Аллергиялық әсерлері бар балалардың дәрумендер және минералдар кешенін қолдануы

А.В. Ляпунов, И.И. Балаболкин, Н.В. Юхтина

                                                      Мәскеу, РМҒА БДҒО ММ Педиатрия ҒЗИ

Профилактикалық және емдік іс-шаралардың әзірленген кешеніне қарамастан, соңғы онжылдық ішінде байқалған, аллергиялық сырқаттардың таралымдылығы мен ауырлығының едәуір өсімі аллергиялық патологияның туындауына және күшеюіне көмектесетін факторлардың бұдан әрі ізденісін ұсынады. Қазіргі уақытта жүкті және емшек сүтімен емізетін әйелдердің рационында дәрумен мен минералдардың тапшылығы кезінде ерте жастағы балаларда оғаш сырқат қауіп-қатерінің жоғарылауы туралы мәліметтер жинақталған [1]. Ағзадағы дәрумендік теңгерімге жасушалық иммунитетінің, комплемент синтезінің, антиденелер мен түрлі цитокиндердің толыққандылығы байланысты. Мысалы, В6 дәруменінің (пиридоксин) жетіспеуі лимфоциттер пролиферациясының бұзылуына, ал рибофлавин (В2) және ниацин (В3) секілді дәрумендердің жетіспеушілігі – терінің экземалық зақымдануларына әкеп соғады. Аллергиялық сырқаттардың патогенетикалық механизмдерінің бірі «оксидантты күйзеліс» болып табылады. Қазіргі уақытта аллергиялық сырқаттардың пайда болу және күшею қаупін төмендететін антиоксиданттардың бірі ретінде селенді қарастырады. Рационда Е дәруменінің толыққанды құрамы кезінде тыныс демікпесінің (ТД) пайда болу қаупін төмендету туралы мәліметтер бар [2]. 

Тағамдық аллергияның (ТА) болуы кейде баланың рационынан дәрумендер мен минералдарға бай көптеген өнімдердің мәжбүрлі жойылуына әкеп соғады. Рационнан жемістерді, сүт өнімдерін, жұмыртқаларды алып тастаған кезде дәрумендердің тапшылығы аса жиі кездеседі. Рационнан сүт өнімдерін алып тастау A, D дәрумендері мен кальцийдің жеткілікті мөлшерде келіп түспеуіне әкеп соғады. Рационда соңғысының тапшылығы ағымы ауыр ТД шалдыққан балаларда және оған қоса, остеопороздың жоғарылатылған қаупінің салдарынан тыныстық  глюкокортикостероидтарды алатын балаларда аса орынсыз. Кальцийді дұрыс сіңіру үшін дәрумен-минералдық кешеннен онда D дәрумені мен магнийдің барабар мөлшерінің болуы қажет.

Балық пен теңіз өнімдерінің жойылуы йодпен қанағаттанарлықсыз қамтамасыз етілу үшін алғышарттарды тудырады. Қазіргі уақытта елде жыл сайын экологиялық жағдайдың нашарлауы туралы көптеген хабарламаларға қарамастан, йодтық профилактика бойынша жоспарлы іс-шаралар жоқ. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, йодтың барабар мөлшері кіші жастағы балалардың толыққанды психомоторлық және дене дамуы үшін қажет. Йодтың сіңірілуіне рационда кальцийдің, мырыштың, мыстың, темірдің, А, С және Е дәрумендерінің оңтайлы құрамы көмектеседі. 

Дәнді өнімдерді ТД науқастанғандардың рационынан алып тастау ағзаның В тобындағы дәрумендермен, Е дәруменімен және селенмен, ал цитрустық және басқа да жарқын боялған жемістер мен көкөністердің жойылуы – β-каротинмен және С дәруменімен қамтылғандығын төмендетеді [3]. 1-3 жас аралығындағы балалардың көпшілігі тиамин, ниацин, темір, кальций және йодтың жеткілікті мөлшерін алмайды [4]. Аспаздық өңдеу ерекшеліктері, мысалы, көкөністерді жібіту және/немесе термиялық өңдеу де олардың тағамдық құндылығын төмендетеді. Осыған орай, ТД шалдыққан балаларға дәрумендер мен минералдардың жетіспейтін мөлшерін барабар өтеу мәселесі жіті тұр.

