АТОПИЯМЕН АУЫРАТЫНДАРДЫ ДӘРУМЕНДЕРМЕН ЕМДЕУ: ТӘУЕКЕЛ, ӘЛДЕ УӘЖДІ ҚАЖЕТТІЛІК ПЕ?

©Авторлар ұжымы, 2003    

О.А. Субботина, М.А. Субботина, С.А. Саламатова, М.Ю. Танасева

РМҒА БДҒО И.М. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы

Эпидемиологиялық зерттеулердің авторлары соңғы 10 жыл бүкіл әлемде аллергиялық сырқаттар санының артуы туралы бұдан да көп деректер келтіруде. Сырқаттанушылықтың артуына тек соңғы онжылдық ішінде әрбір ел нұсқайды. Жиі-жиі атопиялық сырқаттардың артуын тудыратын қоршаған ортадағы әлеуетті факторлардың бірі ретінде дәрумендер мен минералдық заттарға жұтаң диета қарастырылады. Жүкті және/немесе бала емізетін әйелдің диетасында дәрумендердің тапшылығы нәрестенің иммундық жүйесінің қатерлі өзгерістеріне әкеп соғатындығын және атопияның пайда болу қаупін арттыратындығын растайтын орынды аргументтер бар. Сонымен қатар, атопияны емдеу кезінде дәрумендерді пайдалану күнделікті тәжірибеде бұдан да көп қолданыс табуда.

Осыған орай, осы жұмыстың мақсаты – фармацевтикалық өнеркәсіпте ұсынылатын қай дәруменді препараттың атопиямен ауыратын адам үшін ең қолайлы, ал қандай дәруменді препараттарды аллергиялық сырқаттардың пайда болу қаупі кезінде ұсынуға болмайтындығын анықтау.

Зерттеу үшін аллергиялық сырқаттардың алуан түрлеріне шалдыққан және терінің тағамдық (15 бала), эпидермисті (11 бала), тозаңды (7 бала) аллергендерге сынамалары, сондай-ақ, ағзаның тағамдық, эпидермисті және тозаңды аллергендерге (6 бала) поливалентті сезімталдығы кезінде жалпы IgE жоғарғы деңгейінің аясында айқын клиникалық белгілері бар 39 бала (екі жыныста) іріктелді.

Тері сынамасын өткізу үшін И.И. Мечников атындағы «БИОМЕД» АООТ кәсіпорнында дайындалған стандартты аллергендерді және дәрумендердің жаңа ғана әзірленген ерітінділері қолданылды (А, аВ, С, РР тобы, фолий қышқылы, D). Глюкокортикостероидтер мен астимезолды 3 апта бұрын, қалған аллергияға қарсы препараттарды зерттеуден 7 күн бұрын қабылдануын тоқтатты.

Иммунологиялық зерттеулерді (жалпы IgE-антиденелер деңгейін анықтау) А.О. «Иммунотест» зертханасында иммуноферменттік талдаудың тура емес әдісімен жүргізді.

Сонымен қатар, ерекше диагностика мақсатында қолданылатын препараттарға прик-тесттің (prick-test) теріс нәтижелерін алған соң, дәрумендермен (жоғарыда аталғандардың барлығы) ауыз арқылы жүктеме сынамалары пайдаланылды.

Тексерілген 39 баланың ішінен Vitrum Junior (Unipharm, Inc. USA) шайнайтын таблеткаларына прик-тесттің нәтижелері емделушінің 2-нде (5,1%) ғана оң болды (гиперемия 4 мм және 5 мм), қалғандарында прик-тест пен ауыз арқылы арандату сынамаларының нәтижелері теріс болды, онымен қоса, аталған дәрумендерді кейін 6 ай ішінде пайдалану ешбір жанама әсер берген жоқ.

Балалардың зерттелетін тобында таңқурай дәмі бар Vitrum plus Junior (Unipharm, Inc.USA) көпіргіш таблеткалары 12 балада (30,8%) прик-тесттің оң нәтижесін берді. Арандату сынамаларын прик-тесттің теріс нәтижелері бар емделушілерге ғана өткізді — 27 (14,8%) баланың ішінен 4-нде таңқурай дәмі бар полидәрумендерге сынамалар оң болып, бір балада тері қышымасы, 3 емделушіде – қышыма мен терінің бөруі түрінде білінді.

