodstvo dla vrachej. M.: «Medicine», 2000. 544 s.

  1. Серов В.Н., Прилепская В.Н., Пшеничникова Т.Н. с соавт. Гинекологичес- кая эндокринология. М.: Медицина,1993. 499 с.

Serov V.N., Prilepskaya V.N., Pshenichnikova T.N. s soavt. Gynecologicheskaj e’ndocrinologij. M.: Meditsina,1993. 499 s.

  1. Дамиров М.М. Лазерные, криогенные и радиоволновые технологии в ги- некологии. М.: ООО «БИНОМ-Пресс», 2004. 176 с.

Damirov M.M. Lasernye, cryogennye I  radiovolnovye technologii v gynecology. M.: OOO «Binom-Press», 2004. 176 s.

  1. Зубкова С.М. Физиологические основы регуляции иммунной активно- сти при лазеротерапии. Физиотерапия, бальнеология и реабилитация. 2006.

№ 2. С. 3-10.

Zubkov S.M. Physiologicheskie  osnovy regylyacii immynnoy aktivnosti pri lazeroterapii. Рhysiotherapya, bal’neologya  i reabilitaciya. 2006. № 2. S. 3-10.

  1. Самосюк Н.И. Магнитолазерная терапия ишемического инсульта в остром периоде. Вопросы курортологии физиотерапии и лечебной физической куль- туры. 2003. № 3. С. 19-20.

Samosyuk N.I. Magnitolazernya terapia ishemicheskogo insyk’ta v ostrom periode. Voprosy kyrortologii  physiotherapii i lechebnoj fizicheskoj kyl’tyry. 2003. № 3. S. 19-20.

  1. Лазарева Н.В., Портянникова Н.П., Пикалова М.В. Методы коррекции климактерического синдрома. Российский вестник акушера-гинеколога. 2011. № 6. Т. 11. С. 71-75.

Lazareva N.V., Portjnnikova N.P., Pikalova M.V. Metody korrekcii klimaktericheskogo sindroma. Rossijskij vestnik akyshera-ginekologa. 2011.

№ 6. Т. 11. S. 71-75.

  1. Буренок Ю.А., Корабань И.Н., Матяш М.Н.и др. Применение магнитных полей и магнитолазерной терапии в неврологической практике. Физиотера- пия, бальнеология и реабилитация. 2005. № 3. С. 33-38.

Burenok YU.A., Koraban’ I.N., Matyash M.N. i dr. Primenenie magnetnyh poley i magnetolasernoj terapii v neurologicheskoj prartike. Physiotherapya, balneologya i reabilitacya. 2005. № 3. S. 33-38.