Кіші жастағы балаларда темір тапшылығының (ТТ) таралымдылығы 30%-дан бастап 60%-ға дейін түрленеді. Клиникалық жағынан ТТ иммундық жүйе, көбінесе, Т-киллер белсенділігінің төмендеуімен білінуі мүмкін [5]. Рационнан кез келген ет түрлерін шығару ағзада сөзсіз ТТ-на әкеп соғады. Өз кезегінде, қарын-ішек аллергиясы ТТ-мен шартталған эпителиопатия салдарынан, ішек дисбиозының, сондай-ақ, сіңірілуінің бұзылу синдромы есебінен қоректік темірдің сіңірілуінің төмендеуіне себепші  болады. ТТ дамуындағы маңызды рөлге сиыр сүті нәруызының әсерімен ішектің шырышты қабығы арқылы қанды аздап жоғалту ие.

Асқазан-ішек жолының аллергиялық патологиясына шалдыққан балаларда жиі бақыланатын, сіңірілудің бұзылуы мырыш секілді маңызды микроэлементтің тапшылығына әкеп соғуы мүмкін. Мырыш сүйек түзілу үдерісіне қатысады, сүйектің органикалық матриксына кіретін І-ші типтес коллагеннің синтезіне көмектеседі [6]. Мырышпен жеткілікті түрде қамтылу остеопороз қаупін төмендетеді, бұл әсіресе, ТД ауыр ағымына шалдыққан балаларда өзекті. Мырыш қатысқан кезде майлардың асқынтотығуын, сарысудағы лимфоциттер мен иммуноглобулинның абсолютті және салыстырмалы санын қалыптандыру өтеді. Клиникалық тәжірибе көрсеткендей, мырыштың жетіспеушілігі оғаш дерматиттің (ОД) аса ауыр ағымына әкеп соғады, сол уақытта тапшылықты жою сырқат бетінің қайтуына қол жеткізудің жылдамдауына көмектеседі. Мырыш тапшылығы кезінде иммундық жауаптың тегіс супрессивті түрі қалыптасады, асқазан мен 12 елі ішектің асқынған сырқаттарының таралымдылығы мен ауырлығы артады [7]. Ішекте сіңірілуінің бұзылуы, ОД мен остеопороз кезінде препараттарды қолданудың мақсаттылығы туралы пікір бар [6]. Еуропада жүргізілген зерттеулер жақсылап үйлестірілген және түрліше тамақтану кезінде ерте жастағы балаларда дәрумендердің көпшілік саны бойынша 20–30%-ға тапшылығы бар [8].

Осылайша, жоғарыда айтылғандардың барлығы аллергиялық патологиясы бар дәрумендік және минералдық кешендерді пайдалану қажеттілігі туралы растайды. Алайда, оларды қолдану педиатрлар мен аллергологтардың ұқсас препараттарға аллергиялық әсерлердің пайда болуына қауіптенуімен шектеледі, бұл белгілі бір жағдайларда орын алды. Аталған жағдайда аллергиясы бар балаларда дәрумен-минералдық кешендерді түрлі қолдануды тоқтату арқылы мәселені шешуден қашпай, гипоаллергенді, жақсы өткізілетін дәрілік нысандарды құрып, оларды пайдалану тәжірибесін жинаған дұрыс.

Біз аллергиялық сырқаттары бар кіші жастағы балаларда Витрум® Кидс дәрумен және минералдық кешенінің тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттедік. Оның құрамына майда еритін А, D, Е дәрумендері, В тобының барлық дәрумендері, С дәрумені, сондай-ақ, кальций, магний, фосфор, темір, мыс, мырыш, йод, марганец, селен және хром кіреді. Препаратты таңдау Витрум® Кидсте жоғарыда аталған барлық дәрумендердің, макро- және микроэлементтердің (кальций, D дәрумені, магний, мырыш, темір, йод және селен) болуымен анықталды, олардың барабар қамтылуы аллергиялық сырқаттары бар балаларда зор мәнге ие. Балаларда Витрум® Кидс кешенінің алдын ала зерттеулері аллергиялық патологиясы бар емделушілерде оны қолданған кезде аллергиялық әсерлердің жоқтығын көрсетті, бұл клиникалық және зертханалық әдістермен бағаланды (лейкоциттердің табиғи эмиграциясының тежелу тесті). Витрум® Кидс кешенінде тәттілендіргіштер ретінде ксилит пен аспартамның қолданылмағанын атап кеткен жөн, оларды пайдалану туралы пікірталастар жүруде, ал соңғысын ДДҰ 4 жасқа дейінгі балаларға тыйым салды. 

Витрум® Кидс препараты шайнайтын таблеткалар түрінде берілді.