Сары немесе сарғылт қабықтағы дәруменді формулалар 14 (35,9%) балада прик-тесттің оң нәтижесін берді. Аталған дәрумендерге оң арандату сынамалары аса жиі болды және біреуінде – есекжем, біреуінде – бет гиперемиясы, 4 балада – ұсақ папулалы бөртпелер түрінде емделушілердің 24%-нда (25-нен) кездесті.

Ағзаға дәрумендердің күн сайын келіп түсуі кез келген тірі жанның тіршілік етуі үшін қажетті. Дәрумендердің көпшілігін адам сырттан алуы қажет, себебі, оларды синтездей алмайды. D, K дәрумендері және биотин бұл қатарға жатпайды, шындығында бұл қабілеттілік жаңа туған сәбиде болмайды.

Толыққанды тамақтану маңыздылығы туралы көптеген зертханалық деректерге сүйене отыра, балауса жеміс пен көкөністерді қабылдауды азайту мен құрамында қаныққан майлы қышқылдардың көп саны бар майлы өнімдерді жоғары тұтынуға байланысты диетаны жаппай өзгерту атопиялық сырқаттардың өсіміне әкеп соғады деп болжайды.

Заманауи диеталардың баланың иммунитетін мінсіз дамыту талаптарына сәйкес келмеуі қалай қаралады? Бір жағынан, баланың диетасына ол бұрында тұтынбаған тағамдық өнімдер оңай келіп түседі, екінші жағынан, диетада дәрумендердің тапшылығы тыныс демікпесінің туындау жиілігіне және ағымына әсер етеді [3].

Үйлестірілген тағамның жыныстық жетілуге дейін баланың иммундық жүйесіне едәуір әсер ететіні ешкімде күмән тудырмайды. Қазіргі уақытта нәруыздардың ғана емес, сондай-ақ, дәрумендердің жетіспеушілігі жасушалық иммунитеттің қалыптасуына, комплемент жүйесінің, антиденелер секрециясының белсенділігіне, цитокиндердің синтезіне едәуір әсер ететіндігі анықталған. Иммундық жүйе жай-күйінің адам ағзасында дәрумендердің болуына тәуелділігі бар [3]

Біз қарастыратын дәрумендік препараттардың арасынан Vitrum Junior (Unipharm, Inc. USA) 4 жасқа дейінгі баланы D дәруменімен 50%-ға, ал 4 жастан асқан баланы — 100% қамтамасыз етеді. Бұл осы жаста аса маңызды, себебі, бала белсенділігі артқан сайын, жұқпалы аурулардың туындау қаупі де арта түседі.

Vitrum Junior баланың ағзасын өзінің ерекше атауын алған – антиоксиданттар деп аталатын дәрумендермен қамтамасыщ етеді, мысалы, А дәрумені — 100%, Е дәрумені — 150 (4 жасқа дейін) — 100% (4 жастан асқан), С дәрумені —375—500%, бұл ауру балалар үшін ерекше маңызды. Айқас зерттеулердің көп саны мысалы, құрамында антиоксиданттардың жеткілікті саны бар диетаның өкпе қызметіне оң әсерін тигізіп, бір уақытта тыныс жолдарының гиперребелсенділігінің пайда болуының алдын алады. Соңғы жылдар ішіндегі ғылыми зерттеулер ересек адамның диетасының құрамында Е дәруменінің жеткілікті мөлшері тыныс демікпесінің даму қаупін едәуір төмендететінін көрсетеді [2]. А дәруменінің жетіспеушілігі жасушалардың метаплазиясына және бактериялардың аса жоғары байланысуына әкеп соғып, тері және өкпе эпителийінің құрылымына қолайсыз әсерін тигізеді. Лимфоциттер санының азаюы жне олардың митогенге әсерінің төмендеуі жұқпаның дамуы үшін мінсіз жағдай болып табылады, әсіресе, терінің немесе тыныс жолдарның қолданыстағы аллергиялық зақымдану орындарында [4].