Біз аллергиялық сырқаттары бар 50 баланы тексердік, олардың арасында 2-5 жас аралығындағы 25 емделуші және 5-8 жас аралығындағы 25 бала болды. 35 науқаста ТД анықталды: 9-нда – ауыр, 12-нде – орташа-ауыр, 14-нде – жеңіл ағымды; тағы 15 емделушіде ОД анықталды: 4 жағдайда орташа-ауыр және 11 жағдайда – жеңіл ағымды. Аллергиялық ринит ТД-мен тексерілгендердің 19-нда (54%) үйлестірілді. 35 емделушіде жүргізілген скарификациялық тері сынамаларының нәтижелері бойынша үй шаңына және үй шаңы кенелеріне сезімталдық 15 (42%), эпидермистік (мысық, ит, ор қоян, теңіз шошқасының терісіне) – 8 (14%), шаң – 11 (32%) жағдайда анықталды, көп валентті сезімталдық 13 (38%) балада тіркелді. Жалпы IgE орташа есеппен  211±58,2 МЕ/ мл құрай отыра, емделушілердің 36-нда (72%) жоғарылады.

Витрум® Кидс препараты 3 ай ішінде тәулігіне 1 таблетка дозасында барлық емделушілерде қолданылды. 

Препаратты қабылдамастан 1 ай бұрын және кешенді қолдануды аяқтаған соң, келесі зерттеулерді жүргізді: 1) жалпы қан талдауы; 2) АЛТ, АСТ, жалпы және тікелей билирубин, кальций, фосфор, темір, магний) деңгейлерін анықтаумен, қанның биохимиялық талдауы; 3) Қан сарысуындағы Ig G, A, M және жалпы IgE; 4) құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ.

Витрум® Кидс кешенін қолданбас бұрын барлық емделушілер негізгі сырқат бетінің қайту кезеңінде болды. Препаратты тағайындаудың негізгі көрсеткіштеріне жиі тыныстық сырқаттар, дене дамуының төмендетілген деңгейі, ОД бар балаларда мырыш жетіспеушілігінің клиникалық 

белгілері, аллергияның қарын-ішек белгілері, остеопороздың жоғарғы қаупі бар ТД ауыр ағымы, өнімдердің көп санын алып тастау аясында қатаң гипоаллергиялық диетаны сақтау жатқызылды.

Витрум® Кидсті қабылдау аяқталған соң, сарысуда темірдің бастапқы төмендетілген деңгейі бар 5  (10%) балада оның қалыптандырылуы байқалды. 

Емделушілердің барлық тобы бойынша кешенді қабылдау аяқталған соң, қанда кальций деңгейінің статистикалық жағынан шынайы өзгеруі байқалған жоқ, алайда, жекелей талдау оның концентрациясының 34 (68%) балада артқандығын көрсетті. 

Бұл кешеннің құрамына кіретін минералдардың сіңірілуі туралы жанама дәлелдеуі мүмкін. 

Витрум® Кидсті пайдалану кезеңі ішінде қанда фосфор, магний, жалпы және тікелей билирубин мен аминотрансфераза концентрациясының едәуір ауытқулары анықталған жоқ. Бала ата-аналарының сауалнамасы бойынша шаршаңқылықты төмендетуде, аппетит пен жалпы эмоциялық тонустың жоғарылауында білінген, емдеудің жақсы әсері емделушілердің 38-нде (76%) байқалды. Жекелей талдау шеткері қанда эозинофил мөлшерінің және  Витрум® Кидс қабылдау ішінде IgE концентрациясының едәуір өзгерістерін анықтаған жоқ. 

Құрсақ қуысының УДЗ препараттың ас қорыту мүшелеріне теріс әсерінің жоқтығы туралы дәлелдеді – ұйқы безі мен бауыр паренхимасының көлемі мен құрылымының шынайы өзгерістері анықталған жоқ.

Балалардың көпшілігінде Витрум® Кидсқа көндігу қабілеттілігі қанағаттанарлық болды. Тек баланың 2-нде препаратты қабылдауға денедегі гиперемиялық дақтар және тері қышуының күшеюі түріндегі тері белгілері байқалды.

Осылайша, аллергиялық сырқаттары бар 2-8 жас аралығындағы балаларда Витрум® Кидс препаратын қолдану балалардың жай-күйлерінің едәуір жақсаруына көмектесті. Баланың ата-анасы мен дәрігер жүргізген емнің тиімділігін бағалау бір-бірінен іс жүзінде ерекшеленген жоқ және препараттың айқын әсері туралы куә болды. 

Витрум® Кидс препаратына көндігу қабілеттілігі жақсы, препараттың қолданылуын тоқтатуды талап ететін жағымсыз құбылыстар болған жоқ. Препаратты қабылдаудың  3 айы ішінде зерттеуден бірде-бір бала шыққан жоқ. Витрум® Кидс препараты салдарының айқындылығы мен ұзақтығы бақылаудың 3 айлық кезеңін аяқтаған соң, бағаланатын болады.

Зерттеу нәтижелері 2-8 жас аралығындағы балаларда препараттың жақсы тиімділігі мен көндігу қабілеттілігін, сондай-ақ, аллергиялық сырқаттары бар кіші жастағы балаларда аталған полидәрумендік және минералды кешенін пайдалану келешегін көрсеті. Аллергиялық сырқаттары бар кіші жастағы балаларда Витрум® Кидс кешенін пайдалану мақсатты болып табылады.

Әдебиет тізімі   

  1. Субботина О.А., Субботина М.А., Саламатова С.А., Танасева М.Ю. // Педиатрия. – 2004. – №2. – С. 95–97.
  2. Hartert T.V., Stokes Peebles R. // Current Opinion in Allergy and Clinical Immunology. – 2001. – Vol. 1. – P. 421–429.
  3. Боровик Т.Э., Макарова С.Г., Балаболкин И.И., Юхтина Н.В. // Леч. врач. – 2004. – №3. – С. 22–27.
  4. Воронцов И.М., Батырев М.И., Батырева Т.Ф. и др. «Питание грудных детей – новые данные и современные под- ходы». – М., 1998. – С. 42–74.
  5. Коровина Н.А., Заплатников А.Л., Захарова И.Н. Железодефицитные анемии у детей. – Владимир, 1998. – 64 с.
  6. Щеплягина Л.А., Легонькова Т.И., Моисеева Т.Ю. // Рус. мед. журнал. – 2002. – Т. 10, №16. – С. 730–732.
  7. Федосеенко М.В., Шиляев P.P., Громова О.А. и др. // Вопр. совр. педиатрии. – 2003. – Т. 2, №6. – С. 67–71.
  8. Тутельян В.А. Витамины: 99 вопросов и ответов. – М., 2000. – 47 с.

«Педиатрия. Г.Н. Сперанский атындағы журнал» журналында алғаш рет жарияланды, №83 (5), 2004 ж., 81–83 бет.

СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ                 витрум кидс плюс әрдайым артықшылығы бар мықты ИММУНИТЕТ +        бала бақшаға ҮЙРЕНУ + үйлесімді дамуы

3-7 жастағы балаларға арналған

АҚШ-та жасалған             

сапаны жапониялық бақылау 

дәрумендер нарығында №1

күніне 1 таблетка

  • суық тию маусымында ИММУНИТЕТТІ НЫҒАЙТУҒА;
  • баланың денелік және ақыл-ойының ДҰРЫС ДАМУЫНА;
  • бала бақшаға үйрену кезеңінде АҒЗАНЫ ҚОЛДАУҒА;
  • маңызды дәрумендер мен минералдардың ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІН ТОЛЫҚТЫРУҒА арналған.

ВИТРУМ® КИДС ПЛЮСті қолдану тәсілі: 3-7 жас аралығындағы балаларға күніне шайналатын 1 таблеткадан, тағамға қосып қабылдау қажет. Қабылдау ұзақтығы 2-3 апта. Қажет болса, бір айдан кейін қабылдауды қайталауға болады. Қарсы көрсетімдері: өнімнің құрамбөліктерін жеке көтере алмау, көмірсу алмасуының бұзылуы. Қолдану алдында педиатр-дәрігермен кеңесу қажет. Қалқанша бездің аурулары бар балаларға эндокринолог-дәрігермен кеңесу қажет. Дайындаушы: «Eagle Nutritionals, Inc.», 111 Commerce Road, Carlstadt, NJ 07072, АҚШ.

www.vitrum-plus.kz

2017 жылғы 8 тамыздағы                                   RU.77.99.11.003.E.003511.08.17 

ББҚ. Дәрінің қатарына жатпайды. Қолдану алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу қажет.

Тұтынушылардың  шағым-талаптарын  қабылдауға өкілетті ұйым:  «Такеда Қазақстан» ЖШС, Алматы қ., Шашкин к-сі, 44, тел. (727) 2444004, E-mail: DSO-KZ@takeda.com