В тобындағы дәрумендердің жеткілікті санымен қамтамасыз етілуді ескермеу, мысалы В6 дәруменінің жетіспеушілігі жасушалық иммунитеттің, әсіресе, лимфоциттердің пролиферативті әсерінің бұзылуын тудырады [3]. Тіпті, В2 және В3 (ниацин) дәрумендерінің жетіспеушілігі кезінде пайда болатын, терінің экземалық өзгерістері атопияның клиникалық белгілеріне ұқсас [1]. Vitrum Junior дәрумендер кешені кез келген жастағы баланы В тобындағы дәрумендермен  100% қамтамасыз етуге қабілетті. Профилактикалық мақсатта дәрумендерді пайдалану өзекті болып қалғаны сонша, азық-түлік өнеркәсібі оны шығарылатын өнімдерге қосуда қолданады [5]. Мүмкін, баланың иммундық жүйесінің оңтайлы жағдайларын құру, сондай-ақ, аллергиялық сырқаттардың алдын алу және емдеу үшін төмен аллергиялық әлеуетке ие дәрумендік препараттарды тұрақты, күн сайынғы қабылдау туралы ойлану уақыты келіп жетті.

Кейбір емделушілер өте қиын жағдайда (илиакия), олар дәрумен көзі болып табылатын өнімдерді көтермейді. Көтере алмайтын өнімдердің жойылуы абсолютті түрде расталған және күмәнға жатпайды. Емделуші үшін антигендердің жемір жиыны бар өнімдерді тағайындау үлкен қауіппен байланыстырылған. Дәрігерлер әдеттегідей иммундық жауабын артық антигенді жүктемемен арандатпау үшін аллергиямен ауыратындарға кешенді дәрумендік препараттарды тағайындауға ұмтылмайды. Бір жағынан, олардікі дұрыс, алайда, екінші жағынан, осындай емделушілерде дәрумендердің тапшылығы туындайды.

Біз жүргізген зерттеулер аллергиялық әсерлер көбінесе дәрумендердің өзіне емес, ал олар байланысты қоспаларға туындайтындығын көрсетті, — бұл қабықтар, хош иістендіргіштер, бояғыштар. 

Әлбетте, осындай дәрумендерді тағайындау аллергиялық әсерлер туындауының белгілі бір тәуекеліне байланысты, алайда, бұл тәуекел аллергологияда (прик-тест нәтижесі кем дегенде, 5 мм) қабылданған барлық қағидалар бойынша жүргізілген тері және арандатушы ауыз арқылы қабылданатын сынамаларын алдын ала қолданған кезде және гипоаллергиялық дәрумендерді қолданғанда едәуір төмендеуі мүмкін. Осындай препараттарға Vitrum Junior-ды жатқызуға болады — атопиямен ауыратындардың 94,8%-нда препаратқа көндігу қабілеттілігі бар. Vitrum Junior-ға тері сынамаларының оң нәтижелері аллергиялық сырқаттарға шалдыққан емделушілердің бар-жоғы  5,2%-нда байқалды, бұған қоса, прик-тесттің теріс нәтижесі бар емделушілердегі арандату сынамалары 100% жағдайда теріс болды. Дәмдік қоспалары бар немесе қабықтағы дәрумендік препараттарға оң арандату сынамаларының жиілігі 9-дан бастап 24%-ға дейін ауытқиды (1 және 2-сурет). Демек, гипоаллергенді формуласы бар дәрумендерді тағайындау уәжді ғана емес, сондай-ақ, аллергиялық сырқаттарды кешенді емдеудің маңызды құрама бөлігі ретінде қажет.

Изображение выглядит как снимок экрана

Автоматически созданное описание

1-сурет. Атопияға шалдыққан балаларда прик-тест нәтижесі. Мұнда және 2-суретте: Vitrum Junior, 2 — Vitrum plus, 3 — қабықтағы дәрумендер, оң нәтижелер, теріс нәтижелер.

Изображение выглядит как снимок экрана

Автоматически созданное описание

2-сурет. Теріс тері сынамалары бар балаларда арандату сынамаларының нәтижелері.